bs-preloader__icon
ru kz

«Қазақстан халық банкі»: «Казкоммерц-Life»-ты «Халык-Life» компаниясына тапсыру үрдісі аяқталды

«Қазақстан халық банкі» АҚ 2018 жылғы 1 қарашада «Қазақстан Халық банкінің өмірді сақтандыру бойынша Халык-Life» еншілес компаниясы» АҚ және «Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ («Қазкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы) арасында 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Тапсыру актісіне қол қойылғаның хабарлайды, деп kase.kz мәлімдейді.
«Қазақстан халық банкі»: «Казкоммерц-Life»-ты  «Халык-Life» компаниясына тапсыру үрдісі аяқталды

Аталған Тапсыру актісі "Казкоммерц-Life" АҚ-ның "Халык-Life" АҚ-ға қосылу түрінде  "Казкоммерц-Life" АҚ және "Халык-Life" АҚ ерікті қайта ұйымдастыру шеңберінде "Халык-Life" АҚ-ға "Казкоммерц-Life" АҚ-ның бүкіл мүлкін, құқықтары мен міндеттемелерін тапсыру фактісінің заңды ресімделуі болып табылады, «Қазақстан халық банкі» АҚ-ға сілтеме жасай отырып, Қазақстандық Биржаның хабарламасында айтылған.

Акционерлердің шешімдеріне сәйкес "Казкоммерц-Life"  АҚ акционерлері арасында "Казкоммерц-Life" АҚ жай акцияларының орнына "Халык-Life" АҚ-ның 1 732 762 жай акциясы орналастырылды.

Осылайша, "Казкоммерц-Life" АҚ-ның барлық мүлкінің, барлық құқықтары мен міндеттемелерінің "Халык-Life" АҚ-ға тапсыру процесі аяқталды.

Дереккөзі: https://kase.kz/ru/news/show/1387533/

Фотосурет: LSM.kz, expertonline.kz/ сайттарынан алынды.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Неліктен өмірді ипотекалық сақтандыру тиімді
Неліктен өмірді ипотекалық сақтандыру тиімді

Ипотекалық сақтандыру - тұрғын үй сатып алу үш...

Қысқа қалай дайындалу керек
Қысқа қалай дайындалу керек

Қазақстан Ұлттық банкінің деректері бойынша и...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру