bs-preloader__icon
ru kz

ҚНРДА-да сақтандыру заңнамасының өзгертулері туралы айтты

Шілдеде президент сақтандыру нарығын реттейтін кейбір заңнамалық актілерге түзетулерге қол қойды.
ҚНРДА-да сақтандыру заңнамасының өзгертулері туралы айтты

Маңызды жаңалықтардың ішінде өмірді сақтандырудың жаңа, әлеуметтік маңызы бар өнімдерін енгізу, сақтандыру саласын одан әрі цифрландыру, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесін дамыту және сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетігін жетілдіру бар.

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдігімен өтелетін сақтандыру сыныптары тізбесінің ұлғайтылуы сақтанушылар үшін маңызды жаңалық болып табылады. Қордың кепілдігі сақтандырудың барлық міндетті және әлеуметтік маңызды сыныптарына, оның ішінде бірлескен зейнетақы аннуитеттері мен МБЖЖ шеңберінде өмірді сақтандыруға да қолданылатын болады. Егер қазіргі уақытта Қордың кепілдігі сақтандырудың тек 5 түрін қамтыса, Заң күшіне енгеннен кейін сақтандырудың кепілді түрлерінің саны 10-ға дейін, яғни екі есеге артады», - деп атап өтті ҚНРДА Сақтандыру нарығын дамыту басқармасының бастығы Сағи Әжібек.

Қордың кепілдігі сақтандыру ұйымы таратылған жағдайда, оның клиенттерінің алдындағы міндеттемелері бойынша осы ұйым жауап беретінін білдіреді. Банктік депозиттер бойынша осыған ұқсас функцияларды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жүзеге асырады.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Нарықтың құлдырауы ұзаққа созылмайды – сарапшылар
Нарықтың құлдырауы ұзаққа созылмайды – сарапшылар

Нарық қатысушыларының айтуынша, коронавирус п...

Қазақстандықтар жазатайым оқиғалардан қандай сомаға сақтандырылды
Қазақстандықтар жазатайым оқиғалардан қандай сомаға сақтандырылды

2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында ерікті жеке с...

Шетелде өмірді сақтандыруды іс жүзінде пайдалану
Шетелде өмірді сақтандыруды іс жүзінде пайдалану

Сіз сақтандыру компаниясын және сәйкес өмірді...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру