bs-preloader__icon
ru kz en

Андрей Копов, Қазақстанның сақтандыру омбудсманы: «Сақтандырушылардың саны қысқаратын болады»

Сақтандыру нарығында нарықты ірілендіру тенденциясы анық байқалады, ал сақтандыру қызметі туралы заңдарына енгізілген жаңа түзетулер нарықтың барлық кәсіби қатысушыларына қатысты болады. Қазақстанның сақтандыру омбудсманы Андрей Копов «Къ»-ге сақтандыру нарығы жаңа ережелер бойынша қалай жұмыс жасайтындығы туралы егжей-тегжей айтып берді, деп kursiv.kz жазады.
Андрей Копов, Қазақстанның сақтандыру омбудсманы: «Сақтандырушылардың саны қысқаратын болады»

– Жаңа заңда көптеген түзетулер мен толықтырулар бар, олар нарық қатысушыларына қалайша әсер етеді?

– Заң ағымдағы жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енді, сонымен Заң нормаларының басым бөлігі ағымдағы жылы қолданылатын болады. Кейбір нормалар 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қызмет ете бастайды, кейбіреулер кейінірек қолданысқа енеді.

Шын мәнісінде маңызды мәселелердің жиынтығын қамтитын үлкен заң жобасы болды. Қазақстан Республикасының үш кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді: азаматтық кодексіне жалпы және ерекше бөлігінде, әкімшілік және салық кодексіне. Қабылданған заң жобасы сақтандыру нарығының барлық кәсіби қатысушыларына қатысты болды. Бұрын сақтандыру туралы заңдарға бұрын біршама өзгерістер енгізілген, бірақ мұндай ауқымды өзгерістер көп жылдар бойы қарастырылмаған.

Бастапқыда заң жобасы парламентке жаңадан таныстырылған кезде, оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізу көзделген 2 кодекс және 18 заң жатқан. Ал шығар кезде, Президент қол қойғаннан кейін, оның ішіне 3 кодекс және 29 заң болды.

– Ал егер егжей-тегжей қарастыратын болсақ, сақтандыру нарығында не өзгерді?

– Бірінші кезекте 15 шілдеден бастап сақтандыру омбудсманының өкілеттілігі кеңейтілді. Егер 10 жылдың ішінде сақтандыру омбудсманы сақтандыру ұйымдары мен жәбірленуші арасында, сақтанушы мен сақтандырылған тұлға арасында даулар қарастырылатын көлік құралдары иелерінің азматтық-құқықтық жауапкершілігі (КҚИ АҚЖ) туралы заңы бойынша ғана мамандандырылса, енді өкілеттіліктер де, процедуралар да өзгерді. Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін реттейтін «Сақтандыру қызметі туралы» негізгі заңға сақтандыру омбудсманына, оның мәртебесіне, қызмет қағидаларына арналған тарау енгізілді. Енді сақтандыру омбудсманы қызметінің өкілеттілігі Қазақстанда бар сақтандырудың барлық түрлері мен сыныптарына таралады. Осылайша, шағын бизнеске қатысты кез келген жек ежәне заңды тұлға сақтандыру шартынан туындайтын даулар бойынша сотта дауды шешудің баламасы ретінде сақтандыру омбудсманына жүгінуге мүмкіндігі бар.

– Заңда омбудсман қызметіне ақы төлеу мәселелері өзгертілді ме?

– Бұрынғыдай сақтандыру омбудсманының қызметі ақысыз негізде жүзеге асырылады, яғни дауды қарау үшін бажды немесе алымдарды төлеудің қажеті жоқ, және мәселелерді біз қысқа мерзімде қарауға тырысамыз. Қазір мәселені қарауға 2 ай берілген, бірақ біз ертерек қарауға тырысып жүрміз. Сонымен қатар Қазақстанның басқа өңірлерінде орналасқан сақтандыру ұйымдарының клиенттері үшін сақтандыру омбудсманына өтінішті беру процедурасын жеңілдету үшін пайда алушы өтініштерді сақтандыру ұйымы арқылы бере алады. Неге? Өйткені сақтандыру ұйымдарының барлық өңірлерде филиалдары мен өкілдіктері бар, соған сәйкес барлық даулар осыдан басталады, клиенттің өтінішін қарап, сақтандыру компаниясы 3 жұмыс күні ішінде құжаттарды омбудсманына жіберуге міндетті. Қазіргі таңда мен орта және ірі бизнестің дауларын қарастыра алмаймын, өйткені олардың дауларды сот арқылы шешуге ресурстары бар. Дәл осы себеппен мен аса әлсіз санаттардың, нақты айтқанда – жеке тұлғалардың және шағын бизнестің дауларын қарастырамын.

– Ал омбудсманның қызметі қалай қаржыландырылады?

– Сақтандыру омбудсманы институтын қаржыландыру бұрынғыша жүзеге асады: жылына бір рет сақтандыру компанияларымен бірге сақтандыру омбудсманы кеңсесінің бюджеті бекітіледі. Бюджетте ағымдағы жылға біз есептейтін шығындар көрсетіледі, содан кейін ол сақтандыру ұйымдары арасында бөлінеді. Бұл сомалар жария етілмейді, өйткені ол құпиялы ақпарат болып табылады. Омбудсман қарастырылатын істер бойынша емес, тек қана қаржы бойынша өкілдер кеңесіне есеп береді.  

Салымдарды барлық сақтандыру компаниялары жасау керек пе?

– Бұрын бұл салымдарды тек КҚИ АҚЖ бойынша лицензиясы бар сақтандыру компаниялары жасайтын. Қабылданған заңға сәйкес барлық сақтандыру компаниялары, оның ішінде өмірді сақтандыру компаниялары да өкілдер кеңесінің мүшесі болуға тиіс, олар сондай-ақ сақтандыру омбудсманының кеңсесінің шығындарын да өтейтін болады.

– Ал бұл өзгерістер омбудсман қызметінің әрі қарай кеңейтуіне мүмкіндік береді ме, және бұл жалпы қажет пе?

– Мен осы қызметке келген кезде, үш жыл бұрын арыздардың саны едәуір артқандығын айта кету жөн. Егер 2015 жылы 230 арыз қаралса, қазіргі таңда 505 арыз бар. Қазір кеңседе 5 қызметкер жұмыс істейді. Әзірше барлық істерді қарауға шамамыз жетіп отыр, бірақ жылдан жылға қиындап барады. Жаңа компаниялардың келуімен (қазір өмірді сақтандыру компанияларын енгізу бойынша процедуралар жүргізілуде) тағы бір маманды жұмысқа алуға тура келеді, өйткені өмірді сақтандыру компаниясы мен жалпы сақтандыру компаниясында туындаған даулардың спецификасы ерекшелінеді, сондықтан осы саланы жақсы білетін маман қажет болады.

– Сіздің қызметіңіздегі негізгі өзгерістермен бәрі түсінікті, енді осы өзгерістерге қатысы бар қалған  нарық қатысушылары туралы білгіміз келеді. Сонымен, актуарийлер...

– Иә, сонымен қатар өзгерістер актуарийлердің қызметіне де қатысты болды. Заңмен актуарий қызметін лицензиялау тәртібі анықталды, олардың өзін-өзі реттейтін ұйымда мүше болуы қарастырылып, «тәуелсіз актуарий» ұғымы енгізілді. Бұл институт ұзақ уақыт бойы дамып келеді. Ол 2001 жылы бастау алған, ол кезде осында дәріс оқыған Канададан, Америкадан актуарийлер келген, ол кезде өз актуарийлеріміз болған жоқ. Оған дейін 1993 жылдан немесе 1996 жылдан бастап тарифтердің есебін компаниялардың өздері жүргізген, яғни тарифтің құнын математиканы жақсы меңгерген кез келген қызметкер сол кезде қолданылған әдістемеге сәйкес есептей алатын. Бірақ 2001 жылы актуарийлер лицензияларды алу үшін алғашқы курстар ұйымдастырылды. Содан кейін сақтандыру компаниясында әрекеттегі актуарий болуы керек талабы міндетті болды. Енді актуарий жұмыс істейтін әрбір компанияны тәуелсіз актуарий тексеру керек. Сонымен қатар олар ӨРҰ сияқты актуарийлер жұмыс істейтін қағидаларды анықтауы тиіс, өйткені ӨРҰ өз мүшелерінің қызметі үшін жауапкершілік жүктеледі. Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша 2018 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 57 актуарий қызмет етеді.

Туристерді сақтандырудағы өзгерістер...

– Бұл сақтандыру концептуалды түрде өзгерді, бұған дейін турагенттер мен туроператорлардың жауапкершілігін сақтандырылуы болған еді, қазір осы тәуекелдермен байланысты туристерді сақтандыру туралы сөз болуда. Одан бөлек бірнеше жыл бұрын туроператорлардың банкроттылығы да болды, көптеген даулар туындады, осының нәтижесінде сақтандыру компаниялары үлкен зиян шекті. Өйткені сақтандыру компаниялары туристтік нарықтың кейбір қатысушыларының алаяқтық іс-әрекеттерінен сақтандырылмаған еді. Содан кейін шамамен екі жыл ішінде туристерді қорға бойынша мәселені дұрыс шешу әрекеттері жасалды. Нәтижесінде туроператорлар тарапынан күтпеген жағдайлар пайда болған жағдайда туристерді Қазақстанға қайтарылуын қамтамасыз ететін қормен ассоциация құрылған. Ал сақтандыру компаниялары туристерді алаяқтық тәуекелдерден қорғауды қамтамасыз етеді. Енді туристтің шетелге шығуымен байланысты тәуекелдер сақтандырушымен сақтандырылады, бұл ретте алаяқтық іс-әрекеттердің болуы мүмкін емес. Ендігі басты мәселе туроператорлар бұл сақтандыруды турпакетке енгізу керек, яғни ол өз қызметін сақтандыру полисісіз ұсыныла алмайды.

– Былтырғы жылы КҚИ АҚЖ бойынша тарифтер қайта қарастырылатыны талқыланды?

– Тарифтер қайта қарастырылмады. Бірақ жауапершіліктің лимиттері міндетті сақтандыру туралы заңдарда өскендігін атап кеткен жөн. Бізде міндетті сақтандыру түрлері бойынша – жауапкершіліктің лимиттері, яғни сақтандыру компаниясы жауапкершілігінің шекті көлемі айлық есептік көрсеткішке байланысқан. Жылдан жылға ол өсіп келеді, бұл ақшалай түрде төлемдердің мөлшерін де, сондай-ақ сыйлықақылардың мөлшерін де түзетіп отырады. Егер, мысалы, КҚИ АҚЖ Заңында 15 шілдеге дейін өлімге әкеліп соқтырған өмірге және денсаулыққа зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің лимиті 1000 АЕК құраған, ақшамен бұл 2 млн 405 мың теңгені құрады, ал 15 шілдеден кейін жасалған шарттар бойынша жауапкершіліктің лимиті 2000 АЕК, немесе ақшамен 4 млн 810 мың теңгені құрады.

Нарықта электронды полис туралы ұзақ және көп айтылған еді. Бұл жағдайда қандай ерекшеліктерді ескеру қажет?

– Келесі жылдың қаңтар айынан бастап міндетті сақтандыруды қағаз түрінде сатып алмау мүмкіндігі туады. Сақтандыру компаниясының сайтына кіріп, қажетті құжаттарды толтырып, біз электронды түрде сақтандырылғаны туралы растауды аламыз, бұл ақпарат Бірыңғай деректер сақтандыру базасына (БДСБ) кіреді, сол жақтан ІІМ базасына ауысады. Әкімшілік полициясына сақтандыру полисін ұсынудың қажеті болмайды, өйткені бұл ақпарат полиция қызметкерлерінің планшеттерінде жедел түрде көрінетін болады. Бірақ мен автомобильді азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандырусыз пайдалануға тыйым салынғанын естеріңізге салғым келеді.

БДСБ келетін болсақ, қазір ол сақтандырудың міндетті түрлерінен ғана қалыптасады. Кейіннен сақтандырудың барлық түрлері бойынша барлық мәліметтер БДСБ-ға енгізілетін болады, сақтандыру компаниялары міндетті және ерікті түрлер бойынша бүкіл ақпаратты осы базаға жіберуі тиіс. Бұл, біріншіден сақтандыру тарихын қалыптастыру үшін, екіншіден, қандай да бір тарихи деректер негізінде есептерді жүргізуі тиіс актуарийлер үшін жасалады. Бұл үшін мерзімдер заңмен белгіленеді және реттеледі. 2022 жылға дейін сақтандыру ұйымдары ақпараты беру және сақтандыру есептерді алу туралы шарттарды тапсыру қажет. Электрондық полистің артықшылығы сақтандыру компаниясының кеңсесіне немесе агентіне барудың қажеті жоқ, интернет-ресурсқа кіріп, мәліметтерді толтыру жеткілікті, ол жақта қарапайым интерфейс болуы тиіс. Сақтандыру компаниясы өз кезегінде өтінішті қарастырып, сақтандыру туралы ақпаратты беруі тиіс, яғни өтініш білдірген тұлғаға шот жіберу керек. Жасалған төлем шарттың жасалғанын растайдф. Сонымен қатар шартты жасаған тұтынушыға міндетті түрде онымен шарт жасалғаны туралы растау хабарлама келуі керек. Тұтынушыларды алаяқтық іс-әрекеттерінен қорғау тетігі ойластырылды. Интернет-ресурстарының қауіпсіздігіне жеке мәселе арналды, осының бәрін кім және сайттардың клонын жасауды болдырмау үшін қалайша бақылайтыны талқыланды. Бірнеше жыл бұрын сіз сақтандыру компаниясын іздегенде, клон болып табылатын соған ұқсас сайтқа кірген жағдайлар кездескен.  

2019 жылға дейін бұл мәселе әлі де талқыланатын болады, алайда түпкі нәтижесінде бұл қалай болатындығын әзірше беймәлім. Сақтандыру полисін сатып алу арзандай түседі деп болжамдалады, сақтандыру ұйымдары сақтандыру полисін интернет арқылы сатып алатындарға жеңілдік ұсына алады.

– Бұл жаңалық қысқартуларға әкеліп соқтырады ма?

– Бұл сақтандыру компанияларының қызметкерлер штатының қысқаруына әкеліп соқтыруы мүмкін, өйткені үрдіс автоматтандырылған болады. Қызметкерлерді сервиске, мысалы, сүйемелдеу немесе төлемдер бөлімдеріне ауыстыру мүмкін. IT-департаменттерінде штат ұлғаюы мүмкін. Бұл жағдайда адами ресурстар талап етілмейтін сақтандыру компаниясына қосымша бір есік ашылғандай.

– Қысқартулар туралы тақырыбына оралсақ. Қабылданған өзгерістер агенттік нарықты қалай өзгертеді? Заң жүзінде агенттердің конкурстар мен тендерлерге қатысуына шектеулер енгізілді.

– Мысалы, егер конкурс болса, және бұл тендер конкурсы арқылы сақтандыру бойынша қызметтерді сатып алатын мемлекеттік немесе квазимемлекеттік құрылым болса, онда заң агенттік сыйақылардың төлеуіне шектеулерді қарастырады, бұл сыбайлас жемқорлықты болдырмайды. Менің ойымша, бұл бүкіл сақтандыру нарығының қаржылық жағдайын жақсартуға қарай үлкен қадам, өйткені агенттік сыйақыларға бұрын үлкен ресурстар кететін. Енді бұл қаражат сақтандыру компаниясына, сақтандыру компанияларының қаржы жағдайын дамытуға және жақсартуға жұмсалатын болады.

Ал нарық қаншалықты қысқарады?

– Егер агенттік нарықты алып тастаса, немесе оны саналы және қалыпты жағдайға дейін қысқартса, сақтандыру компанияларында қалатын бірнеше миллиардтардан бастап деп айтылған еді. Заңда бұрын рұқсат етілген агенттерге бірнеше сақтандыру компанияларында бір уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын өзгеріс те бар. Енді агент бір сақтандыру компаниясына жұмыс істеу керек. Сонымен қатар енді нарық айқын болады, өйткені агенттік сыйақыға нақты не кіретіндігі толық көрсетілетін болады.

Кейбір елдерде агенттік нарық жақсы дамыған, бірақ олардың қызметі лицензияланады, агенттерді оқытады. Батыс елдерде бұл әкеден балаға мұраға қалдырылатын отбасылық бизнес. Бірақ бұл жағдайда батыста өмірді сақтандыру өте жоғары деңгейде дамығанын ұмытпаған жөн. Яғни ұзақ мерзімді сақтандыру, адамдар шартты 20-30 жылға жасайды және үлкен сыйлықақыларды төлейді.

– КҚИ АҚЖ бойынша сұрақ. Сақтандырудың бұл түріне шарттың қолданылуын осы сынып бойынша бірінші сақтандыру жағдайынан кейін бір жылға  ұзартатын өзгеріс енгізілді. Бұл қалай жұмыс істейтін болады?

– Бұрын былай болатын, ЖКО (ДТП) орын алады, зиян келтіріледі, содан кейін құжаттарды жинау механизмі іске қосылып, сот, қаулылар немесе үкім, қайтадан құжаттарды жинау, зиянды анықтау болатын. Содан кейін құжаттар сақтандыру компаниясына келіп түсетін, ол сақтандыру төлемін жүзеге асыратын. Бірақ бұл кезеңге дейін қай тарап кінәлі болып табылатынын анықтай алмайтын. Бұл кезде бірде бір тарап өтелмеген еді. Яғни бірінші сақтандыру жағдайынан басқа дәл осы кезде бірнеше оқиға орын алатын. Сақтандыру компаниясына ол оқиғалар бойынша да құжаттар келіп түскен. Алайда 15 шілдеге дейін қолданылған Заң бойынша сақтандыру шарты тек бірінші сақтандыру жағдайына дейін ғана қолданылатын, төлем сол шарт бойынша ғана жүзеге асырылатын. Қазіргі жаңа редакцияда бірінші сақтандыру жағдайы бойынша шарттың қолданылуын тоқтату туралы норма алынып тасталды, енді сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде сақтандырушыны және БДСБ-ны сақтандыру шартының қолданылуы мерзімі тоқтатылғаны туралы хабарлауға міндетті. Бұл сақтандыру компаниясына құжаттарды тапсыру үшін оларды жинаған кезде бүкіл кезең бойы сақтандыру төлемдерін жүзеге асырылуына дейін сақтандыру шарты қолданылатындығын білдіреді. Сақтандыру төлемін тезірек жүзеге асыру сақтандыру компаниясының мүддесіне жатады, өйткені егер бірінші ЖКА орын алған сәттен бастап кезеңде компанияның клиенті қайтадан жол апатына түссе, сақтандырушы әркез жауапкершілік көлемінің мөлшерінде соманы төлейтін болады. Ал көлік құралының иесі жаңа кезеңге міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

– Егер сақтандыру нарығындағы ағымдағы жағдайға жалпы қарасақ, ол қысқартылады ма екен?

– Бұл үдеріс бар, біз оны бақылап отырмыз. Қазір бізде Казкоммерцбанк және Халық банкі компанияларының бірігуі орын алуда, нарық шынымен-ақ іріленуде. Екінші жағынан бұл пруденциялық нормативтерді орындауға талаптың күшеюімен, компаниялардың капитализациясымен байланысты, өйткені акционерлердің барлығы ұйымды капитализациялауға дайын емес.

Сақтандыру компанияларында лицензияны тоқтатып жатыр. Бұл Ұлттық Банкпен сақтандыру компанияларының қызметіне тексерісті өткізуімен бацланысты болды. Талаптарға сәйкессіздіктері айқындалып, осыған байланысты реттеуші уәкілетті органмен анықталған ескертулерді компаниялармен жойғанға дейін лицензияны тоқтатады. Бірақ бұл ескертулер неғұрылым тез жойылса, солғұрылым тезірек лицензия қайтадан қолданылатын болады.

Жоғарыда мен айтқанымдай, компаниялардың санын қысқартуға бейімділік бар, ол нақты қадағалануда. Бірақ уәкілетті органмен бастамашылық жасалған банкроттық бірде бір компанияда болмайды. Компания өз қызметін тоқтатып, жойылып немесе біріктірілетін болса, бұл акционерлердің шешімі емес пе.

Фото: Олег СПИВАК

Дереккөзі: https://www.kursiv.kz/news/kompanii1/andrej-kopov-strahovoj-ombudsman-kazahstana-kolicestvo-strahovsikov-budet-sokrasatsa/

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеттерінің түрлері
Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеттерінің түрлері

Біз шетелде демалған кезде, саяхаттаушы зейне...

Қайтарып алынбайтын депозиттер
Қайтарып алынбайтын депозиттер

Ұлттық Банк, ҚҚҚ және банктік қауымдастығы заң...

Өмірді сақтандырудың көмегімен қалай қаражат жинауға болады
Өмірді сақтандырудың көмегімен қалай қаражат жинауға болады

Өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) өзінің сегм...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру