
Осы Материалдарды пайдалану туралы Келісім (бұдан әрі – Келісім) www.lifeinsurance.kz сайтының (бұдан әрі – Сайт) материалдары мен қызметтерін пайдалану шарттары мен ережелерін айқындайды. www.lifeinsurance.kz (бұдан әрі – Сайт)
1.1. Иеленуші мынадай міндеттемелерді өзіне алады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімді құқықтық ақпаратты Сайтта орналастыру;
2) орналастырылған ақпарат өзекті емес болған жағдайда, оны уақтылы өзгерту немесе алып тастау;
3) Сайт материалдарындағы техникалық ақауларды, дәлсіздіктер мен қателерді түзету;
4) Жеке деректерді пайдалану туралы келісімге сәйкес Пайдаланушының жеке деректерін қорғау шараларын жүзеге асыру;
5) Сайттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.
2.1. Пайдаланушы мынадай міндеттемелерді өзіне алады:
1) Сайт материалдарын пайдалану туралы осы Келісімді сақтау;
2) Сайт материалдарын заңсыз пайдалануға жол бермеу;
3) Сайтта тіркелу кезінде шынайы мәліметтер мен ақпаратты көрсету, жалған мәліметтерді және Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе халықаралық шарттарға қайшы келетін ақпаратты орналастырмау;
4) Сайтқа заңсыз қол жеткізуге бағытталған әрекеттерді, оның ішінде ақпаратты заңсыз алу, көшіру, тарату, бұрмалау, жою немесе бұғаттау, Сайттың қалыпты жұмысына кедергі келтіру әрекеттерін жасамау.
2.2. Пайдаланушы мынадай құқықтарға ие:
1) Сайт материалдарындағы техникалық ақаулар, қателер мен дәлсіздіктер туралы Иеленушіні хабардар ету.
3.1. Иеленуші Сайт қызметтерін «бар күйінде» ұсынады және ұсынылатын ақпараттың Пайдаланушы үмітіне сәйкес келмеуіне жауап бермейді.
3.2. Иеленуші Сайттың жұмысына байланысты ақаулар үшін жауапты емес.
3.4. Иеленуші Сайтты пайдалану барысында Пайдаланушы мен үшінші тұлғаларға келтірілген зиян, шығын, ақпараттың жоғалуы немесе өзге де залалдар үшін жауапты емес (ақылы қызметтер көрсетілген жағдайларды қоспағанда).
3.4. Қалған жағдайларда тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Иеленуші осы Келісімнің шарттарын біржақты тәртіппен, Пайдаланушыларға арнайы хабарлама жасамай-ақ өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Келісімнің жаңа редакциясы Сайтта орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді. Егер Пайдаланушы Келісімге енгізілген өзгерістермен келіспесе, ол Сайтты пайдалануды тоқтатуға міндетті.
Осы құжат Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 389-бабының 1-тармағына және 395-бабының 5-тармағына сәйкес жария оферта және қосылу шарты болып табылады. www.lifeinsurance.kz Сайтын пайдалана отырып, сіз жоғарыда келтірілген Ережелермен келісетініңізді растайсыз.