bs-preloader__icon
ru kz

AM Best Халык-Life-тің қаржылық тұрақтылық рейтингін B+ деңгейінде растады

Халык-Life-тің қаржылық тұрақтылық рейтингін В+ деңгейінде және эмитенттің ұзақ мерзімді кредит рейтингін bbb- деңгейінде растады. Рейтингілер бойынша болжам «Позитивті», деп хабарлайды өмірді сақтандыру компаниясының баспасөз қызметі.
AM Best Халык-Life-тің қаржылық тұрақтылық рейтингін B+ деңгейінде растады

AM Best рейтингілік компанияның пікірінше, "Халық-Life" АҚ-тың рейтингілері AM Best-пен өте күшті деп бағаланған Компания теңгерімінің тұрақтылығын, сондай-ақ оның барабар операциялық көрсеткіштерін және Компанияның маржалық тәуекелдерді басқаруын көрсетеді.

Бұл позитивті болжам, «Халық-Life» АҚ-ның соңғы жылдарда байқалатын операциялық қызметінің көрсеткіштерінің жақсарғанын көрсетеді. Компания теңгерімінің тұрақтылығы, 2020 жылдың соңындағы аудиттелмеген нормативтік кірістің негізінде Best’s Capital Adequacy Ratio (BCAR)-дың бағасы бойынша ең күшті деп жіктелген, тәуекелге бейімделуі арқылы оның капиталдандыруымен негізделген. AM Best Компанияның тұрақты операциялық нәтижелері мен оның болашақ өсу жоспарына қажетті жеткілікті мөлшердегі кірісті ұстап тұруға мүмкіндік беретін дивидендтік саясатының арқасында, BCAR перспективалық көрсеткіші ең жоғары деңгейде қалады деп күтеді», - деп айтылды Халык-Life-тің баспасөз қызметінде.

Компания активтерінің сыныбы: 2020 жылдың соңына қарай инвестицияларының, ақшалай қаражатының және банк депозиттерінің 90%-дан астамы тұрақты кірісі бар бағалы қағаздар болғандықтан, оның инвестициялық портфелі салыстырмалы түрде консервативті болып табылады. AM Best болашақта оның өмірді сақтандыру бойынша портфелінің өсуіне және операциялық шығыстарды бақылауға бағытталған шараларға байланысты оның жоғары операциялық табыстылығының тұрақты өсуін күтеді.

«Компания инвестициялардың жақсы табыстылығын көрсетуде. 2020 жылы капиталдың тиімділігі шамасымен 37% құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 4 пайыздық тармаққа жоғары. Біздің ұзақ мерзімді кредит рейтингіміз «bbb-» деңгейінде расталғанына қуаныштымыз, өйткені бұл «позитивті» рейтинг Қазақстандағы өмірді сақтандыру компаниялары арасындағы ең жоғары рейтинг болып табылады» - деп уақиғаға пікір білдірді «Халық-Life» АҚ Басқарма төрағасы Жанар Жубаниязова.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыруды кім қажет етеді
Өмірді сақтандыруды кім қажет етеді

Қаржылық қауіпсіздік жолында шарлау көбінесе ...

Дүниежүзіндегі ең ірі сақтандыру компаниялары аталды
Дүниежүзіндегі ең ірі сақтандыру компаниялары аталды

China Life Insurance Co. Ltd. және Ping An Insurance (Group) Co. of China Ltd. к...

Жаңа жылдық мерекелер алдында не істеу керек
Жаңа жылдық мерекелер алдында не істеу керек

Жыл соңы-бұл мерекелер мен сыйлықтардың уақыт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру