bs-preloader__icon
ru kz
✕

Мүгедектікті белгілеу бойынша 30 мыңнан астам өтінім сырттай қаралды

2022 жылдың басынан мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру аясында шамамен Қазақстанның барлық өңірлерінен 31,9 мың өтінім қаралды. Қазіргі таңда жобаға 599 медициналық ұйым қосылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның барлық өңірлерінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жоба іске асырылуда.
Мүгедектікті белгілеу бойынша 30 мыңнан астам өтінім сырттай қаралды

Мүгедектік тобын анықтау бойынша қызмет алу үшін өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексеруден өтуі қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

2022 жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 696,8 мың немесе халықтың жалпы санынан 7,5% мүгедек, оның ішінде еңбекке қабілетті жаста 419 мың адам тұрады.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанда өлім-жітім төмендеді
Қазақстанда өлім-жітім төмендеді

Биылғы қаңтар–қыркүйек айларының қорытындыс...

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бір жылда 4,11 трлн теңгеге өсті
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бір жылда 4,11 трлн теңгеге өсті

2025 жылдың бірінші мамырындағы жағдай бойынша ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру