bs-preloader__icon
ru kz

Жас қазақстандықтар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 16,51 млн АҚШ долларын пайдаланды.

2024 жылдың 1 ақпанынан бастап жалпы сомасы 16,51 млн доллар болатын 126 468 өтініш орындалды. Қаражат уәкілетті операторлар арқылы өтініш иелерінің банк шоттарына аударылған, деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.
Жас қазақстандықтар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 16,51 млн АҚШ долларын пайдаланды.

Оның ішінде 78 862 өтініш (10,56 млн доллар) тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ал 47 606 өтініш (5,95 млн доллар) білім алуға жұмсалған. Мақсатты жинақ иесі бүкіл соманы немесе оның бір бөлігін пайдалана алады, ал пайдаланылмаған қалдық мақсатты жинақ шотында сақталады.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту бағытында қаражаттың басым бөлігі тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарын толықтыруға жұмсалған – 76 954 өтініш, 10,32 млн доллар. Сонымен қатар, 619 өтініш (77,82 мың доллар) ипотеканың бастапқы жарнасына, 478 өтініш (57,02 мың доллар) тұрғын үй сатып алуға пайдаланылған.

Білім беру саласында негізгі шығындар қазақстандық ЖОО-ларда оқу ақысын төлеуге кеткен – 41 870 өтініш, 5,29 млн доллар. Бұдан бөлек, 4 163 өтініш (475,14 мың доллар) білім беру жинақ салымдарын толықтыруға, ал 1 284 өтініш (151,67 мың доллар) шетелде оқуға төлем жасауға бағытталған.

Мақсатты жинақ төлемдерін алу үшін алушы немесе оның заңды өкілі уәкілетті операторға жүгінуі тиіс. 2025 жылдың 1 тамызынан бастап операторлар қатарына «Отбасы банк» АҚ және «Қазақстан халық банкі» АҚ-мен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ қосылды. Өтініштерді бұл банктердің интернет-ресурстары немесе мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.

Еске салсақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ын 2006 жылы және одан кейін туған балалар арасында жыл сайын бөлуге бағытталған. 2023 жылы әрбір алушыға 100,52 доллардан, 2024 жылы – 129,38 доллардан есептелді. Бұған қоса, 2025 жылы 2023 жылы алғашқы төлем алған балаларға (2006 жылы туғандардан басқа) 3,04 доллардан қосымша аударылды. Нәтижесінде 2006 жылы туған баланың жинағы – 100,52 доллар, ал 2007 жылы туған баланың жинағы – 232,94 доллар болды.

Фото ашық дереккөздерден алынған

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру