bs-preloader__icon
ru kz
✕

"Asia Life" ӨСК» АҚ-да жаңа тағайындау

Компания төрағасының орынбасары қызметіне Кудайбергенова Елена Алексеевна тағайындалды, деп kase.kz хабарлайды.
"Asia Life" ӨСК» АҚ-да жаңа тағайындау

"Asia Life" ӨСК» АҚ компаниясының ресми хабарламасында тағайындау туралы шешім Директорлар кеңесімен осы жылдың 14 қыркүйекте қабылданды деп көрсетілді.

Бүгінгі таңда компанияның басқарма төрағасы Ердесов Азамат Джансултанович болып табылатындығын айта кету жөн. "Asia Life" басқарма құрамына жаңа мүшесі Елена Кудайбергеновадан басқа, басқарма төрағасының бұрынғы орынбасарлары Руслан Медетов және Айман Мухтыбаева да кіреді.

Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы – Тимур Турлов, ол сондай-ақ, «Фридом Финанс» ИК компаниясының бас директоры болып табылады. «Фридом Финанс» компаниясының ffin.kz ресми сайтында Елена Кудайбергенова бұрын «Фридом Финанс» ИК Өңірлік желісімен жұмысы жөніндегі департаментінің директоры болғаны хабарланды.

«Азия Life» компаниясы Ұлттық банктен өмірді сақтандыру бойынша қызметін жүзеге асыруға құқығын беретін мемлекеттік лицензияны 2015 жылғы 30 қаңтарда алды.

Дереккөзі: http://kase.kz/files/emitters/ASLF/aslf_board_changes_140918_2049.pdf,

https://ffin.kz/about/team

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Неліктен қарт адамдарға өмірді қосымша сақтандыру қажет
Неліктен қарт адамдарға өмірді қосымша сақтандыру қажет

Зейнетақы аннуитеттері егде жастағы адамдар ү...

Өмірді сақтандыру полисін сатып алу алдында қойылатын сұрақтар
Өмірді сақтандыру полисін сатып алу алдында қойылатын сұрақтар

Өмірді сақтандыру жөніндегі агенттердің жұмы...

Интернеттегі алаяқтықтан қалай аулақ болуға болады
Интернеттегі алаяқтықтан қалай аулақ болуға болады

Интернет-сауданың дамуымен алаяқтар сенімді с...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру