bs-preloader__icon
ru kz en

Украинаның Ұлттық Банкі сақтандырушылар үшін тәуекелдік қызметтің бес белгісін анықтады

Украинаның Ұлттық Банкі сақтандырушыларға және банктік емес қаржы мекемелеріне заңды және нормативтік-құқықтық актілерді бұзғаны үшін ықпал ету шараларын қолданудың тәртібін анықтады, деп хабарлайды «Фориншурер».
Украинаның Ұлттық Банкі сақтандырушылар үшін тәуекелдік қызметтің бес белгісін анықтады

Бұл үшін реттеуіш жаңа екі құжатты қабылдады – Банктік емес қаржы қызметтері нарығында ықпал ету шаралары туралы ереже және Қаржы мекемесін басқарудан басшылықты шеттету және уақытша әкімшілікті тағайындау түрінде ықпал ету шараларының ерекшеліктері туралы ереже.

Енді барлық банктік емес қаржы мекемелеріне ықпал етудің келесі шаралары қолданылатын болады:

бұзушылықтарды жою талабы,

қаржы мекемесі қатысушыларының кезектен тыс жиналысын шақыру талабы,

айыппұл,

лецензияны уақытша тоқтату немесе күшін жою,

реестрден компанияны алып тастау,

жазбаша келісімді жасау.

Барлығына бірдей банктік емес нарықтың ойыншылары үшін тәуекелдік қызметтің белгісі тұтынушылар құқығын қорғау туралы және қаржы қызметін жарнамалау саласында заңнаманы жүйелі түрде бұзу болып табылады.

Сақтандырушылар үшін тәуекелдік қызметтің 5 қосымша белгісі қарастырылған:

жеткіліксіз мөлшерде сақтандыру резервтерін жүйелі түрде құру;

егер осындай алу активтердің нормативті көлемінен 120%-дан аз мөлшерге дейін төлем қабілеттілігі нормативіне және капиталдың жеткіліктілігін өтеуге қабылданатын, қолайлы активтер мөлшерінің азаюына әкелетін болса, қолайлы активтерге жатпайтын активтерді алу; 

бір есепті кезеңде міндетті критерийлер мен нормативтерді екі және одан көп рет бұзу;

кірістердің жеткіліксіздігі және қаржы жағдайының нашарлауына және нормативтерді орындамау тәуекелін құруға әкелетін шамадан тыс шығындар;

қаржы нәтижесін қолдан жақсарту немесе есептілікті бұрмалау.

Қазір Украинаның банктік емес нарығы 190 тәуекелді (non-life) және 20 лайфті (өмірді сақтандыру) сақтандырушылардан, 301 ломбардтан (302 болған), 318 кредиттік одақтан (322 болған), 143 лизингтік компаниялардан (146 болған), 969 қаржы компанияларынан (1020 болған), 65 сақтандыру брокерлерінен тұрады. Төлем нарығында резиденттермен құрылған 36 төлем жүйесі және бейрезиденттермен құрылған 13 халықаралық төлем жүйесі жұмыс істейді.

Дереккөзі: https://forinsurer.com/news/21/02/05/39220

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Нарықта өмірді сақтандыру бойынша тағы бір компания пайда болады
Нарықта өмірді сақтандыру бойынша тағы бір компания пайда болады

Ұлттық Банк «Еуразия» СК ресми рұқсатты берді,...

Қаржыгерлерге БЖЗҚ салымшыларының ақшасына рұқсат беруі мүмкін
Қаржыгерлерге БЖЗҚ салымшыларының ақшасына рұқсат беруі мүмкін

Қаржылық қадағалау қазақстандықтардың БЖЗҚ-д...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру