Сәуір айында компания зейнетақы аннуитетін іске қосады. Бұл – зейнетақының баламалы түрі: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) қаражатты ӨСК-ге аударып, ресми зейнет жасына жетпей-ақ төлем ала бастауға болады – әйелдерге 53 жастан, ерлерге 55 жастан бастап. Төлемдер жыл сайын 8% мөлшерінде индекстеледі және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры арқылы қорғалған.
Гүлжан Жақсымбетова қызмет саласын ауыстыру туралы 2000-жылдардың басында, денсаулық сақтау саласы дағдарыс кезеңін бастан өткеріп жатқан кезде ойланғанын айтты. Алдымен ол медициналық сақтандырумен айналысып, кейін өмірді сақтандыру саласына өткен.
«Мен кардиолог ретінде жеті жыл жұмыс істедім, өмір мен өлім мәселесімен күн сайын бетпе-бет келдім және адам өмірінің қаншалықты нәзік екенін жақсы түсіндім. Сондықтан өмірді сақтандыру саласына өту мүмкіндігі туған кезде, ойланбастан келістім», – деді ол.
Дәрігерлік тәжірибе оған ең басты қағиданы үйретті: қателіктің бағасы өте жоғары. Бұл аса жоғары жауапкершілік сезімі онымен бірге өмірді сақтандыру саласына да өтті. «Бір ғана қате шешім дағдарысқа әкелуі мүмкін – қысқартулар, жалақының төмендеуі, клиенттердің сенімін жоғалту. Әр қызметкердің артында отбасы, әр клиенттің артында сенім мен тұрақтылыққа деген үміт тұр», – деді BCC Life басшысы.
«Өмірді сақтандыру – өлім туралы емес, өмір туралы. Ол отбасы құндылықтарын, қамқорлық пен жауапкершілікті көрсетеді», – деп түйіндеді Гүлжан Жақсымбетова. Оның өзі немересінің болашағы мен білімі үшін келінін сақтандырып қойған.
Дереккөз: https://forbes.kz/articles/kak-byvshiy-kardiolog-vozglavila-strahovuyu-kompaniyu-v-kazahstane-b74dcb
Фото ашық дереккөздерден


