bs-preloader__icon
ru kz en

«Казкоммерц-Life» АҚ-ы 2017 жылдың қорытындысы бойынша 198 миллион теңгеге жуық пайданы сақтандыру дивиденті түрінде бөліп береді

Пайданың бөліп беруі 2017 жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды компанияның баспасөз-қызметі.
«Казкоммерц-Life» АҚ-ы 2017 жылдың қорытындысы бойынша 198 миллион теңгеге жуық пайданы сақтандыру дивиденті түрінде бөліп береді

Казкоммерц-Life» АҚ-ның Директорлар Кеңесі 2018 жылғы сәуірде Компанияның 2017 жылы сәтті аяқталған инвестициялық қызметінің қорытындысы бойынша компанияның кірісіне қатысатын жинақтаушы шарттары бар сақтандырушылар арасында пайданы бөлу туралы шешім қабылдап, дивидент мөлшерлемесінің көлемін бекітті.

 Бұл шешімді Басқарма төрағасының орынбасары В.Любимов былай деп түсіндірді: «2017 жылдың қорытындысы бойынша біздің Компания өз клиенттеріне шамасы 198 миллион теңгені бөліп беруді жоспарлауда. Біз сақтандыру дивиденттерін 18 700-ден артық клиенттеріміз арасында бөлеміз деп есептеп отырмыз. Осылайша, компанияның кірісіне қатысатын өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша шарттары бар клиенттер өздерінің сақтандыру шарттары бойынша кепілдендірілген табыс мөлшерлемесімен қоса 2017 жылдың қорытындысы бойынша 8,9%-ға дейін табыс табады. Осымен Компанияның үш жыл қатарынан өзінің сақтандыру дивиденттерін өз клиенттері арасында бөліп беріп, бонустық сақтандыру сомасының көлеміне қосымша сақтандыру қорғанысын алуға мүмкіндік беріп отырғанын атап өткен жөн».

Сонымен 198 миллион теңгені сақтандыру дивиденттері түрінде үйлестірудің нәтижесінде компанияның кірісіне қатысатын өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жалпы сақтандыру сомасы 266 миллион теңгеге ұлғаяды.

Анықтама

«Казкоммерц-Life» АҚ 2006 жылы құрылған. «Өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру ( қайта сақтандыру) қызметіне құқық беретін лицензия 2006 жылы берілді және 01.07.2017 ж. №2.2.42 ҚР Ұлттық Банкімен қайта ресімделді. Қазақстан бойынша компанияның филиалдарының саны – 6, агенттік пункті – 9. Компанияның жалғыз акционері Қазақстанның ең ірі банктерінің бірі – «Қазкоммерцбанк» АҚ.

Фотосуреттер profinance.kz. сайтынан алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Артық ақшаны қайда салуға болады?
Артық ақшаны қайда салуға болады?

АиФ.ru редакциясы сақтандыру компаниясының инв...

"АльфаСтрахование" қырға қонған ұшақтың жолаушыларына өтемақы төлейді
"АльфаСтрахование" қырға қонған ұшақтың жолаушыларына өтемақы төлейді

Новосібір облысындағы қырға шұғыл қонған "Ура...

Ауысымды жұмыс қалай жадыға және ми қызметіне әсер етеді
Ауысымды жұмыс қалай жадыға және ми қызметіне әсер етеді

Ауысымды жұмыс нашар жұмыстық жадымен (адамға ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру