bs-preloader__icon
ru kz
✕

2023 жылға ең төменгі зейнетақы мен жалақы аталды

Қасым-Жомарт Тоқаев «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Құжат 2023 жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енеді. Заң жалақының ең төменгі мөлшерін, АЕК және басқа есептік көрсеткіштерді белгілейді.
2023 жылға ең төменгі зейнетақы мен жалақы аталды

Сонымен, жалақының ең төмен мөлшері 70 мың теңгені құрайды.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 24 341 теңге.

Зейнетақының ең төмен мөлшерi – 53 076 теңге.

Айлық есептiк көрсеткiш – 3 450 теңге.

Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 40 567 теңге.

Бұдан бөлек, жасына байланысты зейнетақылар және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері 10,5 пайызға көтеріледі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері - мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,8%.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандырушылар нарықтағы жағдайды қайта бағалауда
Өмірді сақтандырушылар нарықтағы жағдайды қайта бағалауда

Өмірді сақтандыру нарығының көшбасшылары сал...

Z буыны өмірді сақтандыруды онлайн сатып алуды жөн көреді
Z буыны өмірді сақтандыруды онлайн сатып алуды жөн көреді

Z буыны (1990 жылдардың ортасынан 2010 жылдардың ба...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру