Қарттықты қамтамасыз етуге арналған маңызды негіздердің бірі - Kapitallebensversicherung – бұл капитал жинақтаумен өмірді сақтандыру, мұнда, өлім жағдайы жеткенде де, келісімшарт аяқталынуы бойынша да тұтынушы қаржылай өтем алады. Капитал құюдың әртүрлі тәсілді түрлі нұсқалары бар: классикалықтан қорларға байланған өмірді сақтандыру түрлеріне дейін.
Отбасыны ойламаған қауіптен қорғау жайлы сөз болғанда Risikolebensversicherung сатып алуға болады, себебі онда салымдар айтарлықтай төмен. Егер де сақтандырылған адам келісімшарттың өызмет атқаруы уақытында қайтыс болатын болса, онда сақтандыру компаниясы оның жақын туысқандарна сақтандыру келісімінде бекітілген сомманы өтейді. Сонымен қатар, Risikolebensversicherung қарыз жақтың өлімі жағдайында несиесін кері алу үшін, кепіл ретінде несие беруші мекемемен қолданыла алады.
Германия үшін сақтандырудың міндетті түрлері сипатты. Германия – міндетті сақтандырудың көптеген түрлерінің отаны. Осылай, автоазаматтық жауапкешілікті міндетті сақтандыру алғаш Германияда 1940 жылы енгізілген.
Қайғылы жағдайлардан міндетті сақтандыру жұмыспен қамтамасыз етушімен төленеді. Сақтандырылғандардың өздері ештеңе төлемейді. Еңбек, білім беру немесе қызметтік қатынастарда тұрғандардың әрқайсысызаңға сәйкес осы текті сақтандыруға ұшырайды. Осымен қатар сақтандыру қорғанысы жасы, жынысы, отбасы жағдайы немесе ұлтына байланыссыз беріледі. Бұл қорғаныс жұмыс орынындағы жұмысқа да немесе оқу орынындағы оқуға да, сондай-ақ жұмысқа немес оқуға жету жолына және кері үйге қайту жолына да қатысты.
Зардаптың орнын толтыру табиғи түрінде (зардап шегушінің денсаулығын және оның жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталынған медициналық және кәсіби реабилитация) де, қаржылай түрінде де (уақытша жұмысқа қабілетсіздік бойынша жәрдемақы немесе жұмысқа қабілеттілікті тұрақты жоғалту жағдайындағы зейнетақы; осымен қатар қаржылай төлемдер жалақыдан айырылуды толықтыру ретінде зардап шеккеннің оның жарақат алуына немесе кәсіби сырқатына дейінгі жалақысана тең болады, бұл зардап шеккендерге өздерінің тіршілік деңгейлерін сақтауға мүмкіндік береді) қарастырылады.
Зияндылықтың орнын толтыру үшін негіз жұмыспен қамтамасыз етушінің кінәсі емес, еңбек міндеттемелерін орындау кезіндегі денсаулығын зақымдау фактісі, яғни жұмысшыдажұмыспен қамтамасыз етушінің кінәсін, жауапкерліксіздігін дәлелдеудің қажеттілігі жоқ, денсаулығын зақымдауы жағдайында сәйкес ұйымға жүгінудің өзі жеткілікті.
Германияның тұрғындарын әлеуметтік қорғаудың ірге тасы зейнеткерлік сақтандыру. Ол кәсіпорынның бұрынғы қызметкерлерінің өздерінің еңбек қызметтері аяқталысымен қайыршылық қалыпқа түспейтіндеріне кепілдік береді. Барлық жұмысшылар және қызметкерлерге зейнеткерлік сақтандыру заң бойынша міндетті. Жеке қызмет түрлерімен айналысатын адамдар және өзінің мамандықтың белгілі бір топтарына жатқызылатындарда міндетті сақтандыру болмайды, міндетті сақтандыруға өтініш жаза алады.
Зейнеткерлік сақтандырудың қарастырылған заңдарына құнды қосымша «кәсіпорын зейнетақылары», оны көптеген фирмалар ерікті түрде өздерінің бұрынғы қызметкерлеріне төлейді. Кімде кім міндетті сақтандырылуға отырмаса, зейнеткерлік сақтандыруды ерікті түрде бекітеді.
Бүгінде Германияда кез келген зейнеткердің зейнетақысының түсу көздері әртүрлі, олардың көп бөлігі – адамның өзінің саналылығының және болашақты ойлауының нәтижесі. Әрбір неміс, әдетте, бүкіл еңбек қызметінің ағымында өзінің болашақ зейнетақысына немесе өзінің сәл төмен қамтамасыз етілген серіктесінің зейнетақысына, сенімділігі немістік қаржылық жүйемен қамтамасыз етілген сақтандыру және жинақтардың әртүрлі нұсқаларын қолдана отырып, салым жасау үшін кез келген мүмкіндікті қолданады. Кімде кім өзінің қарттық шағындағы материалдық қамтамасыз етілуінің жағдайын жасай алмайтын болса – немістер айтатындай, «selberschuld» (өзі кінәлі).
Немістік сақтандыру компаниялары Еуропадағы ең ескілердің бірі, және, жалпы пікір бойынша, әлемдегі ең сенімділердің бірі болып есептелінеді, ал Германия - қоғамда әлеуметтік және жеке сақтандыру басты рөл атқаратын әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің бірі. |
Дерек көздері:
https://www.knoll-makler.de/shiznj.html
http://www.investa24.com/index/strahovki_germania/0-16
https://studfile.net/preview/4339060/page:26/
http://www.dom-de.net/ru/strahovka_1/
https://expert.ru/d-stroke/2006/06/pensionnaya_sistema_germanii/