bs-preloader__icon
ru kz

Әйелдер өмірді сақтандыру туралы нені білуі тиіс

Статистикаға сәйкес, әйелдер өмірді сақтандыру полистерін ерлерге қарағанда сирек сатып алады. Zee Business мақаласы – өмірді сақтандыру полисін сатып алуға шешім қабылдаған әйелдер үшін жолсілтеме.
Әйелдер өмірді сақтандыру туралы нені білуі тиіс

Ұзақ мерзімді (5,10,15 жыл) өмірлік мақсаттарға жинауға, сонымен қатар, күтпеген жағдайлар уақытында айтарлықтай төлемдерді алуға мүмкіндік беретін, өмірді жинақтаушы сақтандыру полисін рәсімдей отырып, әйелдер көптеген жағдайда өзін сақтандыратын ерлермен салыстырғанда, жиі пайда алушылар ретінде өз жақындары мен балаларын тағайындайды.

Сақтандыру компаниясын таңдай отырып, көңіл бөлетін тұстар

Лицензия

Компанияның міндетті түрде сақтандырудың нақты түріне лицензиясы болуы тиіс. Сізге қажет дәл сол түріне лицензиясы бар ма тексеріңіз. Мұны Ресей Банкінің сайтында жасауға болады. «Сақтандыру ісінің субъектілері» кестесін жүктеп, қажет компанияны тауып, салыстырыңыз. Сонымен қатар, лицензияның болуын Қаржы нарығы қатысушыларының анықтамалығының (Ресей Банкінің ресми ақпараты) көмегімен онлайн тексеруге болады.

Тарифтер

Сақтандыру тарифтері Ресей Банкі белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Өте төмен тарифтер алаяқтық белгісі болуы мүмкін. Полистің шамалы құнын сақтандыру компаниясының сайтында онлайн есептеуге болады. Әр түрлі компаниялардың сайттарында құнын есептеңіз, сандарды салыстырыңыз. Назар аударыңыз: шартта неғұрлым көп тәуекелдер көзделсе, соғұрлым сақтандырудың бағасы жоғары.  

Беделі

Нарықта бұрыннан бері жұмыс істеп жатқан, жақсы беделді, белгілі компанияларға ұмтылыңыз. Таныстарыңыздан сұрастырыңыз, интернетте пікірлерді оқып шығыңыз.

Шарттары

Сақтандыру шарттарын мұқият оқыңыз. Шарттың толық нұсқасын талап етіңіз, себебі полистің бланкісінде барлығы жазылмайды. Сақтандыру жағдайының белгілері аталған тармаққа ерекше көңіл бөліңіз. Сақтандыру қай кезде қолданылатынын біліп алыңыз. Компания өкілінен түрлі жағдайларда шығынды өтеу рәсімін анықтап алыңыз, мерзімдері туралы сұраңыз.

Дереккөзі: https://www.zeebiz.com/personal-finance/news-wealth-guide-womens-day-special-things-women-should-know-before-buying-life-insurance-180353

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанда зейнетақы төлемдері арттырылады
Қазақстанда зейнетақы төлемдері арттырылады

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әле...

ҚР қай банктері қиындыққа тап болуда
ҚР қай банктері қиындыққа тап болуда

Елдің банк секторында қаржылық тұрақтылықтың ...

Яндекс сақтандырушыны сатып алғысы келеді
Яндекс сақтандырушыны сатып алғысы келеді

Яндекс сақтандыру бағытын дамытуды жоспарлап ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру