bs-preloader__icon
ru kz

Егер сақтандырушының төлемақысымен келіспесеңіз, не істеу керек

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің статистикасына сәйкес, осы жылдың қаңтар- мамырына сақтандыру төлемдерінің көлемі 67 млрд теңгені құрады, ол өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 40,8%-ға көбірек. Сақтандыру компанияларының кейбір клиенттері төлем мөлшерімен келіспейтіні құпия емес. Сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін өтемақыға көңіліңіз толмаса, не істеу керектігін осы жерде айтамыз.
Егер сақтандырушының төлемақысымен келіспесеңіз, не істеу керек

Делдалсыз сақтандырушымен дауласу бекер, себебі менеджерлер шешім қабылдамайды. Алайда
сақтандыру төлемін нарықтың бітістіруші соты – сақтандыру омбудсманының көмегімен ұлғайтуға
болады.

Сақтандыру омбудсманы – өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға, ол сақтандырушылар және олардың клиенттері арасындағы дауларды реттеумен айналысады.

Қазақстанда Сақтандыру омбудсманы институты ТМД елдері арасында алғашқы болып құрылды.
2019 жылдың 29 қарашасынан бастап ҚР сақтандыру омбудсманы болып Павел Завалко жұмыс
істейді.

Сақтандыру омбудсманы қандай мәселелерді шешеді сақтанушылар (сақтандырылған адамдар, пайда алушылар) - жеке тұлғалардың және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сақтандыру компанияларымен болған келіспеушіліктерін реттеу, бұл ретте талап ету сомасы АЕК-нің 10 мың еселенген мөлшерінен аспауы тиіс;
сақтандыру ұйымдарының арасындағы дауларды реттеу;
заңды тұлғалар мен сақтандырушылардың КҚИ АҚЖ дауларын реттеу.
Сақтандыру омбудсманының шешімі сақтандыру ұйымының орындауы үшін міндетті. Яғни,
сақтандырушы уәкілетті органның немесе соттың шешімін орындағандай, сақтандыру
омбудсманының шешімін орындауға міндетті.

Сақтандыру омбудсманына қалай хабарласуға болады
Сақтандыру қызметтерін тұтынушылар сақтандыру омбудсманының кеңсесіне жүгіне алады:
телефоны: (727) 382-41-74
электрондық поштасы office@omb.kz
сайт: www.insurance-ombudsman.kz
мекенжайы: Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі 28/7, «Бай-Тал» ТК аумағы, 2-ші қабат

Жұмыс алгоритмі

Өтініш беріліп, құжаттар пакеті ұсынылғаннан кейін сақтандыру омбудсманы істерді қарауға дайындауды ұйымдастырады және қажет болған жағдайда, тараптардан жазбаша түсіндірме,
дәлелдер және басқа да қосымша құжаттар сұратады. Бүкіл құжаттарды алғаннан кейін іс
бойынша тыңдалым тағайындалады, оған дау тараптары шақырылады.

Тыңдалым қорытындысы бойынша шешім шығарылады. Сақтандыру омбудсманының шешімі дау тараптарына шешімнің қарар бөлігін ауызша жариялағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жазбаша
жеткізіледі.

Дереккөзі: https://prodengi.kz/post/cto-delat-esli-ne-soglasen-s-vyplatoi-straxovshhika

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Егде жастағы адамдардың өмірін жедел сақтандыру
Егде жастағы адамдардың өмірін жедел сақтандыру

Жинақтаушы сақтандырудан ерекшелігі, өмірді т...

Топтық өмірді сақтандыру дегеніміз не
Топтық өмірді сақтандыру дегеніміз не

Сақтанушы өз бетінше таңдайтын және ресімдейт...

Қант қосылған кофе қалай өлім қаупін төмендете алады
Қант қосылған кофе қалай өлім қаупін төмендете алады

Негізінде кофені ішпейтіндермен салыстырғанд...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру