bs-preloader__icon
ru kz en

Өз ақшаны қалай сақтап қалып, көбейтуге болады

Теңгенің долларға қатысты бағамының тұрақсыздылығы, мұнайдың биржалық ауытқулары, жылжымайтын мүлікке бағалардың өсуі мен төмендеуі – бұның барлығы жиналған қоры бар және оны сауатты басқаруды қалайтын қазақстандықтарды есінен тандырады. Forbes.kz өз қаржысын теңгеде сақтағысы келмейтін қазақстандықтар оны қалай сақтап, көбейтуге тырысып жүргендері туралы баяндап берді.
Өз ақшаны қалай сақтап қалып, көбейтуге болады

Қазақстандықтар бұрынғыша ақшасын банктегі депозитке салады, өйткені салымдарды сақтандыру жүйесі бар, алайда бұл жүйе егер шетелдік валютада болса тек 5 миллион теңгеден артық емес соманы сақтандырады. Бірақ депозиттердің, әсіресе шетелдік валютадағы депозиттердің әлсіз жағы – сыйақының 1%-дан артық емес төмен мөлшерлемесі.

Сонымен қатар инвестициялардың дереккөзі ретінде жылжымайтын мүлік дәстүрлі түрде қарастырылады. Бірақ бұл жағдайда нарықтың ерекшеліктерін жете түсінген жөн, деп Forbes.kz жазады, өйткені жағдай ай сайын, жыл сайын өзгеруі мүмкін және түрлі факторларға байланысты болады. Жалға берушілер соңғы кезде клиенттер кетіп қалмас үшін бағасын төмендетуге мәжбүр болды.

Қор нарығы – ақша табудың керемет құралы. Бірақ ол өте тәуекелді, деп Forbes.kz ескертеді. Нақты айтқанда, егер биржада кепілдендірілген табысы бар қағаздар болса, онда табыс төмен болады. Ақша табудың ықтималдылығы жоғары болған сайын, одан айырылу тәуекелі де жоғары.

Өмірді жинақтаушы сақтандыру – Қазақстан нарығында бұл жаңа қаржы құралдарының бірі. Бұл құрал кертартпа құралдарға жатады, ал ол бойынша табыс  белгіленген және кепілдендірілген болады. Бұл құралды өмірді сақтандыру компаниялары қолданады. Бұл ретте Қазақстанда олардың қызметі ҚР Ұлттық Банкімен қатаң түрде реттеледі, сондықтан сақтандырушылар салымшылардың ақшасын бағалы қағаздардың шектеулі түрлеріне ғана қайта инвестициялай алады.

Мысалы, жоғары өтімді активтер сақтандыру компаниясының барлық қабылданған міндеттемелерінен 110%-дан кем емес активті құруы тиіс. Демек, егер барлық салымшылар бір уақытта өз қаржысын алып кеткісі келсе де, бұл қаражат 110%-ға қамтамасыз етілген! Және де бұл сақтандырушының өзіндік капиталы ескерілмей алынған. Бұл орайда өмірді сақтандыру компаниялары өз қызметінде тұрақты болып, дағдарыс кезеңінде де дамып келеді: Қазақстанда соңғы 6 жылдың  ішінде орташа есеппен жылына 32%-ға өсті.

Өмірді сақтандыру компаниялары әлемдік тәжірибеде – бұл едәуір тұрақты қаржы институттары болып табылады. олар несие берумен айналыспайды, сондықтан өз клиенттерінің қаржысын жоғары несиелік тәуекелге ұшыратпайды. Оның орнына олар жоғары рейтингілі бағалы қағаздарға салымдарды жасайды. Осылайша, табыстың тұрақтылығына және салынған қаржының сенімділігіне қол жеткізіледі. Бұл орайда салымшы қор нарығын жете түсінетін маман болуы міндетті емес.

Сонымен қатар мұндағы табысқа салық салынбайды. Ал сақтандыру арқылы қорғау салымшының өмірінде мүмкін болатын жағымсыз оқиғалар орын алған кезде бүкіл соманың алуын кепілдендіреді – сақтандыру төлемдері мұрагерлікке беріледі.

Қазақстанның нарығында жинақтаушы сақтандыру «Номад Life» компаниясынан «Золото Номадов» өнімімен ұсынылады. Мұндағы табыстылықтың мөлшерлемесі доллармен жылдық 3,26%-ға дейін. Бұл Forbes.kz атап көрсеткендей, банктік депозиттен үш есе артық.

Жинаған ақшаңыздан айырылып қалмау үшін, бір ғана құралға немесе қаржы институтқа салудың қажеті жоқ – жұмыртқаны бөлек себеттерде ұстау керек. Ал бұл қандай себеттер болуы мүмкін – Сіз өзіңіздің ақшаңызбен қаншалықты тәуекелге бара алатыңызға байланысты болады, деп жазады Forbes.kz.

Дереккөзі: https://forbes.kz/finances/insurance/kak_ne_tolko_sberech_no_i_vyigodno_priumnojit_svoi_krovnyie/ 

Фотосурет findfxway.com, 1zoom.ru сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ҚР инфляциясы жылдық есептеуде 16%-дан асып түсті
ҚР инфляциясы жылдық есептеуде 16%-дан асып түсті

Тамызда инфляция жылдық есептеуде – 16,1%-ды құр...

Өмір бойында КСЖ полисіне клиенттердің талаптары қалай өзгереді
Өмір бойында КСЖ полисіне клиенттердің талаптары қалай өзгереді

Адамдардың өмірді сақтандыру бойынша компани...

Қарақұмықты немен мүлде жеуге болмайды
Қарақұмықты немен мүлде жеуге болмайды

Дәрігер -токсиколог, профессор Михаил Кутушов ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру