bs-preloader__icon
ru kz

ӨСК Standard Life акционерлік құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

«Standard Life» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 26-бабы 20-тармағына сәйкес, компанияның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетін акционерлер құрамындағы өзгерістер жөнінде хабарлайды.
ӨСК Standard Life акционерлік құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

Жасалған мәмілелер нәтижесінде акционер Тлек Әльжанов акционер Елена Жармұхановадан 177 722 акцияны (дауыс беретін акциялардың 9,99 %-ы) және акционер Дана Шестакованың иелігіндегі 88 950 акцияны (дауыс беретін акциялардың 5 %-ы) сатып алды.

Аталған мәмілелерден кейін Тлек Әльжановтың Компанияның жарғылық капиталындағы жиынтық үлесі 444 394 акцияны құрап, бұл дауыс беретін акциялардың 24,98 %-ына тең болды.

«Standard Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ 2007 жылдан бері Қазақстанның қаржы нарығында жұмыс істеп келеді. Компания активтер көлемі бойынша өмірді сақтандыру саласындағы сақтандырушылар арасында жетінші орында (≈ 48,6 млрд теңге) және реттеуші капитал көлемі бойынша сегізінші орында (≈ 8,5 млрд теңге). Fitch агенттігінің деректері бойынша, Standard Life өмірді сақтандыру нарығындағы барлық сақтандыру сыйлықақыларының шамамен 3,6 %-ын және нарық активтерінің 4,3 %-ын бақылайды.

Сурет ашық дереккөздерден алынған

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Айран несімен пайдалы
Айран несімен пайдалы

Айран - жұмсақ, қою консистенциясы және сергіт...

Өмірді сақтандыру жыл қорытындысы бойынша плюске шықты
Өмірді сақтандыру жыл қорытындысы бойынша плюске шықты

2023 жылы ӨСК жиналатын сыйлықақылардың өсімін ...

UL өнімі туралы
UL өнімі туралы

ULIP (Unit Linked Insurance Plan) — бұл өлімді сақтандырудың ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру