Алаңға, оның қатысушылары ретінде, кіру мүмкіндігін жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде ұйымдастырылған стартап-компаниялары ғана ала алады. Бұл жағдайда стартап - компаниясы келесі критерийлердің біріне ғана сәйкес келуі жеткілікті:
- Компанияның, KASE-мен Алаңды дамыту туралы меморандумға қол қойған Биржаның серіктестерінің бірінде (бизнес-инкубатор, инвестициялық қор, консалтинг және краудфандингтік компания) тіркелуінің болуы;
- компанияның капиталындағы 30% -дан астам қатысу үлесімен стратегиялық инвестордың болуы;
- өтiнiм берiлгенге дейiн бiр жылдан кем емес уақытта стартап-компания қатысушыларының құрамына кірген инвестициялық қордың инвесторының болуы;
- компанияның қаржыландырылған бағытта сатылымы болуы.
2017 жылдың 3 қазанында Биржа Алаңның алғашқы ашық таныстырылымын SmArt.Point коворкинг орталығында өткізді, мұнда мүдделі тұлғалардың алдында KASE, бизнес-инкубаторлар, стартап-компаниялары және инвестициялық қорлардың өкілдері сөз сөйледі. Іс-шара нәтижесінде осы нарық қатысушыларымен меморандумға қол қойылды.
Анықтама үшін
АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) Орталық Азия өңірінде жетекші қор биржасы, және қаржы нарығында өз қызметін жүзеге асыратын Қазақстандағы жалғыз биржа болып табылады. Бұл репо нарығының құралдары, шетел валюталары, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздар, халықаралық қаржы институттарының облигациялары, сондай-ақ туынды құралдар үшін әмбебап сауда алаңы.
KASE Халықаралық биржа федерациясының (WFE), Еуро-Азиялық қор биржаларының федерациясының (FEAS) және басқа да халықаралық және отандық кәсіби қауымдастықтарының мүшесі болып табылады.
2015 жылы KASE БҰҰ-ның «Тұрақты қор биржалары» бастамасына қосылды. KASE бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша ТМД-ның биржаларының арасында екінші орында, сондай-ақ FEAS биржаларының акциялар нарығын капиталдандыру деңгейі бойынша алтыншы орынды иеленді.
Фото Kapital.kz сайтынан