2021 жылдың төрт айында ӨСК жиынтық брутто-сыйлықақылары өсімнің ең жоғары динамикасын (106,7%) және ақшалай көріністе ең жоғары көлемді (121,5 млрд теңге) көрсетті. Кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы жинақтар сомасы бойынша көшбасшы, сыйлықақылардың 38,4 млрд теңгесін жинаған «Halyk life» ӨСК болды. Өмірді сақтандыру саласында компанияның нарықтық үлесі 31,6%-ды құрады. Өмірді сақтандыру компаниялары арасында активтер (215,2 млрд теңге), сақтандыру резервтері (161,8 млрд теңге) және үлестірілмеген табыс (4,1 млрд теңге) бойынша көшбасшы «Nomad Life» ӨСК болып қалады. Сақтандыру резервтерінің көлемі бойынша ол ҚР бүткіл сақтандыру нарығында көш бастап келеді. Өмірді сақтандыру саласында «Nomad Life» ӨСК-нің нарықтық үлесі 30,6%-ды құрады.
Алғашқы төрт айдың қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру өмірді сақтандыру нарығының драйвері болып қалуды жалғастыруда. Мамырдың басына аннуитеттік сақтандырудың жиынтық сыйлықақылары 220%-ға (жылдан жылға) зейнетақы аннуитеттерінің қатты өсімі, сондай-ақ жұмыс берушінің жауапкершілігі аннуитетінің (ЖЖА) өсімі (52,8%-ға) арқасында, 54,8 млрд теңгеге жетіп, 2020 жылдың ұқсас қорытындыларына 203,9%-ға өсті.
Ақшалай көріністе зейнетақы аннуитеттері бойынша жинақтар 52,4 млрд теңгеге дейін өсті, алайда сақтандырудың басқа сыныптарында сыйлықақылардың ұлғаюы есебінен ӨСК-нің жиынтық жинақтарында 43,1%-ға дейін қысқарды. Аннуитеттік сақтандыру және зейнетақы аннуитеттері сегментінде сыйлықақыларды жинайтын барлық компаниялар сыйлықақылардың оң динамикасын көрсетті.
Аннуитеттік сақтандыру секторы және зейнетақы аннуиеттері сегментінің көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК болып қалады. Сәуірдің қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК портфелінің көлемі 18,4 млрд теңгеге дейін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 18 млрд теңгеге дейін өсті. 2021 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша «Nomad Life» ӨСК аннуитеттер сегментінде 33,6%-ды, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 34,5%-ды алады.
Аннуитеттік портфель көлемі бойынша екінші орынды «Halyk life» ӨСК алады. Ол аннуитеттік сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 14,2 млрд теңгесін, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 13,3 млрд теңгесін жинады. Бұл аннуитеттік сақтандыру сегментінде үлесті 26%-ға дейін және зейнетақы аннуитеттері сегментінде үлесті 25,4%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Үшінші орынға қайтадан «Евразия» ӨСК шықты. Ол «Freedom Finance Life» ӨСК-ні басып озып, 7,3 млрд теңге, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері бойынша 7,29 млрд теңге жинады. Сәуірдің қорытындысы бойынша «Евразия» ӨСК «Аннуитеттік сақтандыру» сыныбының 13,4%-ын, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 13,9%-ды алады. «Freedom Finance Life» ӨСК аннуитеттер сыныбында үлесін 12,9%-ға дейін және зейнетақы аннуитеттері сегментінде 13,2%-ға дейін қысқартты.
«Жұмыс беруші жауапкершілігінің аннуитеттері» (ЖЖА) сыныбы бойынша сыйлықақылар жылдық көріністе 2021 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша 1,77 млрд теңгеге жетіп, 52,8%-ға едәуір өсті. Бұл ЖЖА бойынша сыйлықақыларға наурыз айындағы 1,3%-ға қарсы, ӨСК жиынтық портфелінде 1,5%-ды алуға мүмкіндік берді. ЖЖА сегментінің көшбасшысы «Halyk life» ӨСК болып қалады. 2021 жылғы сәуірде ол 704,2 млн теңге жинады, алайда сыйлықақылардың үлкен көлемі сегментте 2021 жылғы наурыздағы 46,8%-ға қарсы 39,7%-ға дейін үлесінің қысқаруына кедергі болған жоқ. Екінші орынды «Nomad Life» ӨСК ұстап отыр. ЖЖА сегментінде оның сыйлықақыларының портфелі 328,4 млн теңгеге дейін өсті, ал нарықтық үлесі 18,5%-ды құрады. Үшінші орынды «KM Life» ӨСК алып отыр. Ол ЖЖА сегментінде нарықтық үлесін 16,7%-ға дейін ұлғайтып, сыйлықақылардың 326,6 млн теңгесін жинады.
Қалған ӨСК-лер қызметінің белсенділігі ЖЖА сегментінде көшбасшылар үштігі үлесінің 2021 жылғы алғашқы үш айының қорытындысы бойынша 77,6%-ға қарсы 74,8%-ға дейін қысқаруына алып келді.
«Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сегменті сәуірде сыйлықақылардың жоғары динамикасын жалғастырды. Портфель жылдық көріністе 639 млн теңгеге дейін 28,2%-ға өсті.
326,6 млн теңгеге сыйлықақылардың ең жоғары көлемін «KM Life» ӨСК жинады. Бұл ретте сақтандырудың осы сыныбы бойынша жиынтық сыйлықақыларда оның нарықтық үлесі 51,1%-ға дейін қысқарды. «Halyk life» ӨСК сегментте нарықтық үлесін 39,9%-ға дейін түсіріп, 255,1 млн теңге тартты. «Nomad Life» ӨСК сегментте нарықтық үлесін 6,9%-ға дейін ұлғайтып, 43,8 млн теңге жинады. 2021 жылғы төрт айдың қорытындысы бойынша «Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сыныбы бойынша ең ірі ӨСК-лердің үштігі 2021 жылғы алғашқы үш айының қорытындысы бойынша сыйлықақылардың 98,3%-на қарсы сыйлықақылардың 97,9%-ын жинады.
2021 жылғы мамырдың басында өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылар жылдамдық алып, 2020 жылғы ұқсас кезеңнің қорытындыларына 102,2%-ға өсті. Абсолюттік көріністе жинақтар жиынтық портфельде ӨСК-нің болуын 2021 жылғы сәуірдің басына 36,3%-ға қарсы 39,3%-ға дейін ұлғайтып, 47,79 млрд теңгені құрады.
Сәуірдің қорытындысы бойынша сегменттің көшбасшысы «Halyk life» ӨСК болып қалады. Ол өмірді сақтандыру сегментінде ӨСК-лерден бірінші болып 20 млрд теңге межеден асып түсіп, 21,1 млрд теңге жинады.
ӨСК нарықтық үлесі тиісінше 44,3%-ға дейін ұлғайды. Екінші позицияда «Nomad Life» ӨСК тұр, ол 15,3 млрд теңге жинады және өмірді сақтандыру сегментінің 32,2%-ын алады. «Еуропалық сақтандыру компаниясы» ӨСК (ЕСК) өмірді сақтандыру сегментінде үшінші ең ірі сақтандырушы болып қалады. 2021 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша ӨСК портфелін 7,2 млрд теңгеге дейін ұлғайтты, сол арқылы өмірді сақтандыру сегментінде нарықтық үлесін 15,2% деңгейінде тіркеді.
ӨСК бөлігінде жиналатын жазатайым оқиғадан сақтандыру (ЖО) бойынша сыйлықақылар 2021 жылғы төрт айдың қорытындысы бойынша өсудің бұрынғы қарқынын қалпына келтіру белгілерін көрсетуде. Сәуірде жинақтар динамикасы наурыздағы 14,7%-ға жылдық өсімге қарсы 20,9%-ды (жылдан жылға) құрады. Ақшалай көріністе ӨСК сыйлықақылары 5,89 млрд теңгені құрады.
ӨСК бөлігінде ЖО сақтандыру бойынша ең үлкен портфельді «KM Life» ӨСК жинады. Алайда оның айдан айға қатысты сыйлықақылар динамикасы нөлдік болып калады. ӨСК ақпан мен наурыз айындағыдай 2,5 млрд теңге жинады. 2020 жылғы осы кезеңнің қатысында компанияның сыйлықақылары 79,4%-ға өсті. Сыйлықақылардың нөлдік өсімі ЖО сегментінде «KM Life» ӨСК-нің нарықтық үлесін қысқартады. Сәуірдің қорытындысы бойынша үлес 2021 жылғы наурыздағы 51,5% және ақпандағы 62,9%-ға қарсы 43,1%-ға дейін қысқарды.
Екінші орында нарықтық үлесін 21,3%-ға дейін ұлғайтқан «Freedom Finance Life» ӨСК қалады. Бұл сегментте компанияның жинақтары сәуірде алғашқы рет 1,2 млрд теңгеден асты. Үшінші позицияны 2021 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша ЕСК ӨСК ұстап тұр. Ол 972,4 млн теңге жинады, бұл оған сегментте нарықтық үлесін 2021 жылғы наурыздағы 13,3%-ға және ақпандағы 9,7%-ға қарсы 16,5%-ға ұлғайтуға көмектесті.
«Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру» (ЖОМС) секторында сыйлықақылар 2021 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша 5,4%-ға әлсіз өсімді көрсетті, бірақ 12,2 млрд теңге шектен асып түсті. ЖОМС сегментінің ауыспайтын көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК қалады. Абсолюттік көріністе ӨСК портфелі 3,19 мрлд теңгеден асып түсті және сегменттің 26,1%-ын алады. Екінші орында «Halyk life» ӨСК тұр, оның портфелі 2,37 млрд теңгеге дейін өсті, алайда сегментте нарықтық үлесі 19,4%-ға дейін түсті.
ЖОМС сегментінде үшінші орынға қатты күрес жүріп жатыр. Наурыздың қорытындысы бойынша жүлдегерлер үштігіне «Standard Life» ӨСК қайтып келді, бірақ сәуірде көшбасшылар үштігінен оны сегменттің 15,3% үлесін алған «KM Life» ӨСК ығыстырды. Ақшалай көріністе «KM Life» ӨСК-нің сыйлықақылар портфелі ЖОМС сегментінде 1,87 млрд теңгені құрады. ЖОМС сегментінде 2021 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша екі ең ірі ӨСК-нің үлесі 45,5%-ға дейін төмендеп, алғашқы рет 51%-дан кем болып шықты.
ӨСК бөлігінде ауру жағдайына сақтандыру (ЕМС) бойынша сыйлықақылар 2021 жылғы сәуірде 764,7 млн теңгеге дейін, 17,7%-ға (жылдан жылға) өсті. Сегментте ең ірі сақтандырушы «KM Life» ӨСК болып қалады. Сәуірде ӨСК сыйлықақылары 690,5 млн теңгеге дейін өсті, алайда сегментте үлесі 2021 жылғы наурыздағы 94,7%-ға қарсы 90,3%-ға дейін төмендеді. Түсімге басқа ӨСК-лер жинақтарының жоғары динамикасы әсер етті. Сегментте екінші орынды алатын ЕСК ӨСК-нің сыйлықақылары 63,9 млн теңгеге дейін өсті, ал үлесі 2021 жылғы наурыздың қатысында 8,4%-ға дейін екі есе артты. Сегментте үшінші ең ірі компания - «Freedom Finance Life» ӨСК 5,3 млн теңге жинап, нарықтық үлесін 0,7%-ға дейін ұлғайтты.
2021 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша ӨСК жиынтық активтері 652,6 млрд теңгеге дейін, 28,6%-ға (жылдан жылға) өсті. Сақтандыру резервтері 469,2 млрд теңгеге дейін, 30,8%-ға ұлғайды. ӨСК меншікті капиталы 123 млрд теңгеге дейін, 40,5%-ға (жылдан жылға) өсті.