bs-preloader__icon
ru kz
✕

Қазақстандықтарға мүгедектігі бойынша жәрдемақы түрінде 404 млрд теңге төленді

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен шамамен 357,3 млрд теңге бағытталды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 46,8 млрд теңге сомаға әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандықтарға мүгедектігі бойынша жәрдемақы түрінде 404 млрд теңге төленді

2024 жылғы бірінші тамыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 539,7 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 186,5 мың адамды құрайды.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Мәселен, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 96,2 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлем – шамамен 64,1 мың отбасы алды.

Жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1 топ үшін – 95 496 теңгені, 2 топ үшін – 76 397 теңгені, 3 топ үшін – 52 089 теңгені құрайды.

2024 жылғы бірінші тамыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 57 685 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 60 644 теңгені құрайды.

Ашық дереккөзден алынған сурет

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ұлыбритания министрі зейнетақы қорларын отаншылдық танытуға шақырды
Ұлыбритания министрі зейнетақы қорларын отаншылдық танытуға шақырды

Ұлыбританияның бизнес мәселелері жөніндегі м...

Әлемдік үрдістер мен өсім рекордтары
Әлемдік үрдістер мен өсім рекордтары

Соңғы жылдары Қазақстанның өмірді сақтандыру ...

Өмірді сақтандыру полисін қашан өзгерту керек
Өмірді сақтандыру полисін қашан өзгерту керек

Өмірді сақтандыру сізге және Сіздің жақындары...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру