bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстандықтар қанша триллион жинады

Ұлттық Банктің деректері бойынша 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қаржы ұйымдарының салымдарында 16,4 трлн теңге сақталған, деп хабарлайды LS. Бұл 2021 жылғы осы кезеңіне қарағанда 22,4%-ға немесе 3 трлн теңгеге жуық көбірек. Жалпы сомадан заңды тұлғаларға 5,5 трлн теңге (+31%), жеке тұлғаларға 10,9 трлн теңге (+19,8%) келеді.
Қазақстандықтар қанша триллион жинады

Корпоративтік клиенттердің депозиттерінде шетелдік валютада 1,9 трлн теңге (+18,7%), ұлттық валютада - 3,5 трлн теңге (+34,6%) сақтаулы. Жеке клиенттердің салымдарында шетелдік валютада 4,1 трлн теңге (+7,9%), ұлттық валютада – 6,8 трлн теңге (+28,3%) есептеулі.

Өңірлерге қатысты болса, реттеуіштің ақпараты бойынша барлығынан көп ақшаны Алматы тұрғындары – 6,8 трлн теңге – және Нұр-Сұлтан тұрғындары 3,4 трлн теңге жинаған. Одан әрі көлемі бойынша депозиттер Қарағанды облысында – 809 млрд теңге, ШҚО – 750,6 млрд теңге, Қостанай – 552 млрд теңге және Павлодар облыстарында – 541,4 млрд теңге.

Жинақтардың барлығынан азы 175,4 млрд теңге – Қызылорда және 73,1 млрд теңге - Түркістан облыстарының салымдарында болды.

Дереккөзі: https://lsm.kz/depozit-za-2021-god

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнетақы аннуитеттерінің сенімді қаржылық жоспарлаудағы рөлі
Зейнетақы аннуитеттерінің сенімді қаржылық жоспарлаудағы рөлі

Аннуитеттер сенімді қаржылық жоспарлауда маң...

Жастарда аса талап етілген маман болуы мүмкіндігі туды
Жастарда аса талап етілген маман болуы мүмкіндігі туды

Жуырда актуарлық курстардан өту үшін грантты ...

Allianz сақтандыру бренді үш айдың ішінде Ресейден кетеді
Allianz сақтандыру бренді үш айдың ішінде Ресейден кетеді

Allianz сақтандыру компаниясы үш ай ішінде Ресейд...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру