bs-preloader__icon
ru kz

Мүгедектікті белгілеу үшін тәуелсіз сарапшылар тартыла бастады

Қазақстанда медициналық ұйымдар медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) сырттай проактивті форматта жіберетін азаматтарды куәландыруға тәуелсіз сарапшыларды тарту бойынша пилоттық жоба басталды. Тәуелсіз сарапшылар институтын толық көлемде енгізу ҚР Әлеуметтік кодексінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап көзделген, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Мүгедектікті белгілеу үшін тәуелсіз сарапшылар тартыла бастады

Сәуір айында азаматтарды куәландыру процесіне тәуелсіз сарапшыларды енгізу тетігін сынақтан өткізу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері бірлескен бұйрық қабылдады. Ол үміткерлердің тестілеуден өту және талап етілетін құжаттар топтамасын ұсыну тәртібін реттейді. Негізгі талаптардың бірі жоғары медициналық білім, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының болуы, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мәселелері бойынша соңғы 5 жылда оқудан өткенін растайтын құжат болып табылады. Осылайша, тәуелсіз сарапшыларды іріктеу біліктілік деңгейі мен жұмыс өтілі ескеріле отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылатын болады.

МӘС-ке тәуелсіз сарапшыларды тарту бойынша пилоттық жобаны іске қосу шеңберінде конкурсқа 50-ге жуық адам қатысты. Іріктеудің барлық кезеңдерінен жұмысқа кіріскен 18 сарапшы дәрігер өтті.

Сараптама мынадай түрде жүргізіледі: медициналық құжаттар мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен алынған деректер негізінде сарапшыға автоматты түрде электрондық және иесіздендірілген түрде түседі.

Істерді бөлу аумақтан тыс тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл Алматыда тұратын сарапшыға Алматыдан басқа еліміздің басқа өңірлерінен құжаттар келіп түсетінін білдіреді.

Тәуелсіз сарапшылар институтын енгізу азаматтардың сарапшылармен және тиісінше сыбайлас жемқорлық құрамдас бөліктерімен тікелей байланысын болдырмауға бағытталған.

Ашық дереккөзден алынған сурет

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өмірді мерзімді сақтандыруды таңдайды
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өмірді мерзімді сақтандыруды таңдайды

Үндістанның өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат...

Неге аннуитеттер әйелдер үшін тиімді
Неге аннуитеттер әйелдер үшін тиімді

Зейнетақы жасындағы әйелдер мен ерлер әртүрлі...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру