2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Халық-Life» компаниясының көрсеткіштері:
-
Активтер: 630,9 млрд теңге (нарық үлесі – 33,1%)
-
Меншікті капитал: 140,1 млрд теңге (нарық үлесі – 41,6%)
-
Таза пайда: 18,8 млрд теңге (нарық үлесі – 41,9%)
-
Сақтандыру резервтері: 483,8 млрд теңге (нарық үлесі – 33,1%)
-
Сақтандыру төлемдері: 19,4 млрд теңге (нарық үлесі – 29,9%)
Сонымен қатар, компания жиналған сақтандыру сыйлықақылары көлемі бойынша (103,9 млрд теңге) үшінші орынды иеленді. Бұл — жоғары бәсекелестік жағдайында компанияның тұрақтылығын айқын көрсетеді.
Жоғары қаржылық көрсеткіштер — жай ғана есептегі сандар емес. Кәдімгі қазақстандықтар үшін олар тікелей өз қаражатының сенімділігі мен қауіпсіздігімен байланысты. Үлкен активтер мен капитал компанияның кез келген экономикалық жағдайда өз клиенттері алдындағы міндеттемелерін орындауға жеткілікті ресурсы бар екенін білдіреді.
Дер кезінде қалыптастырылған сақтандыру резервтері (шамамен 484 млрд теңге) компанияның қолданыстағы шарттар бойынша болашақ төлемдерге арналған қаражаты бар екенін көрсетеді.
Ал 19,4 млрд теңгелік төлем көлемі компанияның өз клиенттеріне нақты қолдау көрсетіп, міндеттемелерін орындайтынын дәлелдейді.
Фото ашық дереккөздерден алынған.


