bs-preloader__icon
ru kz en

Мемлекеттік думаның комитеті (РФ) сақтандыру қызметтерін сатып алу кезінде жеке тұлғаларды жеңілдетілген сәйкестендіруді енгізу туралы заң жобасын қолдады

Комитет РФ үкіметінің төменгі палатасына сақтандыру компаниясының клиенттерін жеңілдетілген сәйкестендіруді енгізу туралы заң жобасын 3-шілдеде бірінші оқылымда қабылдауды ұсынды деп finmarket.ru. хабарлайды.
Мемлекеттік думаның комитеті (РФ) сақтандыру қызметтерін сатып алу кезінде жеке тұлғаларды жеңілдетілген сәйкестендіруді енгізу туралы заң жобасын қолдады

Сақтандырушылардың клиенттерін – жеке тұлғаларды жеңілдетілген сәйкестендіру туралы заң жобасы бір қатар депутаттарымен, оның ішінде Владислав Резникпен, Евгений Марченкомен және Леонид Симановскиймен дайындалған еді. Авторлар өзгерістерді «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңына енгізуді ұсынды.

Олар қандай да бір сақтандыру қызметтерін қашықтан сатып алу үшін жүгінетін сақтандыру компанияларының клиенттерін сәйкестендіруді жеңілдетуге бағытталған. Тұтынушының сақтандырушымен жеке байланысты иалап ететін қолданылып жүрген тәртіп сақтандыру нарығында электрондық сатулардың таралуын тоқтататын. Думаның қаржы нарығы жөніндегі комитетінің  мәжілісіне қатысушылармен мақұлданған құжат талқылаудан өтіп, осы кезеңде жасалған ескертулерді ескереді.

«Бұл заң жобасын екінші рет енгізілуі, өйткені комитеттің ескертулері болды. Сақтандырудың кейбір түрлерінде, оның ішінде өмірді сақтандыру кезінде , күмәнді операцияларды өткізу үшін жеңілдетілген сәйкестендіруді пайдалану мүмкіндігімен байланысты мәселелер туындады. Депутаттар ескертуді есепке алып, азаматтарды жеңілдетілген сәйкестендіру бойынша сақтандыру тізімінен өмірді сақтандыруды алып тастады», – деп, мәжіліс барысында комитеттің басшысы Анатолий Аксаков түсіндіріп өтті. Заң жобасына сәйкес сақтандырушыларға сақтандыру шартын жасасу мақсаттары үшін клиенттердің толық немесе жеңілдетіліген тексеруді (сәйкестендіруді) өткізу арнайы шарт негізінде несиелік ұйымдарға тапсыру құқығы беріледі. Сонымен қатар банкке сақтандыру шарты бойынша клиенттің өкілін немесе пайда алушыны сәйкестендіруді өткізу тапсырылуы мүмкін.

Осындай өзгерістерді қабылдағаннан кейін қызметтерді сатып алушының жеке басын анықтаудың заң құрылымы жеңілдетілетін болады. Егер банк сәйкестендіруді өткізген болса, сақтандырушының клиенттің жеке басын сәйкестендіру үшін оны қайтадан тексеруден өткізу қажеттілігі болмайды. Егер сақтандыру полисі банктік сақтандыру шегінде сатылса, клиент үшін, мысалы, несие алушыны, екінші рет тексеру жағдайы туындайды.
Сондай-ақ заң жобасы міндетті медициналық сақтандыру (ММС) сақтандырушыларына өз ережелерін таратпайды. Заң жобасында өмірді сақтандыру шартын жасасу кезінде жеңілдетілген сәйкестендіруді өткізу мүмкіндігі қарастырылмады. Мұндай тәсілдеме ФАТФ ұсыныстарына сәйкес келеді, деп заң жобасына ілеспе құжаттарында айтылған. Осылайша, өмірді сақтандыру полистері бойынша ақшалай қаражатты заңдастыру тәуекелдерін төмендету мақсатында пайда алушылардың қосымша тексерілуі қажет болады. Сақтандырушылардың клиенттерін жеңілдетілген сәйкестендіру туралы заң жобасының түсініктеме хатында төмендегідей мәліметтер берілген: 2016 жылы сақтандыру нарығында 124 млн жасалған сақтандыру шарты бойынша 88 күдікті операция тіркелген еді. 2017 жылғы 9 айында сақтандыру нарығында күмәнде операциялардың саны 47 болып тіркелді. 

Осылайша, заң жабасының іскее асырылуы қаржылық, оның ішінде сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін қаржылық қаражатты заңсыз шығарудың тәуекелдерін көтермей-ақ, арттыруға бағытталған, деп авторлары болжайды.

РФ үкіметінің бұл заң жобасына жасалған қорытындысында оның іске асырылуы «мүмкін болды», авторлар ұсынған тәжірибе сақтандырудың төменгі тәуекелдегі түрлерінде халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Сонымен қатар үкімет бағаның шегін белгілеуді ұсынады, яғни «сақтандырудың түріне байланысты жеке тұлға-клиенттің жеңілдетілген сәйкестендіруге жол берілетін сақтандыру сыйлықақысының мөлшері». Нәтижесінде үкімет аталған ескертулерді ескере отырып, заң жобасын қабылдады, деп заң жобасында берілген қорытындыда айтылған.
Мемлекеттік дума аппаратының қорытындысына сәйкес заң жобасына ескертулер жоқ. Комитеттің мәжілісінде Ресей банкінің жағымды қорытындысы ұсынылған еді. Бұл ретте Росфинмониторингі басшысының орынбасары Павел Ливадный талқылау барысында екінші оқылымға жеңілдетілген сәйестендіру жүзеге асырылатын сақтандыру сыйлықақысының ақтық мөлшерін белгілеуді ұсынды. «Белгілі бір шекті орнату қажет, өйткені егер сақтандыру сыйлықақысы осы шектен асатын болса, онда сәйкестендіру толық болу керек», – деді ол.
 

Дереккөзі: http://www.finmarket.ru/insurance/?nt=0&id=4799000

Фотосурет itg.ua, retail-loyalty.org. сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру