bs-preloader__icon
ru kz

РФ-де биткойнға байланған өмірді инвестициялық сақтандыру полистері ұсынылуда

Ресейдің екі ірі сақтандыру компаниясы — «Ренессанс Жизнь» және «БКС Страхование жизни» — биткойнға байланған инвестициялық өмірді сақтандыру (ИЛЖ) полистерін іске қосты. Бұл туралы ресейлік РБК басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды.
РФ-де биткойнға байланған өмірді инвестициялық сақтандыру полистері ұсынылуда

Жаңа полистер инвесторларға BlackRock компаниясының iShares Bitcoin Trust (IBIT) атты әлемдегі ең ірі биткойн ETF-іне тікелей криптовалюта сатып алмай-ақ қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Аталған инвестициялық өнімдер бастапқы капиталдың сақталуын қамтамасыз ете отырып, биткойн бағамының өсуінен пайда тапқысы келетін ауқатты клиенттерге арналған. Қаржылық құрал биткойн фьючерстеріне негізделген және Мәскеу қор биржасында (MOEX) саудаланады. Бұл инвесторларға қарқынды дамып жатқан криптонарыққа қатысудың баламалы жолын ұсынады.

Қалай жұмыс істейді

«Ренессанс Жизнь» компаниясының ұсынысы «Криптокапитал» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Ең төменгі жарна — 1,5 млн рубль (шамамен 19 мың доллар), сақтандыру мерзімі — 2 жыл. Егер IBIT елеулі өсім көрсетсе, мысалы, биткойн бағасы екі еселенсе, инвестор 2,4 млн рубльге дейін (30 мың доллардан астам) табыс табуы мүмкін (салықтар шегерілмеген).

Нарық құлдыраған жағдайда да инвестор бүкіл салған қаражатын сақтап қалады. «Ренессанс Жизнь» компаниясының бас директоры Олег Киселёвтың айтуынша, «сақтанушы кез келген жағдайда бастапқы салымын қайта алады».

«БКС Страхование жизни» компаниясы да осыған ұқсас өнімді ұсынады, бірақ мерзімі — 3 жыл, ал кіріс табу үшін ең төменгі шекті жарна — 3 млн рубль. Бұл полистің артықшылығы — полис әрекет еткен мерзімде инвестициялық портфельді ребалансирлеу мүмкіндігі, бұл инвесторға икемділік береді.

Биткойнға қызығушылық артып келеді

Мұндай бастамалар биткойнмен байланысты реттелетін қаржылық өнімдерге деген сұраныстың артуы аясында пайда болуда. Басқа сақтандыру компаниялары да осы трендті пайдалануда.

Мысалы, америкалық Meanwhile Insurance компаниясы бұрын биткойнмен қамтамасыз етілген өмірді сақтандыру полисін іске қосқан. Бұл полис клиенттерге криптовалютаны кепілге қойып, капитал өсіміне салық төлеместен несие алуға мүмкіндік береді. Алайда сақтанушы қайтыс болған жағдайда бұл несие сомасы сақтандыру төлемінен шегеріледі.

Бұл өнім биткойнға негізделген қаржы құралдарына деген жалпы қызығушылықтың артуын көрсетеді. Әсіресе, 2024 жылы АҚШ әкімшілігі криптоиндустрияны қолдағаннан кейін және биткойн бағасы 100 мың доллардан асқан соң, бұл қызығушылық күшейе түсті.

Дереккөз: cryptoslate.com

Фотосурет ашық дереккөздерден алынған.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қаржылық жоспарлау: жеке өсуге Инвестициялар
Қаржылық жоспарлау: жеке өсуге Инвестициялар

Қаржылық жоспарлау әр адамның өмірінде маңызд...

Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің кілтін тапты
Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің кілтін тапты

Зерттеушілер қартаюды бақылайтын жолға экспе...

Гарвард психологтары адамдарды не бақытты ететінін анықтады
Гарвард психологтары адамдарды не бақытты ететінін анықтады

86 жыл бойы Гарвард зерттеушілері жүздеген ада...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру