bs-preloader__icon
ru kz en

ҚР сақтандыру нарығы: күздің басындағы өсу

Тамыз айында нарық жиынтық пайда (бөлінбеген табыс) көрсеткіші бойынша қарқынды түрде – 29,3%-ға 70,7 млрд теңгеге өсті. Бұл соманың жартысын «Евразия» СК (тамыз айындағы 42,7% өсуімен 34,1 млрд теңге) тапты. Екінші орынға мұнда «Виктория» СК (23,7% 5,9 млрд. теңгеге дейін) ие болды, үшінші орынды «НОМАД LIFE» (34,2% до 5,2 млрд. теңгеге дейін) иеленді.
ҚР сақтандыру нарығы: күздің басындағы өсу

Қазақстандық сақтандыру нарығы активтерінің жиынтық көлемі тамыз айында 1%-ға 995,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, абсолюттік белгілеуде – 9,7 млрд теңгеге өсті. Бір қатар бірігулерден кейін нарықта үлкен өзгерістер болды. Мысалы,  «Казкоммерц-Полис» компаниясы «Халық-Қазахинстрах» компаниясына қосылды (Қазақстан Халық банкімен қадағаланады), соның нәтижесінде біріктірілген компанияда тамызда активтер 1,6 есе 91,8 млрд теңгеге дейін, абсолюттік белгілеуде – 34,7 млрд теңгеге дейін өсті.

«Халық банкінің» тобына өмірді сақтандыру бойынша екі компания кіретіндігін атап кеткен жөн. Бұл «Халык-Life» (активтер 5,8%-ға 76,3 млрд. теңгеге дейін өсті) және «Казкоммерц-Life» (0,5%  63,9 млрд. теңгеге дейін), олар тамыз айының ортасында 13.08.2018 ж. «Қазақстан Халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мәжілісінде «Казкоммерц-Life» АҚ-ның «Халык-Life» АҚ-ға қосылу туралы шешім қабылдағандығы жайында хабарлады.

Компаниялардың қайта ұйымдастырылуы ҚР Ұлттық Банкінен рұқсат алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылатын болады. Сол себептен «Халық банкі» қадағалайтын сақтандыру компаниялары активтерінің жалпы сомасы айтарлықтай өсті.

Жинаған сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері бойынша бірінші орын «Евразия» СК-да – 53,1 млрд теңге 8,5%-ға өсуімен. Екінші орында бұл көрсеткіш бойынша «Халык-Life» (23,5% 34,1 млрд теңгеге дейін) орналасты. Үшінші орынға «Халық-Қазахинстрах» (6,1% 29,0 млрд. теңгеге дейін) иеленді

Жиналған сыйлықақылардың үлкен көлемдері 1 қыркүйекте тағы бір қатар компанияларда тіркелген. Бұлар «Қазахмыс» (20,6 млрд. теңге), «НОМАД LIFE» (18,7 млрд теңге), «Номад Иншуранс» (15,1 млрд. теңге) және «Еуропалық сақтандыру компаниясы» (10,4 млрд теңге). Жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі тамыз айында 7,5%-ға 263,5 млрд теңгеге дейін өсті.

«Евразия» СК-да сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға шығындар жаздың соңғы айы ішінде 7,5%-ға 20,1 млрд теңгеге дейін өсті, екінші орынға ие болған «Халық-Қазахинстрах» 17,8%-ға 5,2 млрд. теңгеге дейін, ал үшінші орынға «НОМАД LIFE» ӨСК» - 3, 4 млрд. теңге, 14%-ға өсуімен иеленді.

Сонымен қатар сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері тамызда жиналған сыйлықақыларына қарағанда өсу қарқыны едәуір бәсеңдеді – 6,5%-ға 62 млрд. теңгеге дейін.

Сақтандыру секторының жиынтық өзіндік капиталы 3,8%-ға 463,4 млрд. теңгеге дейін, абсолюттік белгілеуінде – 17,2 млрд. теңгеге дейін артты.

«Евразия» СК-да тамыз айында бұл көрсеткіш 142,7 млрд. теңгені құрады. Екінші орында – «Виктория» сақтандыру компаниясы (81,0 млрд. теңге), үшінші орында – «Халық-Қазахинстрах» (46,2 млрд. теңге) орналасты.

Фотосурет www.elicebergdemadrid.com сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ұлттық банк алаяқтық туралы ескертті
Ұлттық банк алаяқтық туралы ескертті

Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтықтың жиілеп кет...

Қазақстандықтар бір жылда сапарларға қанша ақша жұмсады
Қазақстандықтар бір жылда сапарларға қанша ақша жұмсады

Қазақстандықтар қай жаста басқа елдерге жиі б...

Ипотеканы сақтандыру арқылы ипотеканы қалай тез төлеуге болады
Ипотеканы сақтандыру арқылы ипотеканы қалай тез төлеуге болады

Ипотека бойынша өмірді сақтандыру міндетті са...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру