bs-preloader__icon
ru kz en

2019 жылы онлайн-сақтандыру нарығын не күтіп отыр?

Онлайн-сақтандырудың барлық жақсы жақтарын ескерсек те, ол халық арасында кеңінен таралуы үшін бірталай уақыт қажет болады. Сақтандырушылар онлайн-сақтандыру 2019 жылдан бастап қалай жұмыс жасайтындығы және автосақтандыру нарығында қандай өзгерістер пайда болғаны туралы баяндап берді. Бұл туралы kursiv.kz жазады.
2019 жылы онлайн-сақтандыру нарығын не күтіп отыр?

ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Көптен бері күтілген өзгерістердің бірі онлайн-полисті компаниялардың сайттары арқылы сатып алу болды. «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясының басқармасы төрағасы Олег Ханиннің сөзінше, онлайн-сақтандыру 2019 жылғы 1 қаңтарынан бастап енгізіледі, ол уақытқа дейін АҚИ АҚЖ МС шарттарының баспа нысаны қолданылады.

«Евразия» СК атқарушы директоры Шакир Иминов онлайн-полисін сатып алу процедурасы төмендегідей болады деп болжамдайды: клиент сақтандыру компаниясының сайтында нысанды толтырады, полистің құнын сақтандыру калькуляторы арқылы есептейді, өтінімді жібереді, сонымен қатар электрондық сақтандыру қағидаларымен танысады. Шарттың талаптарымен келіскеннен кейін клиент қызметті банк картасы арқылы төлейді. «Электрондық полисті табысты түрде ресімдеп, АҚИ МАҚЖ полисін сатып алғаннан кейін сақтандырушы клиенттің поштасына электрондық қолтаңбасы қойылған PDF форматында файлды жібереді. Яғни енді компанияның клиенті АҚИ МАҚЖ полисін сатып алған кезде, қағаз түрінде ешқандай құжатты алмайды, электрондық полис жүргізушінің жауапкершілігі толық сақтандырылғанды растайды», – деді Иминов мырза.

Келесі жылдың қаңтар айынан бастап сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша барлық шарттар электрондық нысанда жасалатынына қарамастан, ерікті сыныптар қағаз түрінде қалады. «Сақтандыру шартын онлайн режимінде жасасу бойынша талаптар міндетті сақтандрудың барлық тоғыз санатына таратылады, ерікті түрлері бойынша талаптар жоқ, бірақ сақтандыру компаниясында электронды сақтандыру шарттарын ұсыну құқығы бар», – деді Олег Ханин.

Amanat компаниясының мамандары сақтандырудың ерікті түрлері бойынша электрондық түрде жасауға болатын шарттардың түрлерін сақтандырушылар интернет-ресурсында орналасатын сақтандыру ережелері негізінде анықтайтын болады.

Бұл ретте міндетті түрлер бойынша бағасы көтерілмейді, оның үстіне электронды полисті сатып алған кезде сақтандырушы клиентке 10%-дан артық емес жеңілдік ұсынуға құқылы.

Сайттардың техникалық дайындығы

Қазіргі кезде компаниялар электрополисті ендіруге дайындалуда, ақпараттық жүйелерін дамытып жатыр, нақты айтқанда сақтанушының жеке кабинетін дайындап жатыр. Жеке кабинет арқылы клиент өзінің сақтандыру тарихын көре алады. Осы жаңалықтарды енгізуге кететін шығындарға келетін болсақ, олар аса үлкен болмайды.

«Ақпараттық платформалар мен бағдарламалық қамсыздандыру бұрынғыдай қалады. Өйткені сақтандыру шарты электрондық құжаттармен алмасу арқылы жасалады, олар құжатсыз түрде сақталады, бұл өзгерістер технологиялық және интеграциялық үрдістерге қатысты болады. Сонымен қатар сақтандыру компаниясы сақтандыру сыйлықақысын өзінің корпоративтік интернет-ресурсы арқылы төлеу мүмкіндігін ұсынуы тиіс», – деп Олег Ханин айтты.  

«Коммеск-Өмір» компаниясы бұл қызметпен негізінен ірі қалаларда пайдаланады деп есептейді. «Көптеген клиенттер кеңселерге барып сақтандырудың растауын алуды доғармайды – мұнда авиабилеттермен ұқсастықты көруге болады, яғни онлайн-сақтандырумен көпшілікпен қолданылуы үшін белгілі бір уақыт қажет. 2015 жылы Ресейде онлайн-сақтандыруды енгізген кезде, оны сақтандырылған автоиелерінің жалпы санынан тек 1% ғана пайдалана бастады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 20%-ға дейін өсті», – деп Олег Ханин қорытындылады.

Сондай-ақ «Еуразия» СК-да алғашқы кезде онлайн-сагмент бірден танымал болады деп күтпейді, өйткені ресімдеу барысында автоиелері техникалық жаңылуға тап болуы мүмкін. «Біздің ойымызша, осы жүйенің жетілдіруіне тағы бірнеше ай қажет. Шамамен үш-бес жылдан кейін біз сатудың осы арнасында іргелі дамуды көре аламыз, деп ойлаймын», – деп Шакир Иминов қорытындылады.

Дереккөзі: https://www.kursiv.kz/news/finansy/cto-zdet-rynok-onlajn-strahovania-v-2019-godu/

Фотосуреттер ams-agency.com, kursiv.kz сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру секторының динамикасы туралануда
Өмірді сақтандыру секторының динамикасы туралануда

2022 жылғы ақпанда ӨСК сыйлықақылар түсімінің қ...

Сақтандырушылар сіздің тәуекеліңізді бағалау үшін нені қолданады
Сақтандырушылар сіздің тәуекеліңізді бағалау үшін нені қолданады

Сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін, сақтанд...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру