bs-preloader__icon
ru kz en

«Өмірді сақтандыру – бұл әлеуметтік маңызды мәселе, бұл жақындарына қамқорлық жасау»

Біздің басылымызға берген айрықша сұхбатында «Евразия» ӨСК АҚ Басқармасының төрағасы Гүлмира Убегалиева Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығында жаңа компанияның жоспарлары туралы баяндады, саланың дамуы бойынша өз болжамдарын беріп, бұл үшін нақты не керек туралы өз пікірін білдіріп, сондай-ақ біздің еліміздегі және Батыстағы сақтандыру компаниясы клиентінің портретін суреттеп берді.
«Өмірді сақтандыру – бұл әлеуметтік маңызды мәселе, бұл жақындарына қамқорлық жасау»

- Гүлмира Қайроллақызы, акционерлеріңіздің ӨСК құру туралы шешімі қалай қабылданған еді? Оған қандай факторлар әсер етті?

- «Евразия» СК өзінің еншілес ұйымын – «Евразия» ӨСК – құру туралы шешімі сақтандыру өнімдерінің топтамасын жаһандық кеңейту жоспарларымен шарттасқан. Осы және келесі жылдарға арналған компанияның басты міндеті – өмірді сақтандыру нарығында бәсекеге қабілетті өнімдер топтамасын және жоғары сапалы қызметтерді құру үшін Қазақстанның сақтандыру нарығының көшбасшысы «Евразия» СК-ның тәжірибесі мен беделін пайдалану. Сонымен қатар біз алдағы 5 жылдың ішінде Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай сұраныстың артылуын қолдайтын болады және сақтандыру нарығы жақын арада қаржы саласында ең динамикалы саланың біріне айналады, деп есептейміз.

Біз наурыз айында компанияның жарғылық капиталы 5,4 млрд теңгені құрап, ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы бойынша «өмірді сақтандыру және қайта сақтандыру» саласы бойынша капиталдың мөлшеріне қойылатын талаптарға сәйкес келеді деп мәлімдеген болатынбыз. Осы саланың шегінде «Евразия» ӨСК өмірді сақтандыру саласы бойынша лицензиясы шегінде сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қызметті жүзеге асыруды жоспарлайды.

- Соңғы бір-екі жылдың ішінде Қазақстанда ӨСК дамуына инвесторлардың қызығушылығы едәуір өскені құпия емес. Сіздің ойыңызша, бұл немен байланысты? Қазақстандық ӨСК активтерінің өсімі туралы пікір білдіріледі және статистика келтіріледі, яғни бұл бизнес, және ол шынайы табыс әкеліп, дамып келе жатыр.

- Сандық жүйеге көшіру бірте-бірте сақтандыру нарығын жаулап алуда. Көптеген сақтандыру өнімдері онлайн сатылуда, шығындарды қашықтан реттеу сервистері дамып, жаңа сақтандыру өнімдері ұсынылады.

Бірнеше жыл бұрын көз жетерлік болашақта өмірді сақтандыру сұранысқа ие болатыны ақылға сыймайтын, бірақ қазір нарықта жеті өмірді сақтандыру компаниясы бар екенін ескерсек, бұл сала өзін ақтап келетіні анық. Ұзақ уақыт бойы сақтандыру нарығы назарынан тыс қалған өмірді сақтандыру сегменті соңғы 5 жылдың ішінде алға қарғуды жасады: бүгінде ол компаниялардың, реттеушінің және БАҚ-тың назарында, бұл қуантарлық жәйт. Егер болашақты айтатын болсақ, өмірді сақтандыру жыл сайын 10-15%-ға өсетін болады деп болжамдап отырмыз, әйтпегенде «Евразия» ӨСК ашылмайтын еді. Қазіргі таңда Қазақстанда өмірді сақтандыру индустриясы дамуының белсенді сатысында орналасқан деп айтуға болады. Оның әрі қарай табысты дамуы үшін бірқатар құрамдас бөліктер талап етіледі, ал соның ішінде саланың ішкі стандарты ең маңызды болып табылады.

Шын мәнісінде біз Қазақстандағы өмірді сақтандыру саласының өсуі үшін өмірді сақтандыру өнімінің өзіне ғана емес, сату үрдісіне де қойылатын талаптар қарастырылуы тиіс деп есептейміз. Ақпаратты ашудың бірыңғай қағидалары болуы тиіс, сатулар үрдісі ашық болуы қажет. Бұл үшін агенттерді әбден оқытып, оларды лицензиялауды енгізу; сатушылардың біліктілігін бағалау жүйесін әзірлеу қажет, қазіргі кезеңде бұл ең алдымен негізгі өнімдерге қатысты, содан кейін ғана қалған өнімдерге де таралады.

Өмірді сақтандыру нарығын әрі қарай белсенді дамыту үшін қатысушылар сақтанушылар алдындағы міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарау тиіс. Нарықтың өсуі клиенттердің қанағаттануы деңгейіне тікелей байланысты. Мысалы, біздің компаниямыздың https://eurasia-life.com/ сайтына және телефондарына келіп түсетін сауалдар бойынша біз клиенттер тарапынан өмірді сақтандыру өнімдеріне үлкен қызығушылығын байқап отырмыз. Бұл өзін және өз отбасын күтпеген өмірлік жағдайлардан қаржы арқылы қорғаумен қамтамасыз етуді қалайтын клиенттер санының ұлғаюымен байланысты.  

Біздің адамдарымыздың өмірді қауіпсіздендіру және оны қазір және болашақта жақсарту мақсатымен сақтандыруға ұлғайып отырған қызығушылықты ескере отырып, біз клиенттердің талаптары мен қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыратын бірегей өнімдер мен қызметтердің жоғары сапасын ұсына алатынымызға сенімдіміз. «Евразия» СК клиенттері 20 жылдан астам уақыт бойы көрсетіп отырған қызметтердің жоғары сапасына көздері жетті. Ендігі кезекте – «Евразия» ӨСК клиенттері. Біз ары қарай жүруге ұмтыламыз, біздің мақсатымыз – клиенттің өмірін жеңілдету.

- Сіз өзіңіз Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығының дамуын қалай бағалайсыз? Сіздің ойыңызша қандай әлсіз және күшті жақтары бар? Өсудің перспективаларын қайдан көріп отырсыз?

- Бүгінгі таңда көшбасшылықты үрдістерді автоматтандыру, өзгерістерді енгізудің жылдамдығы және компанияның жаңа трендтерге бейімделу мүмкіндігі, инновациялық шешімдериен жұмыс және операциялық тиімділік. Өйткені сақтандыру компанияларына қойылатын талаптар реттеуші тарапынан да, клиенттер тарапынан да жылдан жылға күшеюде екені баршаға мәлім. Бұл бәйгеге шыдап келгендер клиентпен өзара әрекеттесудің үлгісін өзгерте алады және жоғары нәтижелерге қол жеткізеді.

Қазіргі таңда өмірді сақтандыру нарығы өзіне арттырылған назарды аудартатыны құпия емес. 5 жыл бұрын мұндай жағдай болмаған еді, және нарықтың өсуінің динамикасы көптеген дамып келе жатқан нарықтардың үлгісін: депозиттік, инвестициялық, зейнетақы және сақтандыру нарықтарының қиылысында инновациялық өнімдердің дамуы басталатын банктік сақтандыру негізіндегі өсу –  қайталауы мүмкін болатын жолымен біз де батыл түрде жүретін боламыз.

Жақын келешекте сақтандырудың еркін түрі ретінде өмірді сақтандыру дұрыс тәсілдеме арқасында жалпы сақтандырудан кейбір түрлерінен асып кетуі мүмкін, бұл абсолютті лайықты және өте табиғи трендке айналады. Бұл ретте өмірді сақтандыру нарығы өсетініне сенеміз, 2025 жылға қарай біздің нарығымыздың жыл сайын 30-40%-ға ұлғаюы үшін алғышарттары бар.

Бұл ретте өмірді сқтандырудың негізгі өнімдерінің екеуі де – қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС), сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру да дамитын болады. Өнімдер топтамасындағы негізгі өзгерістер биылғы жылы біздің өнімдеріміздің сервистік құрамдас бөлігімен толтыруға қатысты болмақ. Бұл біздің серіктестерімізбен жүргізілетін келіссөздерінде қосымша артықшылығымыз болып табылатыны анық.

Бастапқыда осы өмірді сақтандыру ауқатты клиенттерге арналған өнім деп есептелінетін. Бірақ қазірдің өзінде нарықта көпшілікке арналған ұсыныстар бар, ондағы жарнаның ең төменгі мөлшері 10 000 теңгеден басталады.

Қазіргі таңда өмірді сақтандырушылар зейнетақы нарығының дамуына, оның ішінде оны мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне енгізу есебінен, қызығушылық білдіруде. Сақтандырушылар жинақтарға ғана қатысты емес, сонымен қатар қиын өмірлік жағдайларда отбасының табысын қорғауға қатысты мәселелер аясын шеше алады.

- Сіздің алдыңызда компанияны алдағы 1-2 жылдың ішінде дамыту бойынша қандай міндеттер қойылды? Сіздің компанияңыз қазір қандай жұмысты жүргізіп отыр? Ол қандай қалаларда ашылатын болады? Сіздің компанияңыз нарықтың қандай үлесін иеленіп алуды жоспарлануда және қазақстандықтарға сервистің, қызметтердің қандай ерекшеліктерін ұсынуға дайын?

- Болашағына келетін болсақ, ол «Евразия» ӨСК-да өте айқын: нарықта өз үлесіне ие болу мүмкіндігі бар, нарық салыстырмалы қалыптасу кезеңінде орналасып, молықтырылғанша, сонымен қатар бүгінгі таңда сақтандырудың классикалық түрлерімен қатар біз инновациялық өнімдерге жоғары сұранымды байқап отырмыз.

 «Евразия» ӨСК бұл кезеңде қаржы тобының клиенттерімен жұмыс істемейді, жыл аяғында біздің портфельдің 70-80%-ы жаңа клиенттерден құрылады. Өмірді сақтандыру бойынша компанияны құру туралы шешім әлемде қабылданған one-stop-shop табысты бизнес-үлгісін іске асыруда қиясынды қадамы болды. Бұл үлгі бойынша клиент барлық қызметтерді бір «терезеден» ала алады. Бұл қазіргі және әлеуетті клиенттерге сақтандыру қызметтерінің бүкіл жиынтығын ұсынуға мүмкіндік береді. Осылайша, «Евразия» ӨСК еншілес құрылымын құру бірлескен тоғыспалы сатуларды табысты дамыту үшін үлкен мүмкіндіктерді береді, ал бұл клиенттерге қызмет көрсету сапасының көтерілуін білдіреді. 

Біз, мысалы, қазірдің өзінде мисселингпен күресу мақсатында бір қатар іс-шараны енгіздік. Нақты айтқанда, клиенттерге сатудан кейін шарттың негізгі талаптарын олар дұрыс түсіне алды ма дегенді нақтылау үшін қоңырау шалуды жүзеге асырдық, өйткені біз үшін сату сапалы болғаны, өнімнің мәні түсінікті болғаны маңызды.

Нақты айтқанда компаниямыз амбициялық міндеттерді қояды: бизнестің барлық желілері бойынша сыйлықақыларды жинақтау, бұл ретте компания көшбасшылардың үштігіне кіруге ұмтылып отыр. Сондай-ақ барлық майдандардағы жұмысты, оның ішінде өңірлік форматта да жұмысты күшейтуді жоспарлап отырмыз. Мұндай стратегиялық міндеттер біздің нарықтың жай-күйін, оның өсу перспективасын және өз әлеуетімізді бағалауды қажет етеді. Жалпы сақтандырудың көшбасшысы «Евразия» СК-мен бірлесіп жұмыс істеу сату және кросс-сату арналарының сан алуандылығы сияқты кең мүмкіндіктерін береді, бұны іске асырмау – биікке көтерілудің тарихи сәтінен айырылуды білдіреді. Компанияның дамуы барлық арналар бойынша: агенттік, серіктестік, корпоративтік, өңірлік арналар бойынша жүргізілетін болады. сонымен қатар біз нарықтық банктермен жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз. Ірі компаниялар мен олардың қызметкерлеріне біз ұжымдық және жеке бағдарламаларды қоса алғанда, бизнеске арналған өнімдерді, жеке сақтандыру бойынша топтаманы ұсына отырып, кешенді қызмет түрлерін қамтамасыз ете аламыз. Ал, мысалы, шағын және орта бизнестегі компанияларға олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, ерекше қызмет түрлерін ұсынамыз. 

Компанияның акционерлері алдымызға қойған міндетке келетін болсақ, біз рекордтық мерзімде Қазақстанда өнімдердің толыққанды топтамасымен өмірді сақтандыру нарығының көшбасшылары қатарына енуіміз керек. Сонымен қатар бұл біздің кәсіби командамыз бен технологияларға дайындығымыз. Сонымен қатар біз әрдайым бөлшектік депозиттік базаға сақтандыру және инвестициялық-жинақтаушы өнімдердің енуіне мониторинг жүргізіп отырамыз. Бұл түсінікті критерий – ол бойынша біз өзіміздің ары қарай өсуінің әлеуетін бағалай аламыз.

Бізде амбициясы жоғары жоспарларымыз бар – сіз оны өзіңіз де жақын арада көретін боласыз.

- Егер сіздің қазақстандық клиентіңіздің орташа портретін ірі батыс сақтандыру компаниясының клиенттің орташа портретін салыстыратын болсақ. Сіздің ойыңызша, олардың айырмашылықтары болады ма?

- мұндай клиенттің портретін құру оңай емес, бірақ бейнелеп беруге тырысып көрейін.

Егер де Европаны алатын болсақ, онда бұл 30-60 жастағы жоғары білімді, отбасылы, тұрақты кәсібімен ер адам, ол жұмысында жоғары лауазымда болмауы да мүмкін, бірақ ол сақтандыру – ақшаны бөлуі тиіс шығындардың өмірлік қажетті баптарының бірі болып табылатындығын түсінеді. Әрбір отбасыда кемінде медициналық сақтандыру, ал көбінесе бірнеше басқа да полистері бар. Қайталап айтамын: бұл ретте европалық азамат айына табатын ақшасы аса жоғары емес болуы мүмкін. Сонымен қатар Батыстағы сақтандырушылардың менталдылығы мүлдем басқаша, олар өзінің денсаулығын күтіп жүрген клиенттерге (спортпен шұғылдану, темекі шегуден бас тарту және т.б.) әр түрлі бонустарды ұсынуға дайын. Бұл ретте олардың барлық балалары сақтандырылған, мысалы, балалардың білімі отбасылық бюджеттерінде ерекше орын алуда. Егер ата-анасымен бір келеңсіз жағдай орын алатын болса (қайтыс болу немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу), қалған жарналарды сақтандыру компаниясы жасайды және олардың балалары қамтамасыз етіледі.

Қазақстанға келетін болсақ, бұл өз отбасыларында негізгі табыскер болып табылатын, табысы әдеттегідей орташа деңгейден жоғары, көбіне жоғары басшылық қызметтерге ие болатын адамдар. Яғни бұл кәсіби тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да қалыптасқан адамдар. Негізінен олардың жасы 40-тан жоғары. Қазақстандағы адамдар өздерін және өз балаларын қуана-қуана сақтандырып жүргені бізді қуантады, өйткені олар сақтандырудың маңыздылығын түсініп отыр. Шын мәнісінде біз дамыған әлем елдеріндегі әрбір отбас мүшесіне 2-3 әр түрлі полис келетін көрсеткіштеріне жақындай түсуіміз қажет.

- Қазақстанда жалпы халықта, оның ішінде жас буынының өсуіне, валюталық депозиттер бойынша жоғары емес мөлшерлемесіне байланысты жинақтарды сақтау және көбейту үшін өнімдерге, кішігірім сомалардан бастап инвестициялардың қауіпсіз құралдар өнімдеріне сұраныс жоғары екен деген пікірмен келісесіз бе? Сіз бұл мәселені зерттедіңіз бе? Статистика бар ма? Сіздер келешекте осыған байланысты қазақстандықтарға қандай қызықты ұсыныстарды ұсынасыз? Қазақстандықтардың өмірді сақтандыру қызметтеріне сұранысын қалайша жоғарылытуға болады, сонымен қатар халықтың сақтандыру мәдениетінің деңгейін жалпы қалай көтеруге болады?

- Өмірді сақтандыру – бұл әлеуметтік жағынан маңызды, бұл жақындарына, жанындағы адамдарына, саған тәуелді болғандарына, өз балаларына қамқор болу. Және де өзіне қамқор болу. Иә, бұл ерікті қадам, бірақ бұл қадам соған тұрарлық. «Евразия» ӨСК өз қызмет түрлері арқылы Қазақстан азаматтарының әдеттегі өмір салтын кез келген жағдайда қорғағысы келеді, өйткені тәуекелдер әр түрлі болуы мүмкін. Өмірге қауіп төндіретін аурулар да бар, сол үшін қомақты қаражат қажет. Бізде сондай сақтандыру бағдарламалары да бар. Мүгедектіктің басталуы тәуекелі де бар. Біз ақшасын төлейміз – денсаулығыңызды түзеп алыңыз. Асыраушы өмірден өтеді. Міне сізге ақша – оны ақылмен жаратыңыз. Бұл өмірді жинақтаушы сақтандыру тұрғысынан. Біздің бағдарламаларымыз өте икемді, біреулерге максималды жоғары қорғау қажет. Биылғы жылы бөлшек сегменті үшін сақтандыру шешімдерінің дамуына ерекше көңіл аударамыз. Сондай-ақ біз корпоративтік клиенттерде едәуір талап етілген қораптық шешімдер есебінен өсімді күтудеміз. Дегенмен нарықты қазіргі драйверлер – өмірді сақтандыру, сонымен қатар жазатайым оқиғалардан сақтандыру қолдап отырады, деп есептейміз.

Компания көбінесе негізінен жаңа өнімдерге қарағанда, қосымша сервистер мен сапасының дамуына баса назар аударады. Сондай-ақ компания сервистік құрамдас бөлігінде құзыреттіліктерін дамытады, өйткені сақтандыру бағдарламаларын таңдау кезінде негізгі көрсеткіштері – қалың бұқара топтарына қолжетімді өмірді сақтандыру өнімдері, сыйлықақыларын есептеудегі абсолюттік айқындығы, сақтандыру жағдайы басталған кезде төлемдерді ресімдеудің уақыттылылығы және жеңілділігі.

- Сізге толыққанды жауап бергеніңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздің компанияңызға табыс тілейміз!

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру