bs-preloader__icon
ru kz
✕

«Казкоммерц-Life» АҚ-ның акционері «Қазақстан Халық банкі» АҚ болды

Қазіргі таңда «Казкоммерц-Life» АҚ бұрынғы қалпында жұмыс істейді, компанияның қызметінде ешқандай өзгерістер орын алмады, деп kklife.kz сайтында хабарланды.
«Казкоммерц-Life» АҚ-ның акционері «Қазақстан Халық банкі» АҚ болды

Сонымен қатар акционердің ауысуы «Казкоммерц-Life» АҚ-тың клиенттері алдында өз міндеттемелерінің орындалуына әсер етпейді деп хабарланады. «Компанияның атауын ауыстыру жоспарланбайды», – деп хабарламада атап көрсетіледі.

Компания «Казкоммерцбанк» АҚ-тың «Қазақстан Халық банкі» АҚ-қа қосылу түрінде ерікті қайта ұйымдастырылуына байланысты 2018 жылғы 28 шілдеде банктер арасында 2018 жылғы 27 шілдедегі жағдай бойынша өткізу актісіне қол қойылғанын түсіндірді.

«Аталған өткізу актісі «Қазақстан Халық банкі» АҚ-қа «Казкоммерцбанк» АҚ-тың, оның ерікті қайта ұйымдастырылуына байланысты бүкіл мүлкін, барлық құқықтары мен міндеттемелерін өткізу фактісін заңды түрде ресімдеу болып табылады, – «Казкоммерц-Life» АҚ-тың сайтындағы хабарламада айтылады. – Осындай актіге қол қою нәтижесінде «Казкоммерцбанк» АҚ акциялары еншілес компанияларға қатысты «Қазақстан Халық банкі» АҚ-қа өткізілді».

Осылайша, 2018 жылғы 28 шілдеден бастап «Казкоммерц-Life» АҚ-тың акционері «Қазақстан Халық банкі» АҚ болды.

Дереккөзі: http://www.kklife.kz/about/news/uvedomlenie-o-smene-aktsionera-kompanii/

 

Фото astanatimes.com, kursiv.kz сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
«Standard Life» ӨСК» АҚ-ның 2025 жылғы 1 шілдедегі қаржылық есептілігі
«Standard Life» ӨСК» АҚ-ның 2025 жылғы 1 шілдедегі қаржылық есептілігі

"Standard Life" Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ 2025 ж...

Зейнетақы жүйесі өзін-өзі ақтады ма?
Зейнетақы жүйесі өзін-өзі ақтады ма?

Қадыржан Дамитов Капитал.kz сайтына берген сұх...

Ресейде Unit linked өнімі үшін заңнамалық база дайындалуда
Ресейде Unit linked өнімі үшін заңнамалық база дайындалуда

РФ Қаржы министрлігі Unit linked - келешек «өмірді ү...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру