bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстандағы сақтандыру нарығы 2018 жылы 10%-ға артады.

Мұндай пікірді Алматы қ. «Орталық Азиядағы сақтандыруә ХІІ Халықаралық конференция аясында «Коммеск-Өмір» басшысы Олег Ханин білдірді
Қазақстандағы сақтандыру нарығы 2018 жылы 10%-ға артады.

 «2018 жылғы 1 тоқсанның нәтижелері бойынша, жалпы, барлық сақтандыру компанияларында бұл жыл жақсы басталды десек болады. Бизнестің әр түрлі сегменттерінде сыйақылар өсіп келеді. 2017 жылы нарықта өсу болмады, ол тура 2016 жылдағыдай болды. Алайда 2018 жылы нарықта белсенділік байқалып отыр, тоқырау жылынан аман-есен өтіп, жаңа жетістіктерге қол жеткізу дайынбыз. Нарық кем дегенде 10 пайызға артады».

Сарапшының сөзінше, 2018 жылы өсудің негізгі драйверлері болып өмірді сақтандыру, үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті сақтандыру және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті медициналық сақтандыруға дайындық әрекеті болып табылады.

Оның ойынша, өмірді сақтандыру нарығы валюталық депозиттерге баламалы нұсқасы ретінде белсендірілуде.

«Табыстылық мөлшерлемесі 3,2 пайызды құрайтын өнімдер бар, ал валюталық депозиттің табыстылығы – бір пайызды құрайды. Өмірді сақтандыру компаниялары клиенттерді тарта отырып, маркетингте белсенді түрде әреке етуде», - дейді О.Ханин.

Нарықта соңғы жаңалықтардың бірі – ерікті және міндетті сақтандыру пакеттерін біріктіру әдістерін талқылау, өйткені міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру елімізде 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі», - деді компания басшысы.

Дереккөзі: Интерфакс-Казахстан.

Фотосуреттер  betteru.in, infinica.ru, heraldfortune.com сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру