Бүгінгі күні кез-келген ұйымның әлеуметтік-жауапкершілік қызметі тәртіп нормасы және бизнес жүргізу этикасының бөлігі болып келеді. Қаражатқа қарай өмір сүрмеу, қоғамда ақшалай қатынастарды және қарапайым экономикалық үдерістерді түсінбеу секілді баланың нашар қаржы әдеттерін дамыта отырып, жиі ата-ананың баланы ақша ұстауды үйретуге уақыты жетпей жатады.
Сондықтан, мемлекет пен қаржы ұйымдарының түрлі білім беру бағдарламаларында белсенді түрде қатысуы сондай маңызды. Мысалы, өткен жылы Halyk Life қызметкерлері Instagram әлеуметтік желісінде әр түрлі сақтандыру өнімдері бойынша сақтандыру шарттарын түсіндіруге қатысты тақырыптар бойынша барлық қалаушыларға тікелей эфирді белсенді жүргізуді бастады. «Мұндай эфирлерді жүргізудің алынған тәжірибесін ескере отырып, біздің қызметкерлер Fingramota мемлекеттік жобасы аясында өткізілетін, тікелей эфирлерге сарапшылар ретінде шақырылды. Бұдан бөлек, актуарлық департамент директорының орынбасары университеттің арнайы шақыртуы бойынша UIB-дің қаржы факультетінің студенттері үшін «Сақтандыру полисінің бағасы қалай есептеледі? Қандай факторлар баға есебіне әсер етеді?» тақырыбында семинар өткізді». Және мұндай мысалдар өте көп, компания халықтың және балалардың қаржылық сауаттылығын жоғарылату үшін көп ресурстарды бөлуде, сонымен қатар, қайырымдылық акцияларды белсенді қолдап жатыр», - деп бөлісті Halyk Life басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.
Сондай-ақ, Nomad Life қызметкерлері Fingramota жобасы аясында Instagram тікелей эфирлерінде зейнетақы аннуитетінің ерекшеліктері және өмірді жинақтаушы сақтандырудың артықшылықтары жайлы айтты. «Instagram қолданушыларының үлкен бөлігі – 40 жасқа толмаған, жас адамдар. Бұл топ өмірді сақтандыру туралы көп біле бермейді, және біздің компаниямыздың мақсаттарының бірі – ағартушылық қызмет және қоғамды дамыту. Сондықтан біз жастармен, жасөспірімдермен және балалармен байланыстың түрлі каналдарын пайдаланамыз. Айтпақшы, балалар ақпаратты оңай қабылдайды және оған жауап қатады», - деп бөлісті Nomad Life ӨСК-нің басқарма төрайымы Аида Камысова.
Халықтың қаржылық сауаттылығын жоғарылату мақсатымен, 2019 жылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Freedom Finance Life компаниясы Freedom Finance Camp қаржылық сауаттылық бойынша балаларға арналған тегін авторлық сабақтарды іске қосты. «Оқу жылы ішінде біз оларды қазақстандық мектептерде, ал жазда – балалар лагерінде және қосымша білім беру мен дамыту орталықтарында өткіземіз. Әрбір топ үшін дәріс дайындаймыз, қаржы дегеніміз не, оларды қалай дұрыс жұмыс істеп табуға, жинауға және жұмсауға болатынын айтамыз. Балаларға арналған қаржылық сауаттылық бойынша біздің жобамыздың басты мақсаты – жас ұрпаққа өз мақсаттарын айқындауға және оларға жету үшін ресурстарды тиімді пайдалануға көмектесу», - деп түсіндіреді Freedom Finance Life ӨСК-нің басқарма төрағасы Азамат Ердесов.
Болашақ үшін
Қызметі кезінде Nomad Life жұмыскерлері балаларға арналған біршама жобаларды, оның ішінде ҚР Мемлекеттік орталық музейінде тақырыптық көрмелерді, «Көшпенділер әуені» - домбыра мен қобызда жас орындаушылардың Республикалық байқауын, Балаларды қорғау күніне арналған, балалар акцияларын ұйымдастырды. Оған қоса, өз қаражаты есебінен компания қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға Жаңа жылға қарсы сыйлықтар сатып алады. «Әлеуметтік проблемаларды шешуге қызметкерлерді тарту бөлісе білуді, сонымен қатар, тек ақшамен ғана емес, дағдылармен де бөлісуді дамытады, топ ұйымдастығына ықпал етеді. Мұндай жобаларға қатысу, бізге бәрібір еместігін көрсетеді. Біз адамдар мен қоғамға ашықпыз», - деп пікір білдірді Аида Камысова.
Өткен жылы Halyk Life Таразда «Бақытты отбасы – Табысты ел» онлайн-марафонды өткізуге Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушыларын қолдады. «Біздің компаниямыздың міндеттерінің бірі ұлт әл-ауқаты мен өсіп келе жатқан ұрпақ жайлы қамқорлық болып табылады. Өткен жылы біздің компания есту мүшелерінің бұзылуы бар спортшылар арасында дзюдо бойынша Әлем Чемпионатына қатысқан Қазақстан Құрамасын қолдады. Компания «Эльдани» ҚҚ қолдайды, ол өз кезегінде мүмкіндігі шектеулі балаларға белсенді өмір салтын ұстануға және қоғамның толық құқылы мүшелері болуға көмектеседі. Жалпы «Халык-Life» АҚ-ның позициясы – әрдайым белсенді болу және еліміздің халқына барынша көмектесу, оның ішінде қаржылық сауаттылықты жоғарылату», - деді Жанар Жұбаниязова.
Ауыр сәтте
Осы жылы қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін, Nomad Life басшылығы қайтыс болған полиция мен әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетуді шешті. Компанияға қайтыс болғандардың жесірлері мен аналарынан 16 өтініш келіп түсті. 15 кәмелетке толмаған балалар туралы айтылды. Freedom Finance Life сонымен қатар жаппай тәртіпсіздіктерден кейін «Freedom Support» - ерікті жедел аннуитеттік сақтандыру, арнайы бағдарламасын іске қосты. Қайтыс болған әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің әйелдерімен осы бағдарлама бойынша шарт жасасып, компания ай сайын олардың балаларының пайдасына 200 000 теңгеден төлеуді бастады. «Төлемдер балалар 18 жасқа толғанға дейін жүргізіледі. Шамамен, барлық төлемдер бойынша сома 400 млн теңгеден астамды құрайды. Компания тұрақты төлемдерді жүргізетіндердің арасында жаңа туған нәрестелері бар аналар да бар. Шартты жасасу сәтіне ең кішісіне – үш ай болған. 18 жасқа толған кезде, шарттың қолданылуының бүткіл кезеңіне Freedom Finance Life төлейтін сома 42,6 млн теңгеге жуықты құрайды», - деп қорытындылады Азамат Ердесов.
Өмірді сақтандыру компанияларының әлеуметтік жауапкершілігі бүткіл нарықтың тұрақтылығы мен сенімділігін көрсетеді. Мұндай қызмет клиенттермен және жалпы қоғаммен сенімгерлік қатынастарды дамытуға ықпал етеді.
Сурет ашық дереккөздерден