Инфографика Ресейде жыл сайын орын алатын жазатайым оқиғалар туралы статистиканы көрсетеді. Олардың қатарына термиялық және химиялық күюлер, сынықтар, буынның шығуы, аяқ-қолдарының жарақаты, тағамдық, химиялық және дәрілік улану жатады; Ресейде жарақаттанудың жалпы деңгейі туралы мәліметтер келтірілген.
«Инфографиканың атауы стандартты емес, адамдарды ойланғысы келмейді, бірақ бұл туралы ойлау қажет екеніне шақырады, – дейді жобаның заңгері Сергей Смирнов. – Жазатайым оқиғалар – бұл қашан да жағымсыз бір тосынсый. Бірақ мұнысымен ол бітпейді. Ресейде Батыстың бірқатар еліне, АҚШ-қа және Азияның бірқатар еліне қарағанда, жазатайым оқиғалардан сақтандыруды қолданылуының деңгейі әзірше аса жоғары емес болғаны. Бір бәлеге ұшырап, еңбекке қабілеттілігінен айырылып, өзін және отбасын қысқа мерзімге болса да асырай алу мүмкіндігінен айырылғанда, біздің азаматтарымыз сол жазым жағдаймен жеке қалып, өз қалталарынан шығындарын өтеуге мәжбүр болады. адамдардың көбісі қарызға батып, несиеге жүгіреді. Ал асыраушысынан айырылған отбасы мүшелері қиын жағдайға тап болады».
Бұның себебі біреу ғана, деп сарапшы жалғастырады, – Ресейде сақтандыру мәдениеті деңгейінің жеткіліксіз деңгейі, менталды қағидалар: «маған біреу қамқор болады» немесе тағы бір түрі «мен мұндай жағдайға тап болмаймын». Бірақ қазіргі заманда адам өзіне өзі қамқор болуы керек, оның үстіне сақтандырудың құны бір-екі жүз рубльден басталады және ол «бір-екі батырма арқылы» ресімделеді.
Сонымен қатар инфографикада бір ғана 2017 жылда сақтандыру компаниялары жазатайым оқиғалардан зардап шеккен адамдарға 14 367 296 рубль төледі.
«Сақтандырудың осы түріне қызығушылық статистикаға сәйкес Ресейде жылдан жылға артып келеді, – деді Сергей Смирнов, – және де әрбір адам өзін және өз отбасын қалай қауіпсіздендіретінін ойлану керек».
Дереккөзі: http://www.korins.ru/topics/24-so-mnoy-tochno-ne-sluchitsya-nichego-plohogo-no
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды.