Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамның оны мерзімінен бұрын бұзуға құқығы бар ма? ӨСК шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда барлық жинақ сомасын қолға алуға бола ма?
Шартты жасасқан адам оны жасасқан күннен бастап 2 жыл ішінде шартты бұзуға құқылы емес. Шартты мерзімінен бұрын бұзу басқа сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу шартымен мүмкін.
Мерзімімен бұрын бұзу кезінде Сақтандырушы Сақтанушының берешегін шегерумен сатып алу сомасын жаңа Зейнетақы аннуитеті шартында аталған сақтандыру ұйымына аударуға міндетті. Зейнетақы аннуитеті шартын мерзімінен бұрын бұзған кезде онымен көзделген сатып алу сомасы жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін және Сақтандырушының істі жүргізуге сақтандыру сыйлықақысының сомасынан 3 % мөлшеріндегі шығындары сомасын шегерумен төленген сақтандыру сыйлықақысының сомасынан кем болмауы тиіс. Осылайша, Зейнетақы аннуитеті шартын мерзімінен бұрын бұзу тек Сақтанушы басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ғана мүмкін. Бұл ретте, Сақтанушы ақшаны қолына алмайды.
Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерінің төлемдерді алуы мүмкін бе?
Егер Сақтанушы Шартпен көзделген кепілді сақтандыру төлемдерін толық көлемде алмаса не мүлдем алмаса, Сақтанушы қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерінің Сақтандырушымен төленбеген кепілді сақтандыру төлемдерін алуға құқығы бар.
Анықтама
Зейнетақы аннуитетi шарты - сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) соған сәйкес сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын беруге мiндеттенетін, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерiн алушының) пайдасына өмiр бойы немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттенетін сақтандыру шарты.
Сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы.
Ең төмен зейнетақы - республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерi
Зейнетақы жинақтары - шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерiктi зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынатын ақшасы.