bs-preloader__icon
ru kz
✕

22 мың Халық-Life клиенті қосымша 316,6 млн теңге алады

2023 жылдың қорытындысы бойынша 22 мыңнан астам Халық-Life клиенттері компанияның инвестициялық қызметінен қосымша табыс алады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
22 мың Халық-Life клиенті қосымша 316,6 млн теңге алады

Қаржы ұйымының директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес инвестициялардан түскен пайдаға қатысу шартымен өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бар сақтанушылар арасында 316,6 млн теңге мөлшерінде пайда бөлінетін болады.

Бұл қаражат клиенттерге бонустық төлемдер сомасына қосымша сақтандыру қорғанысын сатып алуға мүмкіндік беретін сақтандыру дивидендтерін есептеу үшін пайдаланылады. Осы бөлу нәтижесінде өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жалпы сақтандыру сомасы 408,2 млн теңгеге ұлғаяды.

"Мұндай қадам Компания клиенттерінің қаржылық нәтижелерін жақсартуға және Халық-Life инвестициялық қызметінен алынған табыстылық есебінен олардың сақтандыру қорғанысын күшейтуге мүмкіндік береді", - деп қорытындылады Компанияның баспасөз қызметі. 

Ашық дереккөзден алынған сурет

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Хирург сақтандыру төлемі үшін әдейі аяғын үсірген
Хирург сақтандыру төлемі үшін әдейі аяғын үсірген

Ұлыбританияда сот 49 жастағы бұрынғы тамыр хир...

Зерттеу: отырықшы өмір салты депрессияның даму қаупін арттырады
Зерттеу: отырықшы өмір салты депрессияның даму қаупін арттырады

Бразилия ғалымдары психикалық күйзеліссіз от...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру