bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру туралы дақпырттарды жоямыз

«Өмірді сақтандыру қымбат тұрады» және «мен бұл туралы ойлау үшін тым жаспын» - өмірді сақтандыру туралы екі танымал, бірақ жалған түсінік, бұларды сақтандыру бойынша мамандар өте жиі кездестіреді.
Өмірді сақтандыру туралы дақпырттарды жоямыз

Өмірді сақтандыру туралы шешімді осы мәселені мұқият зерттегеннен кейін қабылдау ұсынылатындықтан, назарларыңызға 4 ең танымал дақпырттардың жиынын және оларды теріске шығаруды ұсынамыз.

Бірінші дақпырт: бұл туралы ойлау үшін, мен тым жаспын

Шын мәнінде өмірді сақтандыру полисін әсіресе жас кезде сатып алу тиімді, себебі ол кемел кезеңдегі адамдарға қарағанда арзанырақ. Оған қоса, жиі жас адамдарда жақындарына күтпеген жағдайда қаржылық қолдауды қамтамасыз ететін, әзірге қосымша жинақтары немесе қаржылық қауіпсіздігі жоқ.

Екінші дақпырт: өмірді сақтандыру қымбат тұрады

Көбісі өмірлерін жан тыныштығы үшін сақтандырып қояр еді, бірақ ол өте қымбат деп санайды. Алайда, негізінен адамдар сақтандыру компаниясынан білмей тұрып, алдын ала шығыстарды қайта бағалайды.

Сақтандырылушының жасы мен денсаулық жағдайына ғана емес, сонымен қатар сақтандыру сомасына да байланысты болғандықтан, сақтандыруға төлем мөлшеріне әсер етуге болады. Сіз неғұрлым көбірек соманы таңдасаңыз, соғұрлым өз жақындарыңызға көбірек қаржылай қауіпсіздікті қамтамасыз етесіз. Өмір салтына, қаржылық мүмкіндіктерге, балалардың, жұбайы/зайыбы, ата-ананың – қараудағы адамдардың қажеттіліктеріне байланысты сақтандыру сомасының мөлшерін жеке бағалау ұсынылады. Сонымен қатар, кредиттік міндеттемелердің көлемін ескеру қажет.

Үшінші дақпырт: барлығына өмірді сақтандыру қажет емес

Егер біз айтарлықтай қаражаты, жинақтары бар, ешқандай борышқорлық міндеттемелері мен асырауындағы адамдары жоқ адамдар туралы айтып отырсақ, мұнымен келісуге болады. Атап айтқанда, егер олардың жинақтарының көлемі күтпеген жазатайым оқиғалар нәтижесінде туындайтын кез-келген шығыстарды, емделуге немесе жерлеуге шығыстарды өтей алса және егер қайтыс болғаннан кейін асырауындағы адамдар не өтелмеген кредиттік міндеттемелер қалмаса, онда өмірді сақтандыру шынымен қажет болмауы мүмкін.

Төртінші дақпырт: өмірді сақтандырғаннан гөрі, ақша жинаған дұрыс

Өмірді сақтандыру бірінші күннен бастап қорғалу сезімін қамтамасыз етеді – сіз қайтыс болған жағдайда жақындарыңыз өтемді алады. Өз кезегінде жинақтар немесе инвестициялар бақытсыздық жағдайында сенуге болатын мөлшерге жету үшін уақытты талап етеді.

Дереккөзі: https://finance.yahoo.com/news/life-insurance-myths-busted-know-125808097.html

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру