bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді не үшін сақтандыру қажет?

Өзіне және ертеңгі күніне деген сенімділікке өз өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті толықтай өзіне қабылдап қана, ие бола алады, деп Алматы тұрғыны Сәуле Ынтықбаева есептейді. Өмірді жинақтаушы сақтандыруды таңдап алып, өзінді және өз жақындарын тағдырдың тәлкегінен қауіпсіздендіруге болады. Сонымен қатар сақтандырудың бұл түрі сіз ақшаны депозитке салғандай, жинақтауға және көбейтуге мүмкіндік береді.
Өмірді не үшін сақтандыру қажет?

 - Мен жыл сайын өмірді сақтандыру шартын жасаймын, – дейді Сәуле Ынтықбаева өзінің Facebook парақшасында. - Мен фаталистпін. Менде мерзімді сақтандыру бар. Сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру да болады. Сіз 20 жылға өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасадыңыз дерлік. Жыл сайын сіз сақтандыру компаниясына 100 000 теңге төлеп тұрасыз. 20 жылдан кейін 2 000 000 теңгені және пайыздарды алып, ол ақшаны балалардың оқуына немесе басқа мақсаттарға жұмсауға болады. Өмірді мерзімді сақтандыру шартын жасасып, сіз жыл сайын 15 000 теңге төлейсіз. 20 жылдан кейін сіз ештеңеге қол жеткізбейсіз. Бірақ егер сақтандыру жағдайы басталған кезде, шартта сақтандыру сомасы көрсетілген болса, сізге және сіздің отбасыңызға 2 000 000 теңге төленетін болады.

Сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру компаниялары ақшаны төлейтініне қандай кепілдіктер бар?

Қазақстанның Ұлттық Банкі Халықаралық сақтандыру қадағалау органдарының ассоциациясының (IAIS) құрамына кіреді. Бұл Ұлттық Банк сақтандыру компанияларының қызметін қадағалап отыратынын білдіреді. Заң бойынша әрбір сақтандыру компаниясы басқа сақтандыру компаниясынан өз тәуекелдерін өтеуге міндетті, көп жағдайларда бұл халықаралық рейтингісі жоғары шетелдік сақтандыру компаниясы болып табылады. бір сақтандырушы басқа сақтандырушының көмегімен қайта сақтандырылады. Осылайша, мерзімді және жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандыру сомасы барлық сақтандырылған тұлғаларға кепілдендірілген түрде төленеді.

Жастарға арналған сақтандыру

Әдетте жастар өмірді сақтандыру туралы ойланбайды, ал бұл әр түрлі мақсаттарға ақшаны жинауға және жарақаттанған жағдайда мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасасу кезінде сіз жас болсаңыз, жарналар аздау болып, мерзімі аяқталғанда сіз қомақты соманы аласыз.

Ең жағымсыз сценарий

Егер сақтандырылған тұлға қайтыс болса, оның мұрагерлері ол қанша жарнаны жасап үлгергеніне қарамастан, 30 күн ішінде бүкіл сақтандыру сомасын ала алады. Сонымен қатар шартта жазатайым оқиға нәтижесінде, мысалы, жарақаттану жағдайында қосымша сақтандыру өтемақысын көрсетуге болады. Мұндай жағдайда сақтандыру төлемі түпкілікті сомадан пайызбен қайта есептелетін болады.

Қосымша пайда

Заңға енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес өмірді жинақтаушы сақтандыру полистерін салық жүктемесі бойынша депозиттерге теңдестірді. Сондықтан полистен түскен табысты алу кезінде сізден қосымша салық төлемдерін талап етпейді.

Сонымен қатар сіздің ақшаңыз салымның құпиясымен қорғалды және жариялануға жатпайды. Оларды тәркілеуге болмайды, сондай-ақ өмірді жинақтаушы сақтандыру сыйлықақылары мүліктік даулар кезінде үшінші тұлғалардың наразылығынан қорғалған, оларға тыйым салынбайды, жұбайлар арасында бөлінбейді, мағлұмдауға жатпайды. Бұл ретте сіз ол ақшаны жинақтайсыз және белгілі біо мақсаттар үшін көбейтесіз. Сіздің жинақтарыңызға салық салынбайды.

Бүкіл мерзім ішінде сіз салған ақша мен пайыздар қолайсыз жағдайлар орын алғанда, оның ішінде сіз қайтыс болғанда, сіз өзіңіз белгілеп қойған мұрагерлер арасында оны алдын ала бөле аласыз.

Сонымен қатар көптеген өмірді сақтандыру компаниялары қазіргі кезде полистің кепіліне төменгі мөлшерлемемен теңгемен несиені алу мүмкіндігін ұсынады.

Сонымен қатар инвестициялардың жақсы дереккөзінен басқа сіз бүкіл әлемде 24/7 сағт бойы әрекет ететін өмірді сақтандыру арқылы қорғауды ала аласыз. Және ол полисті алғаннан кейін бірінші күннен бастап әрекет етуді бастайды.

Есте сақтау маңызды:

Өмірді жинақтаушы сақтандыру ұзақ мерзімге салымдарды көздейді. Егер сіз шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы шешім қабылдасаңыз, сіз өзіңіздің салған ақшаңызды бір жылдың ішінде қайтара аласыз, ал пайданы келісімшарттың үш жылынан кейін ала аласыз.

Өмірді жинақтаушы сақтандырудың табыстылығы – 3-5%. Қазір өмірді сақтандырудың қазақстандық нарығында табыстылығы АҚШ долларында долларлық депозиттерге қарағанда, жоғары өнімдер пайда болды. Осылайша, егер банктерде депозит бойынша шетелдік валютада орташа есеппен 0,5-1% құраса, онда өмірді жинақтаушы сақтандыру – 3,26%-ға дейін. Шарттың әрекет ету мерзімі 3 жылдан жоғары. Мөлшерлеме шарттың әрекет етуінің бүкіл мерзіміне белгіленеді. Мерзім жоғары болған сайын осы құрал бойынша табыстылық жоғары болады. Қаржы нарығында ешбір өзгерістер сақтандыру полисімен кепілдендірілген табыстылыққа әсер етпейді.

Осылайша, өмірді жинақтаушы сақтандыру өз болашағын және қаржылық жоспарлаудың маңыздылығын ойлайтын бүкіл адамдарға қаржы құралы ретінде қарастыруға болады. Бұл маңызды оқиғаға ақшаны жинақтауға немесе отбасын қиын жағдайлардан қорғай отырып, зейнетте өзіне қосымша табысты жасауға мүмкіндік береді.

Дереккөзі: http://www.fingramota.kz/insurance/life-insurance/?fbclid=IwAR3AoXujDzwgcKCpMKdxP6b8iWdP3RwGsn5u3WUf8rkyiohRd--teQVYtJ8

https://web.facebook.com/photo.php?fbid=10214234410356605&set=a.10213995881153524&type=3&theater

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру