Зейнетақы аннуитеті үлкен танымалдылыққа ие болуда. Сонымен, 2021 жылдың қорытындылары бойынша зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының түсімі бір жылда 82,1%-ға ұлғайып, рекордты 130 млрд теңгеге жетті. 2021 жылдың басына ӨСК-мен зейнетақы аннуитеті шарттарын 61 мың адам жасағаны белгілі. Сыйлықақылар түсімінің жылдық өсімін ескере отырып, сол жылдың аяғына олардың саны 100 мың адамнан асқанын болжауға болады.
Өз кезегінде, ағымдағы жылдың үш айында зейнетақы аннуитеті бойынша сақтандыру сыйлықақыларының түсімі 18 млрд теңгені құрады.
Еске салсақ: 2019 жылға дейін, осы өнімге сұраныстың көбеюі тіркелген кезде сыйлықақылар түсімі шамамен бір – төмен деңгейде болған. 2019 жылдан бастап айтарлықтай өсім халықтың қаржылық сауаттылығының артуымен, сондай-ақ сақтандыру нарығын масштабты цифландырумен және секторда заңнамалық нормалардың жеңілдетуімен байланысты.
Зейнетақы аннуитетіне сұраныстың ұлғаюы басқаларының ішінде азаматтардың ішкі және сыртқы шоктардың бірқатарына алаңдаушылығымен және ҚР экономикасында дағдарыс құбылыстарымен байланысты. Зейнетақылық аннуитеттік сақтандыру болашақта тұрақтылық кепілін береді.
2022 жылғы бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша 9 ӨСК арасында тек 7 компанияда ғана зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сыйлықақылар түсімі байқалуда.
Сыйлықақылар түсімі бойынша абсолютті көшбасшы - Nomad Life ӨСК. Ағымдағы жылдың үш айында мұнда зейнетақы аннуитеті бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 6,5 млрд теңгеге жетті, ол бүткіл нарықтың 36%-ын құрайды. Еске салайық: 2021 жылдың қорытындылары бойынша бұл компания сонымен қатар, сегмент көшбасшысы болған. Маңыздысы: Nomad Life-тің тұрақтылығы мен сенімділігі «үлкен үштіктен» S&P Global Ratings халықаралық агенттігінен — «ВВ+» «Тұрақты» болжаммен жоғары рейтингімен расталады.
Екінші орынға «Халық-Life» ӨСК орналасты: 5,2 млрд теңге, немесе нарықтың 29%-ы. ТОП-3-ті Freedom Finance Life аяқтайды, бұл жерде сыйлықақылар сомасы 3,1 млрд теңгені құрады.
Көшбасшы – компаниялардың үштігі бүткіл зейнетақылық аннуитеттік сақтандыру нарығының 82%-ын шоғырлайды.
Қазақстандықтар үшін сектордың жақсы жаңалығы елде зейнетақы аннуитетінің құны айтарлықтай төмендегені болды.
Егер 2020 жылы зейнетақы аннуитетін жасау үшін жеткіліктілік сомасы ерлерге 55 жаста 11,3 млн теңгені, ал әйелдер үшін 51,5 жаста – 15,5 млн теңгені құраса, ал ағымдағы жылы 55 жастағы ерлер аннуитетті 6,7 млн теңгеге, 52 жастағы әйелдер – 9 млн теңгеге ала алады.
Бұл қаржы өнімінің барлық артықшылықтарын ескере отырып, зейнетақы аннуитеті өз алдына БЖЗҚ салымшысына жеткілікті жас әрі еңбекке қабілетті кезде зейнетақы төлемдерінің ұқсас көзін қалыптастыруға және еңбекке қабілетсіз жаста өзіне тұрақты табысты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, зейнетақы жоспары болып табылатынын айтуға болады.
Бұдан бөлек, қазір Қазақстанда зейнетақы аннуитетіне қатысты бірнеше маңызды мәселелер қаралуда. Сонымен, мәжілісте зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткіліктілік шегінен асатын, ӨСК-ден қаражатты БЖЗҚ-ға қайтаруды жүзеге асыру ұсынылатын заң жобасы қаралуда.
Сонымен қатар, зейнетақы аннуитеті өнімдерінің желісін кеңейту мақсатында зейнетақы аннуитеті шартына бір адамның емес, ерлі-зайыптының (жақын туыстардың) қатысуын білдіретін, бірлескен аннуитеттерді енгізу жоспарлануда. Бірлескен аннуитет ерлі-зайыптылардың (жақын туыстардың) зейнетақы жинақтарын біріктіруге және аннуитет шарты бойынша табыстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер ерлі-зайыптының біреуінде ӨСК-де аннуитетті сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал екіншісінде артығымен болса, онда бірлескен зейнетақы аннуитеті арқылы олардың екеуіне де өмір бойылық төлемдер қамтамасыз етіледі.
Мұндай жаңалықтар зейнетақы аннуитеті нарығына дамудың жаңа импульсін береді және оны одан әрі неғұрлым тартымды етеді.
Дереккөзі: http://finprom.kz/ru/article/pensiya-s-52-let-i-prochie-interesnye-vozmozhnosti-kak-rabotaet-v-kazahstane-pensionnyj-annuitet
Сурет ашық дереккөздерден