bs-preloader__icon
ru kz
✕

ҚР-да Қарағанды және Қостанай облыстарында топтық жазатайым оқиғаларға тергеу жүргізілуде

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Қарағанды және Қостанай облыстары бойынша аумақтық департаменттері өңірлерде болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеу үшін арнайы комиссиялар құрды, соның салдарынан алты адам қаза тапты. Тергеу нәтижесінде болған қайғылы оқиғалардың мән-жайы мен себептері анықталатын болады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
ҚР-да Қарағанды және Қостанай облыстарында топтық жазатайым оқиғаларға тергеу жүргізілуде

Бесінші қазанда "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Саяқ" кенішінің аумағында - "Балқашцветмет" ӨБ тау-кен шебері Игембаев, шпур бұрғылаушы Зекей және бұрғылаушының көмекшісі Тұрыспаев белгісіз газбен уланған. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, Зекей ауруханаға жіберілді.

Жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін тексеру үшін Қарағанды облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторының төрағалығымен комиссия құрылды.

Алтыншы қазанда Рудныйда, "Imperial Agro Group" ЖШС жалға алған диірмен кешенінің аумағында ұн бункерінен төрт адамның: Бошыков, Утегенов, Калауов пен Шакиртаевтың мәйіттері табылды.

Компания басшысының ақпараты бойынша, Бошықов іске қосу-реттеу жұмыстары бойынша технолог ретінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметтер көрсетті. ЖШС директоры басқа қаза тапқандарды білмейді.

Болған оқиғаның барлық мән жайларын анықтау және аталған азаматтармен еңбек қатынастарының болуын немесе болмауын анықтау үшін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті комиссия құрды.

Ашық дереккөзден алынған сурет

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмір сақтандыру полисін қалай таңдауға болады
Өмір сақтандыру полисін қалай таңдауға болады

MIB Life Index деректеріне сәйкес, 2020 жылдың бірінші ...

Болашақ зейнеткерлер үшін микросақтандыру қаншалықты тиімді
Болашақ зейнеткерлер үшін микросақтандыру қаншалықты тиімді

Бүгінде 500 млн адам микросақтандыру қызметіме...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру