Жазатайым оқиғалардағы жарақаттардың негізгі түрлері жабық сынықтар (611 адам), үстірт жарақаттар (507 адам), шайқалу жарақаттары және ішкі ағзалардың жарақаттары (276 адам), ашық сынықтар (138 адам), термиялық күйіктер (102 адам) болды.
Жарақаттанудың ең жоғары көрсеткіші Қарағанды облысында сақталып отыр. 2023 жылы аталған аймақта 496 жағдай тіркелді, бұл жағдайлардың жалпы санының 18,6% құрайды. Екінші орында-Ұлытау облысы, онда өндірісте 408 адам жарақат алды (жағдайлардың жалпы санының 15,3%).
Қызмет түрі бойынша өңдеу (жағдайлардың 34,1%) және тау-кен өнеркәсібі (20,5%), сондай-ақ құрылыс (14,1%) салалары аса жарақаттану қаупі бар болып қала береді.
Есепті жылы ең көп таралған кәсіптік аурулар: дорсалгия-спецификалық емес арқа ауруы (414 адам); құрамында кремний бар шаңнан туындаған пневмокониоз (136 адам).
Ашық дереккөздерден алынған сурет