bs-preloader__icon
ru kz en

Ақшаны қашан және не үшін қолма-қол ақшаға айналдыру қажет

Ақшаны үйде ұстаудың басты қаупі – олардың құнсыздануы. Жинақтарды қайда сақтау қауіпсіз екені жөнінде «Прайм» агенттігіне сұрақтарға жауап берген, сарапшылар айтып береді.
Ақшаны қашан және не үшін қолма-қол ақшаға айналдыру қажет

Г.В. Плеханов атындағы РЭУ-дің Бухгалтерлік есеп және салық салу кафедрасының доценті Галина Семенова дағдарыс кезінде байбалам салып, өзіңіздің бүткіл ақшаңызды шешу үшін банктерге жүгірудің қажеті жоқ деп санайды. Бірақ егер ірі сатып алуға, мысалы, пәтер, саяжай, жер телімін алу үшін ақшаның үлкен сомасы қажет болса шешіп, сатып алу қажет.

Өзіңіздің соңғы айлардағы шығындарыңызды талдап, қай тұста үнемдей алатыныңызды ойлану қажет және өмірдің бір-үш айына қолма-қол ақшаны шешу қажет. Бұл күйзеліс жағдаяттар мен қарсы келулерге әрекет ету үшін жеткілікті.

Банктерде жеке тұлғалардың салымдары сақтандырылған және банк банкрот болған кезде де сізге соманы өтейді – жеке тұлғалардың салымдары салымдарды сақтандыру бағдарламаларының әрекет етуіне кіреді және 1,4 млн рубль сомаға сақтандырылған. Бір ғана банкте салымдардың шектеусіз санын иемденуге болады, бірақ барлық ақшалай қаражат дәл бір сомаға: 1,4 млн рубльге сақтандырылатын болады. Егер сізде үлкен сома болса, оны 3-4 банкте сақтаған дұрыс деп есептейді маман.

«Алайда дүрбелең басталып, барлығы банктерден ақшаларын шешуді бастаса, онда ешқандай қаржы жүйесі мен сақтандыру жүйесі шыдамайды. Егер банктерден ақшаны шешсек, өз пайыздарымызды жоғалтамыз – бұл 2022 жылғы қаңтардағы нақты инфляция кезінде 9,9%. Ары қарай не болмақ – олар көрпенің астында жатып, одан әрі құнсыздана ма?» - деп талқылайды «Парфенон» біріккен заң орталығының жетекші заңгері Павел Уткин.

Қолма-қол ақшаны үйде сақтаудың тағы бір қаупі – бұл форс-мажор: ұрлық, бүліну, өрт, қарабайыр жоғалту. «Азаматтар жинақтарын сақтаған орнын естен шығарған немесе көшу кезінде оларды алып кетуді ұмытып кеткен жағдайлар болған», - дейді Уткин.

Бұл жағдайға құндылықтарды, оның ішінде қолма-қол ақшаны банктік жәшікте сақтауды қарастыруға болады. Бұл тәсіл барынша сенімді – қолжетімділік жәшікті жалға алушыда ғана және ол өз қалауы бойынша оған қолжетімділікті беретін адамдарда ғана бар. Бірақ банкте жәшікті жалдау айына бір мың рубль тұратынын есте сақтау керек, дегенмен, сыйлы клиенттерге қолжетімділік жиі тегін немесе жақсы жеңілдікпен беріледі.

Дереккөзі: https://1prime.ru/exclusive/20220306/836239422.html

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Егде жастағы өмірді не үшін сақтандыру керек
Егде жастағы өмірді не үшін сақтандыру керек

АҚШ Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының м...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру