bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстандықтар жинақ стратегиясын біртіндеп өзгертіп жатыр

Соңғы жылдары депозиттер бойынша мөлшерлемелердің төмендеуіне және инфляцияның жоғары болуына қарамастан, қазақстандықтар капиталды сақтау мен көбейтудің жаңа тәсілін тапты. 2025 жылы өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) нарығы қарқынды өсім көрсетті: жасалған шарттар саны 70%-дан астамға артты. Клиент бейнесі қалай өзгергені, неге ӨЖС-ті депозиттермен шатастыру тоқтағаны және мемлекеттік бағдарламалар арқылы балаға қанша қаражат жинауға болатыны нарықтың жетекші ойыншыларымен бірге талқыланды.
Қазақстандықтар жинақ стратегиясын біртіндеп өзгертіп жатыр

«Бұл ретте депозиттерден ӨЖС-ке қаражаттың тікелей “ағылуы” туралы айту толықтай дұрыс емес. Бұл құралдардың қызметі әртүрлі. Депозиттер көбіне қысқа мерзімді қаражат орналастыруға арналған болса, өмірді жинақтаушы сақтандыру — ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау құралы, мысалы, белгілі бір өмірлік мақсатқа капитал қалыптастыру үшін», — деп түсіндіреді Nomad Life ӨСК өкілдері.

Компанияның мәліметінше, шарттардың орташа мерзімі әдетте 10–12 жылды құрайды, бұл ӨЖС-тің ұзақ мерзімді құрал ретіндегі негізгі логикасына сәйкес келеді. Клиенттер ӨЖС-ті көбіне ұзақ мерзімді қаржылық стратегияның бір бөлігі ретінде қарастырады — мысалы, балалардың білім алуына немесе қосымша зейнетақы қалыптастыру үшін.

«Freedom Keleshek бағдарламасы бойынша 2025 жылы мерзімдік жарналардың орташа сомасы 331 мың теңгені, ал біржолғы жарналар 3,8 млн теңгені құрады. Freedom Capital бағдарламасы бойынша — 28 млн теңге. Шарттардың орташа мерзімі әдетте 5–10 жыл, себебі дәл осы кезеңде ұзақ мерзімді жинақ механизмі ең тиімді жұмыс істейді. Соңғы жылдары сақтандыру шарттарының мерзімі біртіндеп ұзаруда — клиенттер балалардың біліміне немесе капитал қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді бағдарламаларды жиі таңдай бастады», — дейді Freedom Life ӨСК басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

Оның айтуынша, Қазақстанда сақтандыруды сыйлық ретінде беру мәдениеті енді ғана қалыптасып келеді. Ал дамыған елдерде сақтандыру полистері мерекелер мен маңызды отбасылық күндерге орай жиі сыйға тартылады. TSSL жаһандық зерттеу зертханасының мәліметінше, әлемде біртіндеп ортақ үрдіс қалыптасуда: сыйлықтар зат ретінде емес, құндылық немесе шешім ретінде қарастырыла бастады. Бұл денсаулыққа, білімге, қауіпсіздікке немесе қаржылық тұрақтылыққа қосылған үлес болуы мүмкін. Осы тұрғыда уақыт өте құнын жоғалтпайтын, өмірлік жағдайларға бейімделетін, тәуекелдер мен белгісіздік деңгейін төмендететін сыйлықтарға қызығушылық артып келеді. Дәл осы жерде қаржылық құралдар — соның ішінде сақтандыру және жинақтау өнімдері — “қаржылық қызмет” ретінде емес, болашаққа деген қамқорлықтың бір түрі ретінде қабылдана бастайды.

«Қазіргі кезеңде қазақстандықтар бір мезгілде қорғауды қамтамасыз етіп, мақсаттарды жоспарлауға мүмкіндік беретін бағдарламаларды жиі іздейді — балалардың білімі, қаржылық қауіпсіздік жастығы, ұзақ мерзімді жинақтар», — дейді спикер.

ӨЖС бастапқыдан ұзақ мерзімді қаржылық құрал болып табылады, сондықтан оның тиімділігі дәл ұзақ мерзімді кезеңде айқын көрінеді. «Өмірді жинақтаушы сақтандыру клиентпен ұзақ мерзімді қарым-қатынасты көздейді, сондықтан шарттардың бір бөлігі мерзімі аяқталғанға дейін толық орындалады. Нарық дамыған сайын, клиент бағдарлама аяқталған кезде жинақталған капиталды алатын дожитие бойынша төлемдердің үлесі артып келеді. Бұл қазақстандықтардың өмірді сақтандыруды ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау құралы ретінде жиі қарастыра бастағанын көрсетеді», — деп хабарлайды Nomad Life ӨСК баспасөз қызметі.

Сенімді арттырған қосымша факторлардың бірі — Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдіктерінің кеңеюі. Енді бұл кепілдіктер өмірді жинақтаушы сақтандырудың барлық түрлеріне қолданылады.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
БАӘ-де өмірді сақтандыру саласын реттеу қатаңдатылуда
БАӘ-де өмірді сақтандыру саласын реттеу қатаңдатылуда

БАӘ сақтандыру қызметтері нарығы Парсы шығана...

Жинақтаушы сақтандыру едәуір ыңғайлы болуда
Жинақтаушы сақтандыру едәуір ыңғайлы болуда

Өткен жылдың аяғында Салық кодексіне өзгеріст...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру