bs-preloader__icon
ru kz
✕

Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығында жаңа ойыншы жұмыс істей бастайды

ҚР Ұлттық банкі «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясына «Сентрас Коммеск Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ еншілес ұйымын құруға рұқсат берді. Бұл туралы Kapital.kz іскери ақпарат орталығының тілшісі хабарлайды.
Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығында жаңа ойыншы жұмыс істей бастайды

Сондай-ақ, Ұлттық банктің сайтында «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 245 қаулысымен «Коммеск-Өмір» Сақтандыру компаниясы» АҚ «Сентрас Коммеск Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандыру холдингі мәртебесін алуға келісім берілгені хабарланады.

«Коммеск-Өмір» Сақтандыру компаниясы» «Сентрас» тобына кіретінін атап өткеніміз жөн. Сақтандырушы 1991 жылдың 19 қарашасында құрылды.

«Сентрас» тобы 2003 жылы құрылды.  Топқа сондай-ақ «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы, «Сентрас Секьюритиз» брокерлік және басқарушы компаниясы, SOS Medical Assistance медициналық клиникалар желісі, сондай-ақ пай және акционерлік инвестициялық қорлар, жылжымайтын мүлік қорлары кіреді.

Дереккөзі: https://kapital.kz/finance/83837/na-rynke-poyavit-sya-yeshche-odna-strakhovaya-kompaniya.html

Фотосурет ашық дереккөздерінен берілді

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандырушылар нарықтағы жағдайды қайта бағалауда
Өмірді сақтандырушылар нарықтағы жағдайды қайта бағалауда

Өмірді сақтандыру нарығының көшбасшылары сал...

Австралияда Жаңа цифрлық бастама өмірді сақтандыруды жеңілдетеді
Австралияда Жаңа цифрлық бастама өмірді сақтандыруды жеңілдетеді

Енді өмірді сақтандыруды рәсімдеу оңайырақ бо...

Теңгенің құнсыздануында қалай ұтуға болады
Теңгенің құнсыздануында қалай ұтуға болады

Қазақстандықтар ұлттық валютаның құнсыздануы...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру