bs-preloader__icon
ru kz en

Сақтандыру компанияларының пайдасы бір жылдың ішінде 11 есе өсті

2018 жылғы наурыз айындағы қорытындылары бойынша таза пайданың мөлшері бір жыл бұрын 1 млрд. теңгеге қарсы 13 млрд. теңгеге жетті
Сақтандыру компанияларының пайдасы бір жылдың ішінде 11 есе өсті

2018 жылғы наурыз айында сақтандыру компанияларының активтері 946,1 млрд. теңгені құрады – бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштеріне қарағанда 6,9%  пайызға артық. Жылдың басынан сақтандырушылар активтерді 12,2 млрд. теңгеге өсірді.

Сақтандыру қорлары 478,1 млрд. теңгені құрады (бір жыл бұрын - 429,4 млрд. теңге). Сақтандыру ұйымдарының өзіндік капиталы да өсті, ол 420,5 млрд. теңгені құрады. Бұл 2017 жылғы наурыз айымен салыстырғанда 10 млрд. теңгеге артық.

Соңғы 5 жылдың ішінде (2013-2018 жж.) сақтандыру компаниялары: активтерді – 95,7% пайызға, сыйлықақыларды – 136,9% пайызға, өзіндік капиталын – 69,4% пайызға өсірді.

ҚР нарығында жұмыс істейтін 32 сақтандыру компаниясының ішінен 5 ірі компания барлық активтерінің 54,7% пайызын немесе 517,1 млрд. теңгені жинақтады. Активтердің мөлшері бойынша мықты компаниялардың бестігіне өмірді сақтандыру бойынша 3 компания кірді.

Сонымен қатар активтердің жылдық өсімі бойынша 1,9% пайыздан бастап 7,3% пайызға дейін үлесі бар компаниялар топты жарды.

2018 жылғы наурыз айының қорытындылары бойынша активтердің ең жоғары өсімі «Коммеск-Өмiр» компаниясында тіркелген. Сақтандыру компаниясында активтер 30,2% пайызға, 17,7 млрд. теңгеге дейін өсті, бір жыл бұрын 13,6 млрд. теңге болды.

Содан кейін «Халык-Life», оның активтері 28,5% пайызға, 66,5 млрд. теңгеге дейін өсті (бір жыл бұрын 51,8 млрд. теңге).

Үшінші орында – «Цесна-Гарант», оның активтері 25,7% пайызға өсіп, 13,9 млрд. теңгені құрады (бір жыл бұрын 11 млрд. теңге).

Төртінші орында – «ИНТЕРТИЧ», активтердің өсуі – 24,1% пайыз, 5,9-ден 7,3 млрд. теңгеге дейін.

Бесінші орында «НОМАД LIFE» сақтандыру компаниясы, оның активтері 23,2% пайызға артты, 56,2 бастап 69,2 млрд. теңгеге дейін.

Сақтандыру сыйақыларының таза сомасы соңғы төрт жыл бойы жылдан жылға өсіп келеді. Бұл кезеңде (2014-2018) сақтандыру сыйлықақылар 60,2% пайызға,  47,3-ден 75,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Сонымен қатар сақтандыру төлемдері бойынша шығындар екінші жыл қатарынан қысқаруда, 2016 жылғы наурыз айындағы 20,1-ден 2018 жылғы наурыз айындағы 18,2 млрд. теңгеге дейін, бұл сақтандыру оқиғалары санының азаюын растайды. Соның салдарынан сақтандыру төлемдерінің сыйлықақыларына арақатынасы да азаюда, қазіргі таңда 24,1% пайыз деңгейінде, бір жыл бұрын 28,6% және 2016 жылғы наурызда – 33,5%.

Ағымдағы жылдың наурыз айында сақтандыру компаниялары таза пайда 12,7 млрд. теңге мөлшерінде тіркелді, бұл өткен жылғы көрсеткішінен 11 есе асты (1,1 млрд. теңге).

Активтер мен сақтандыру компанияларының жоспарлы өсуіне қарамастан, сақтандыру пайдасы құбылмалы болып келеді. Осылайша, мысалы, наурыздағы таза пайданың мөлшері 21,7 млрд. теңгені құраған кезде, 2017 жылғы наурыз айындағы төменгі көрсеткіштеріне 2016 жылғы тым жоғары көрсеткіштері болды.

 

Дереккөзі: Finprom.kz

Фотосуреттер medium.com сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сақтандыруды қалай үнемдеуге болады
Сақтандыруды қалай үнемдеуге болады

Өмірді сақтандыру танымал бола бастады. Қазақ...

МБЖЖ-ға қандай банктер мен сақтандырушылар кіреді
МБЖЖ-ға қандай банктер мен сақтандырушылар кіреді

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру