bs-preloader__icon
ru kz
✕

РФ-да цифрландырудың көмегімен ӨСК клиенттеріне автоматты түрде төлемдер жасамақшы

Цифрландыру және жасанды интеллект сақтандыру саласының өзгерісін басқарады және оны тұтынушыға бағытталған етеді. Бұл туралы «СберСтрахование жизни» компаниясының басқарушы директоры Евгений Щекланов мәлімдеді.
РФ-да цифрландырудың көмегімен ӨСК клиенттеріне автоматты түрде төлемдер жасамақшы

Қабылданған заңнамалық нормалар ресейлік сақтандырушыларға электронды АХАЖ жүйесіне және Әлеуметтік сақтандыру қорына қосылуға мүмкіндік берді. Маманның айтуынша, осы қадамдардың арқасында компаниялар бірқатар сақтандыру тәуекелдері бойынша төлемдерді жедел жүзеге асыра бастады.

Ресейде «Цифрлық профильді» енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Бұл бастама пайдаланушылардың тіркеулік жазбаларын Мемлекеттік қызметтер порталына байланыстыратын, «Инфрақұрылымдағы бірыңғай сәйкестендіру және аутентификация жүйесінің» қисынды жалғасы болып табылады. Евгений Щеклановтың айтуынша, қазірдің өзінде 63 қатысушы «Цифрлық профильге» тәжірибелік режимде қосылды, олардың ішінде банктер, агрегаторлар, сақтандыру компаниялары және т.б. Медициналық деректерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінде қалып отыр: бүгінде бұл үшін жазбаша келісім қажет. Сарапшы бұл жағдай төлемдердің жеделдігіне кедергі келтіретінін атап өтеді, өйткені алдымен адам қажетті құжаттарды жинап, ұсынуы керек.

«Сақтандырушылардың медициналық ақпаратқа қол жеткізуі, мысалы, ауыр ауруға қатысты жаңа мағынаға ие болады. Мұндай жағдайда өмір үшін күресіп жүрген адамдар қағазбастылыққа бар күшін, жүйкесін жұмсауға мәжбүр. Қолданыстағы заңнаманы өзгерту сақтандырушыларға төлемдерді дәрігердің қабылдауынан өткеннен кейін дереу жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деп қорытындылады «СберСтрахование жизни» компаниясының басқарушы директоры.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнетақы аннуитетінің артықшылықтары
Зейнетақы аннуитетінің артықшылықтары

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша бір жылд...

Үндістанның ірі сандық компаниясы өмірді сақтандыруға назар аударды
Үндістанның ірі сандық компаниясы өмірді сақтандыруға назар аударды

Paytm – төлем жүйелерімен және электрондық комм...

Балаларға арналған сақтандыру полисін сатып алу керек пе
Балаларға арналған сақтандыру полисін сатып алу керек пе

Сарапшылардың айтуынша, баланың өмірін сақтан...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру