Оның сөзінше Германияда «қызыл жалау» жүйесі қолданылады: егер сақтандыру оқиғасы туралы деректерді енгізу кезінде жүйе белгілі бір күдікті белгілердің жиынтығын көреді, өтініш шартты тұрғыда «қызыл жалаумен» белгіленеді, яғни бұл алаяқтықтың жоғары ықтималдығын білдіреді. Мұндай өтініш автоматты түрде компанияның тексеру қызметіне келіп түседі, ол оқиғаны қосымша тексеріп шығады, және сақтандыру өтеуін төлеу үшін негіз бар ма, немесе алаяқтыққа күдіктерді жоюға болмайды және төлеуді қабыл алмау керек пе деген қорытынды шығарады.
Белгілердің мұндай жүйесін стандарттар деңгейінде ресейлік сақтандырушылар арасында да енгізу қажет, деп есептейді Ефремов. «Мысалы, сақтандыру оқиға шарт жасасқан күні немесе алдағы үш күн ішінде орын алады; мәлімделген залалдың мөлшері орташа есеппен алынған мөлшерден жоғары – ААЖМС бойынша 150 мың рубль делік; оқиға түнде куәгерсіз орын алса; сақтанушы бір жылдың ішінде төлемді алу үшін екінші-үшінші рет жүгінсе, сақтандыру компанияларын жиі ауыстырып тұрса – осындай бірнеше белгілердің жиынтығы алаяқтықтың үлкен ықтималдығын білдіруі мүмкін», - деген мысалды келтірді Ефремов.
Ефремов белгілердің белгілі жиынтық болған жағдайда тексеру қызметі тексеру бойынша минималды іс-әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс – мысалы, ЖҚҚМИ-ге (ГИБДД) сұрату жіберуі тиіс, онсыз шығындарды реттеу бойынша жұмысты жалғастыру мүмкін емес. «Ресейде мұндай жүйе тек жеке сақтандыру компанияларында қолданылады, компаниялардың көбісі олай жұмыс жасамайды, сондықтан алаяқтар да азаймайды. Барлық компаниялар үшін минималды стандарттар міндетті түрде жасалуы тиіс», - деді ол.
Ефремовтың сөзінше, БСО жақын арада сақтандару компанияларымен осындай стандарттарды талқылауға кіріседі. Одақтың вице-президенті көптеген компаниялар қарсы шығады деп қауіптенеді, өйткені бұл IT және қызметкерлерге қосымша шығындарды көздейді. Бұл бастаманы сақтандыру алаяқтықпен күрес бойынша кәсіптік конференцияларда, БСО және Ресейлік автосақтандырушылар одағының алаяқтыққа қарсы қимыл жөніндегі комитеттерде талқылайтын болады. Содан кейін одақтың президиумына жолдайды, президиумнің өзі шешім қабылдайды. Сергей Ефремовтың бағалауы бойынша бұл бір жылдағы перспектива.
Сонымен қатар ол алаяқтықпен күресу үшін сақтандырудың барлық түрлері бойынша сақтандыру оқиғаларының бюросын (қазір тек автосақтандыруда бар) дамыту қажет және сақтандыру компаниялардың құрамындағы тексеру қызметін қауіпсіздік қызметінен бөліп алу қажет. Бұл шараларға сақтандыру алаяқтықпен күрес бойынша халықаралық тәжірибені шолуды дайындаған KPMG консалтингтіккомпаниясы да көрсеткен.
Халықаралық тәжірибе
Ресейде сақтандыру алаяқтығы ААЖМС-та кеңінен таралған. РАО (РСА) бағалауы бойынша алаяқтарға ААЖМС бойынша төлемдердің 30%-ға дейін төленеді. РФ-да ААЖМС сақтандырушылары үшін негізгі мәселе болып ЖКА жәбірленушілерінен талап ету құқығын сатып ала отырып, сақтандырушылардан соттарда өтемақысының үлкен сомаларын өндіріп алатын жосықсыз автозаңгерлер табылады. РАО-да мұндай автозаңгерлер цессия шарттарын, сенімхаттарды, сараптаманы және ЖКА-ны жиі бұрмалап, істі сотқа дейін жеткізуге тырысып, сотқа дейінгі наразылық тәртібін бұзады, қызметтер құны мен сотта сараптама құнын, сондай-ақ жосықсыз автозаңгерлердің қызмет құнын да жоғарылатады. РАО-ның мәліметтері бойынша сақтандырушылардың сот бойынша төлемдері 2017 жылы 1,5 есе, 37,4 млрд рубльге дейін өсті, оның ішінде 19,5 млрд рубль қосымша үстеме шығындар – айыппұлдар, өсімпұлдар және тұрақсыздық айыбы құрады.
Жалпы, ААЖМС-та алаяқтықтан шығынды РАО орташа есеппен жылына 60 млрд рубль деп бағалаған, мұндағы 20 млрд рубль – жосықсыз делдалдардың белсенділігінен шығындар, 7-10 млрд рубль – сақтанушылардың өздерінің алаяқтығы (шығынды асырып көрсету және болмаған ЖКА бойынша шығынды көрсету), 10-15 млрд рубль – ААЖМС-тың жасанды полистерін таратудан және 15 млрд рубль – автокөлікті ААЖМС-тың полисісіз басқарудан пайда болған шығындар.
Германияда сақтандыру алаяқтығынан нарыққа келтірілген шығын жылына шамамен €5 млрд евроны құрайды (зияннан және жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша өтемақының барлық сомасынан шамамен 10%), бұл мәліметтерді БСО өкілдерімен кездесуде Германдық одақтың аға сарапшысы және сақтандырушы алаяқтықпен күрес бойынша менеджер Петер Холмстель келтірді. Ол бұларды бағалау мәліметтері екенін атап өтті, өәткені алаяқтық Ресейдегідей жасырын сипатта орын алады, сондықтан бұл алаяқтық туралы айтуға тек соттың шешімінен кейін ғана болады. Компаниялардың құқық қорғау органдарына жүгіну және қылмыстық істерді қозғау бойынша міндетті статистиканы германдық одақ жақында ғана жинай бастады (РАО бұл жұмысты 2017 жылғы 4-тоқсанында бастаған).
Бұл ретте Германияда Ресейге қарағанда мұндай оқиғалардың көбісі автосақтандыруда емес, ал жауапкершілікті сақтандыруда (мысалы, көршілердің пәтерін су басу) орын алады. Бұл сегментте сақтандыру оқиғалардың 15,6% күдікті болып табылады, бұны ГСО статистикасы растап отыр, мүлікті сақтандыруда - 9,2%, автосақтандыруда - 7,2% (ресейлік ААЖМС-та үлес 30% болып бағаланды).
«Бұл ретте сақтандырушылардың өзінің жосықсыздығының жеке жағдайлары туралы айтылды», - деп Петер Холмстель атап өтті. Германияда Ресейдегі жосықсыз автозаңгерлер» деген ұғым жоқ. Холмстель мұндай делдалдар үшін экономикалық қызығушылық туындамайды. Германияның заңнамасына сәйкес сот бойынша сақтандыру өтемақысының сомасы ғана төленеді, сақтандырушылар үшін айыппұлдар жоқ. Ресейде болса, төлеу кезінде соттың шешімі бойынша сақтандырушы өтемақы сомасын ғана емес, сонымен қатар ол сомадан 50% мөлшерінде айыппұлды да (тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңы бойынша) төлейді, сонымен қатар барлық ілеспе шығындарды да төлейді.
Дереккөзі: http://tass.ru/ekonomika/5177280
Фотосурет perm.bezformata.ru, arrivo.ru сайттарынан алынды