bs-preloader__icon
ru kz

ҚР төлем балансының ағымдағы шоты дефицитпен қалыптасты

Төлем балансының ағымдағы шоты дефицитпен қалыптасты және 2019 жылдың 9 айында 5,1 млрд АҚШ доллары дефицитімен салыстырғанда 4,1 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды бірінші деңгейдегі банктің баспасөз қызметі.
ҚР төлем балансының ағымдағы шоты дефицитпен қалыптасты

Есеп беру кезеңінде тауарлардың экспорты 2019 жылдың 9 айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 18,2%-ға 35,3 млрд АҚШ долларына дейін қысқарды. Экспорттың қысқаруы мұнай мен газ конденсаты экспортының төмендеуімен байланысты. Тауарлар импорты 9,6%-ға 26,4 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді. Оның төмендеуі инвестициялық және аралық тауарларды әкелудің қысқаруына байланысты. Нәтижесінде сауда балансының оң сальдосы 36,0%-ға азайды және 9,0 млрд АҚШ долларын құрады.

2020 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша мұнай бағасының төмендеуінің және COVID-19 пандемиясының әсерінен тікелей шетелдік инвесторларға төленетін кіріс 10,2 млрд АҚШ долларына дейін 36,8%-ға төмендеді. Кірістердің төмендеуі ағымдағы шоттың одан әрі нашарлауын тежеді.

Қаржы шоты бойынша капиталдың таза әкелінуі (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) 2020 жылғы 9 айда 9,3 млрд АҚШ долларын құрады, 2019 жылғы 9 айдағы таза әкетілу 2,3 млрд АҚШ долларын құрады. Әкеліну, негізінен «Тенгизшевройл» ЖШС-ның болашақта кеңейтілетін жобасын іске асыруды қаржыландыруды жалғастырумен, ҚР Қаржы Министрлігінің тәуелсіз облигацияларды орналастыруымен және ҚР Ұлттық қорының операцияларымен қамтамасыз етілді.

Резервтік активтер (ҚР Ұлттық қорының активтерін есептемегенде) 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 33,8 млрд АҚШ долларына бағаланды, бұл қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импортының 8,7 айын қаржыландыру қажеттілігін өтейді.

Дереккөзі: https://www.nationalbank.kz/ru/news/informacionnye-soobshcheniya/10548

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Экстремалды аттракциондар адамдарды қуантады- дейді ғалымдар
Экстремалды аттракциондар адамдарды қуантады- дейді ғалымдар

Питтсбург Университетінің когнитивті невроло...

Ұлыбританияда Канаданың Sun Life өмірді сақтандырушысы өз бизнесін сатты
Ұлыбританияда Канаданың Sun Life өмірді сақтандырушысы өз бизнесін сатты

Sun Life, Ұлыбританияда 12 млн-нан астам клиенттері...

Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай өзгерді
Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай өзгерді

Қазақстанның зейнетақы жүйесі бір орында тұрм...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру