Сарапшылар зейнетақыға қосымша табысты қамтамасыз еткісі келген қазіргі тұтынушы үшін дамыған бәсекелестік және басқарылатын қаржы өнімдерінің алуандығы қажет екен деп есептейтіндігі басылымда жазылған.
Бүкіл ресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы (БҚПЗО) ресейліктердің зейнеткерлікке шыққаннан кейін қосымша табысты қамтамасыз ету үшін түрлі қаржы құралдарымен пайдалануға дайын болғаны туралы зерттеуді ұсынды. Өткізілген сауалнама көрсеткендей, көптеген ресейліктер түрлі қаржы құралдарын пайдалана отырып, зейнетақыға өз бетінше ақша жинауға «дайын болған» екен.
БҚПЗО «ресейліктердің зейнетке шыққаннан кейін қосымша табысты қамтамасыз етудің баламалы нұсқалары туралы ақпараттану деңгейі өте жоғары – сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі (58%) инвестициялардың түрлі нұсқаларымен таныс екенін» атап өтті.
Сауалнамаға қатысқандардың 28% және 26% сәйкесінше банктік депозиттермен қатар ЖЗҚ-мен бірге, ресейліктердің 22% өмірді жинақтаушы сақтандыру өнімдерін көрсетсе, тағы 22% өмірді сақтандырудың басқа бағдарламаларын атап көрсетті.
ЭЖМ Әлеуметтік саясатты кешенді зерттеу орталығының меңгерушісі Оксана Синявская зерттеудің нәтижелерін үлгілі деп есептейді: «әрбір 4-ші азамат салымдар және ЖЗҚ туралы, ал әрбір 5-ші – өмірді жинақтаушы сақтандыру туралы білгені – ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар үшін бұл өте керемет көрсеткіш, әсіресе біз 20 жыл бұрын біз неден бастағанымызды еске түсірсек». Бұл ретте «матрастың астында» жинақтармен немесе жылжымайтын мүлііке инвестициялармен байланысты емес капиталдың жинақтарының ұйымдастырылған нысандары туралы сөз болмақ.
БҚПЗО зерттеудің негізінде құрған жинақтардың пайдаланатын (ұйымдастыратын) тәсілдерінің топ-3-ке ақшалай салым немесе банктегі депозит (23%), мемлекеттік емес зейнетақы қорларына салымдар (14%), сонымен қатар өмірді сақтандыру бағдарламалары (өмірді жинақтаушы сақтандыру – 6%, өмірді сақтандырудың бағдарламалары – 10%) кірді. Сонымен қатар ресейліктер банктегі салымдар немесе депозиттер (23%), өмірді сақтандыру полистер (10%) немесе мемлекеттік емес зейнетақы қорларына салымдар (10%). көмегімен дербес инвестор болып, қарттыққа ақша жинауға дайын.
«Бұл мәселеде қоғамдық консенсус жайында айтуға болады – адамдардың қаржы құралдарының саны көбейтілсін деген сұранысы бар», – БҚПЗО Мемлекеттік билік органдарымен жұмыс жүргізу жөніндегі директор Кирилл Родин хабарлады. Оның сөзінше, халықтың қаржы құралдарын кеңінен пайдалануға қызығушылықты арттыруда азаматтарды осы құралдар туралы ақпараттандыруды кеңейту маңызды рөл атқару қажет.
Сондай-ақ Кирилл Родин респонденттер мемлекетке қандай рөл белгіленгеніне де назар аудартады: «Егер мемлекеттің рөліне келетін болсақ, сауалнамаға қатысушылардың 57% мемлекет қаржы ұйымдары үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс десе, аз бөлігі – түрлі қаржы ұйымдары үшін жағдайлар әр түрлі болуы тиіс деген пікірді білдліргенін көріп отырмыз». Бұл ретте әлеуметтанушының пікірінше, жинақтар тәсілдерін пайдаланудың жағдайларының теңдігі бойынша талап жас аудиторияға тән екен.
Сондай-ақ, азаматтар мемлекеттен инвестициялардың сақталуына кепілдік беру (31%), қаржы ұйымдарының қызметін қатаң қадағалауды (26%), жинақтар тетігін таңдаудың еркіндігін қамтамасыз етуді (12%) және жинақтардың түрлі тәсілдерін пайдалану кезінде жеңілдіктердің теңдігімен азаматтарды қамтамасыз етуді (10%) күтуде.
"Эксперт РА" рейтингтік агенттігінің бас экономисті, ЖЭМ және ММУ доценті Антон Табах зейнетке шыққаннан кейін қосымша табысты қамтамасыз ету үшін қаржы құралдарының алуандылығының қажеттілігін қолдады. «Ең басты бұл алуандылық басқарылып, қадағаланатын болуы тиіс», – деп есептейді сарапшы. – «Өнімдер тәуекелдің бағытына және қажеттіліктеріне қарай түрлі сұрыпты – таза зейнетақы және сақтандыру, және депозиттік болуы тиіс екені дау тудырмайды».
«Құралдар жүйесін кеңейту қажет, құрал жалғыз өзі жүз рет болса да, біреу ғана бола алмайды, – деді Өңірлік мәселелер институтының бас директоры Дмитрий Журавлев. – 100 бірдей бұрауыш болуы мүмкін емес, бұрауыштар да, сомын кілттері де, қалған құралдар да болуы тиіс. Шынайы өмірде бұл құралдар болуы үшін, олардың бірдей ұстанымға ие болуы тиіс – бір немесе басқа құрал үшін преференциялар болмауы тиіс.
Мемлекеттік думаның экономикалық саясаты жөніндегі комитеттің мүшесі Олег Николаев әр түрлі қаржы құралдары үшін мемлекеттік кепілдіктердің теңдігі мәселесі қаржы нарығын азаматтардың мүдделері мен қоғамның сұранысын ескере отырып реттеу қызметтерін мемлекетпен орындалуымен тікелей байланысты екенін баяндап берді. Заң шығарушылар азаматтарға саналы түрде инвестициялау және екінші жағынан «қаржы институттары үшін инвестициялаудың жағдайларын теңдестіру» мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін белсенді түрде жұмыс жасауда. Парламентарийдің сөзінше, азаматтардың жеке жинақтары «ресейлік экономиканы, сонымен қатар нарықтың қаржы институттуарын: қорларды, сақтандыру компанияларын, өзге қаржылық-несиелік ұйымдарды дамыту үшін қажетті ұзақ мерзімді инвестициялық активтерді қалыптастыру үшін маңызды мәнге ие».
Олег Николаев мәлімдегендей, Мемлекеттік думада цифрлық платформаларды пайдалану құралдарын құру жұмыстары жүргізілуде – цифрлық маркетплейстар туралы заң дайындалуда. «Яғни ондаған банк пен сақтандыру компаниялары бірлескен бір алаңшада, үйден шықпай-ақ, адамдар түрлі инвестициялық құралдарды салыстырып, сұрақ қойып, оған жауап алып, жинақтарға және қаржының сақталуына кепілдік беретін құралды таңдай алады», – деп Олег Николаев хабарлады.
Фотосурет: thehintongroup.org сайтынан алынды.