2019 жылғы шілдеде ӨСК жиынтық брутто-сыйлықақысы 2018 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 61%-ға (39,9 млрд теңгеге) 105,2 млрд теңгеге дейін артты. Өмірді сақтандыру секторы 100 млрд теңге сыйақысының табалдырығын жылдам еңсерді – жеті айдың қорытындысы бойынша, бір жыл бұрын ӨСК жыл соңына қарай ғана 110,4 млрд теңге жинады. Жиынтық сыйлықақыларыға қуатты динамикасын аннуитеттік сақтандыру қамтамасыз етті. Жылдық мәнде мұндай сыйлықақылар 149,6%-ға (24 млрд теңгеге) өсіп, 2019 жылдың шілде айының басында 40,1 млрд теңгені құрады. Сыйлықақылар мөлшерінің өсуіне өз үлесін зейнетақы аннуитеттері қосқан. Күнтізбелік жыл ішінде (шілде 2018 – шілде 2019 жыл) олардың алымдары 196,6%-ға 36,5 млрд теңгеге дейін көбейтілді. Зейнетақы аннуитеттерінің, сонымен бірге аннуитеттік сақтандырудың қарқынды өсуі өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру арасындағы тепе-теңдікке әкелді. Қазіргі таңда әрбір сегмент 40 млрд теңге ақшалай сыйлықақы көлемімен ӨСК жиынтық портфельінің 38%-ын алады.
Алайда өмірді сақтандыру саласы да бір орнында тұрып қалмады. Бұл сегменттегі КСЖ жинағы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша 46,9%-ға (12,8 млрд теңгеге), 40,2 млрд теңгеге дейін өсті. Осы сегментте жұмыс істейтін алты ӨСК-ның тек «Freedom Finance Life» ӨСК-да (өмірді сақтандыру нарығының 2,3%-ын алады) сыйлықақы динамикасы теріс (-15,8%) болып шықты. Төрт ӨСК сыйлықақылары нарықтың өсу қарқынынан жоғары өсті. «Standard Life» ӨСК-нің 2656,9%-ға тең сыйлықақыларының ең жоғары динамикасын (441,7 млн теңге портфелі бар өмірді сақтандыру нарығының 1,1%-ын алады) көрсетті. Мемлекеттік аннуитеттік компания (МАК) 1,8 млн теңге жинап, 448% сыйлықақы динамикасы бойынша екінші орынға ие болды.
Жылдам өсетін компаниялардың үштігінің соңында «Nomad Life» ӨСК орналасты. Компания 7,4 млрд теңге жинап, өмірді сақтандыру нарығының 18,5%-ын иеленіп, 135,8%-ға өсті. «Halyk life» ӨСК өмірді сақтандыру сегментінің көшбасшысы нарықтың 48,5%-ын сақтайды. Компания сыйлықақыны 26%-ға 19,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтты. Бұрынғыдай, өмірді сақтандыру нарығының 96%-дан астамын ең ірі ӨСК: Halyk life, Nomad Life және Еуропалық сақтандыру компаниясы (ЕСК) алады.
Аннуитеттік сақтандыруда осы бағытта жұмыс істейтін барлық компаниялар сыйлықақылардың оң динамикасын көрсетті. Екі ӨСК-ның алымдары нарықтың өсу қарқынынан жоғары, ал үш компанияның – төмен болды. Аннуитеттік сақтандыру сыныбындағы (247,4%) және зейнетақы аннуитеттері бойынша (291,1%) сыйлықақыларының ең жоғары өсімін «Standard Life» ӨСК көрсетті. Компания 4 млрд теңге сыйлықақы жинады, оның 3,9 млрд теңгесі зейнетақы аннуитеттеріне тиесілі. Бұл нәтиже оған нарықтың жиынтық сыйлықақыларының 10%-ын алып, аннуитеттік сақтандыруда үшінші позицияны сақтауға мүмкіндік берді. Сыйлықақыларының динамикасы бойынша екінші орынға «Nomad Life» ӨСК шықты. Оның алымдары 174,6%-ға, 19,8 млрд теңгеге дейін өсті. Жоғары динамика «Nomad Life» ӨСК аннуитеттік және зейнетақы сақтандыру сегменті көшбасшысының позициясын нығайтуға мүмкіндік берді.
Аннуитеттік сақтандырудағы сақтандыру сыйлықақыларының сомасы ӨСК арасында аннуитеттік сақтандыру бойынша алымдардың жалпы көлемінің 49,3% - ын алып, 19,8 млрд теңгені құрады. Айта кетерлік жайт, зейнетақы аннуитеттері бойынша «Nomad Life» ӨСК сыйлықтары әлдеқайда күшті өсті, динамикасы 238,7% құрады, ал алымдар 18,3 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы аннуитеттері класында «Nomad Life» ӨСК үлесі ӨСК сыйлықақыларының жалпы көлемінің 50%-на жетеді.
МАК шілде айының қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыруда айтарлықтай күш салды. Сыйлықақылар 130,4%-ға 1,5 млрд теңгеге дейін өсті, компания нарықтың 3,7%-ын алады. Зейнетақы аннуитеті бойынша сыйлықақы 270,9%-ға 1 млрд теңгеге дейін өсті, МАК осы сегментте нарықтың 2,9% - ын алады.
2019 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша «Жұмыс берушінің жауапкершілік аннуитеттері» сыныбы бойынша сыйлықақы өткен жылдың қорытындысы бойынша 5,4%-ға өсіп, 2,8 млрд теңгені құрады. Сегменттің көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК қалады, 1,2 млрд. теңге сыйақы көлемімен, ӨСК арасында осы сақтандыру сыныбы бойынша сыйлық алымдарының жалпы көлемінің 41%-ын алады. Сегменттің көшбасшысы «Nomad Life» ӨСК қалады, 1,2 млрд. теңге сыйақы көлемімен, ӨСК арасында осы сақтандыру сыныбы бойынша сыйлық алымдарының жалпы көлемінің 41%-ын алады. ЖЖА бойынша екінші ірі сақтандырушы – «Halyk life» ӨСК 1 млрд теңгеге тең сыйлықақының мөлшерімен нарықтың 37,6%-ын алады. Шілде айының қорытындысы бойынша компаниялар әртүрлі жоспарлы динамиканы көрсетті: «Halyk life» ӨСК сыйлығы 42,2%-ға өсті, ал «Nomad Life» ӨСК сыйлығы 14,6%-ға қысқарды. Шілденің қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлерінің сыныбы өткен жылдың шілде айына қарағанда құлдырады. Сыйлықақы көлемі 30,4%-ға төмендеп, 1 млрд теңгеден 238,9 млн теңгеге дейін төмендеді. ӨСК жиынтық портфелінде өзге аннуитеттер сегменті 1,6 % иеленеді.
2019 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша жазатайым оқиғаны (ЖО) сақтандыру сыйлықақылары 21,2%-ға (жылдан жылға) жақсы динамиканы көрсетіп, 5 млрд теңгеге жетті. Үш ӨСК бірден ЖО сақтандыру бойынша сыйлықақыларды нарық өсуінің қарқынынан жоғары ұлғайтты. «Standard Life» ӨСК сыйлықақыларды 1143,4%-ға, ЕСК – 102,3%-ға, «Nomad Life» ӨСК – 93,5%-ға ұлғайтты. Сегменттің көшбасшысы – «Halyk life» ӨСК-ның сыйлықақылары 3,9%-ға ұлғайды. 2,9 млрд теңге көлеміндегі үлкен портфельі компанияға шілде айының қорытындысы бойынша ЖО сақтандыру бойынша нарықтық үлесті 58,4%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. ЖО («Halyk life» және ЕСК) сақтандыру бойынша екі ірі ӨСК үлесі 93,7% құрайды, алайда оның төмендеу үрдісі бар.
Ауру жағдайында сақтандыру (ЕМС) ӨСК жиынтық портфеліндегі позициясын жоғалтуды жалғастыруда. 2019 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша сыйлықақы төмендеп, 10,6 млн теңгені құрады (жылдан жылға).
Сегменттің көшбасшысы – «Standard Life» ӨСК, сыйлықақының көлемі 7,3 млн теңге, сыйлықаұыны 108%-ға ұлғайтты және ӨСК бөлінісінде ЕМС нарығының 69,5%-ын иеленіп отыр. Нарықтың 28,4%-ын алатын «Freedom Finance Life» ӨСК ізімен келе жатқан 6% сыйлықақыны ала алмады, оның ЕМС бойынша портфелі 3 млн теңгені құрайды. Шілде айының қорытындысы бойынша «Halyk life» ӨСК үшінші орында тұр, сыйлықақылары 99,4%-ға төмендеді. ӨСК 227 мың теңгені жинап, 2,14% нарықтық үлесіне ие болады.
Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру (ЖОМС) шілде айында өткен жылдың қорытындысы бойынша 12% сыйлықақы немесе 2,4 млрд теңгеге дейін өсірді. 2019 жылғы шілде айында ӨСК 19,8 млрд теңге жинақтады. ЖОМС бойынша сыйлықақыларын жинақтайтын үш ӨСК өз табысын ұлғайтты, ал екеуі – қысқартты.
Сыйлықақыларының мөлшері бойынша көшбасшы 6,7 млр теңгені жинақтаған «Nomad Life» ӨСК болды. ӨСК осы сегменттегі нарықтың үлесін 34%-ға ұлғайтты. Содан кейін 5,6 млрд теңгені жинақтаған «Halyk life» ӨСК тұр, алайда сыйлықақылар динамикасында 30,8%-дан айырылып отыр. ӨСК ЖОМС бойынша нарықтық үлесті 28,3%-ға дейін қысқартты.
Үшінші орында өткен айдағыдай «Standard Life» ӨСК орналасты. Компания 2,4 млрд теңге жинақтап, сыйлықақыларын 220,4%-ға ұлғайтты, оның ЖОМС бойынша нарықтық үлесі 12,5%-ға дейін төмендеді.
Сыйлықақылардың тұрақты және жоғары алымы ӨСК-ға активтерді және сақтандыру қорларды көбейтуге мүмкіндік береді. ӨСК активтері 2019 жылғы шілде айында (жылдан жылға) 25,%-ға 379,3 млрд теңгеге дейін өсті. Сақтандыру қорлары 29%-ға, 305 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Соның салдарынан ӨСК жиынтық бөлінбеген табысы 21,9%-ға, 11,8 млрд теңгеге дейін өсті. Пайданың ең жоғары көлемін «Nomad Life» ӨСК көрсете білді. Компанияның бөлінбеген пайдасы 4,2 млрд теңгені құрады. Екінші орында «Halyk life» ӨСК (3,7 млрд теңге), үшінші орында ЕСК (2,2 млрд теңге) орналасты. Шілденің қорытындылары бойынша барлық ӨСК сақтандыру қызметінің оң нәтижесін көрсетті.