Сарапшылардың пікірінше, мұндай өсім жеке медициналық сақтандыру полистеріне тауарлар мен қызметтер салығының (GST) нөлдік мөлшерлемесінің қолданылуымен, сондай-ақ халықтың медициналық сақтандыру туралы хабардарлығының артуымен байланысты.
Жалпы сақтандыру кеңесінің (General Insurance Council) сайтында жарияланған деректерге сәйкес, әмбебап сақтандыру компаниялары жылдық есепте 20,4%-ға өсім көрсетіп, медициналық сақтандыру бойынша 21,88 млрд рупия (242 млн АҚШ доллары) көлемінде сыйлықақы жинады. Ал денсаулық сақтандыруына маманданған компаниялар (standalone health insurers) 32,3%-ға өсіп, 32,26 млрд рупия (357 млн АҚШ доллары) көлемінде сыйлықақы тіркеді.
Медициналық сақтандыру сегментінің өсуіне мемлекеттік бағдарламалар да едәуір ықпал етті. Осы бағдарламалар бойынша сыйлықақылар көлемі 2026 жылғы қаңтарда 24,80 млрд рупияны (275 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл 2025 жылғы қаңтардағы 18 млрд рупиямен (200 млн АҚШ доллары) салыстырғанда айтарлықтай жоғары.
Сонымен қатар, 2026 жылғы қаңтарда жеке сақтандыру компанияларында медициналық сақтандыру бойынша сыйлықақылар жылдық есепте 17%-ға өсіп, 17,4 млрд рупияға (193 млн АҚШ доллары) жетті. Ал мемлекеттік сектор компанияларында керісінше, жылдық есепте 3% төмендеу тіркелді.
Денсаулық сақтандыруына маманданған сақтандырушылар GST салығынан босатылудың артықшылығын пайдаланып, сыйлықақылар көлемін жылдық есепте 23%-ға арттырды.
Фото ашық дереккөздерден.


