Егер Сіз бұл мақаланы оқысаңыз, мұндай ойлар ойыңызға келген шығар. Сондықтан біз осы тақырыппен айналысуды жөн көрдік. Өмірді сақтандыру полистері неден қорғайды, олардың қандай тәуекелдерді жабатынын білу өте маңызды. Nomad Life өмірді сақтандыру полистерінің көмегімен жағдайды анықтап көрейік.
COVID-19 өмірді сақтандыру полистерімен өтеледі ме?
Өмірді сақтандыру полисіне коронавируспен сырқаттану қаупі енгізіле ме деген адамдарды алаңдататын бірінші және басты мәселе. «Әрине қосылған! Егер клиенттің полисі болса және ол осы аурудан қайтыс болса, бенефициарлар төлем алады. Пандемиядан неғұрлым зардап шеккен елдерге адам барса да төлемдер жүзеге асырылуы тиіс», - деп «Nomad Life» басқарма төрағасының орынбасары Мәди Шалғымбаев түсіндіреді.
Шетелде сақтандырушылар саяхат әуесқойларымен ерекше талаптармен шарттар жасасады, кейде ӨСК адамдардан коронавирусқа теріс тест, бірнеше ай карантинде болғанын растайтын құжатты беруді талап етеді немесе төлемдерге кепілдік беретін құжаттардан COVID-19 мүлдем алып тастайды. «Қазақстанда мұндай саралау жоқ. Біріншіден, біздің елде науқас адамдардың саны аз; екіншіден, бұл кемсітушілік», - деп көрсетеді спикер.
Полистің құны өседі ме?
«Өмірді сақтандыру құны өзгермейді. Оған пандемия немесе әлемдік нарықтардың құбылмалылығы әсер ете алмайды, себебі клиенттердің барлық салымдары хеджирленеді, ал тәуекелдер тек сақтандыру компаниясымен ғана емес, қайта сақтандырушымен де ескеріледі. Мысалы, біз Hannover Re ең ірі еуропалық қайта сақтандыру қоғамымен жұмыс жасаймыз», - дейді Мәди Шалғымбаев.
Алайда, егер Сіз полисті тек коронавирустан сатып алуды жоспарласаңыз, онда мұндай қорғау бір ғана аурудан қорғайтынын және өмірді сақтандырудың қарапайым полисі көздейтін барлық тәуекелдерді қамтымайтынын ескеріңіз.
Сапарлар сақтандыру құнына әсер етуі мүмкін бе?
АҚШ-тағы сақтандырушылар өз клиенттерінен барлық халықаралық ұшулар туралы хабарлауды талап етеді. Қазақстанда да бұл талап жоқ. «Біздің өмірді сақтандыру полистері тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, әлемнің кез келген жерінде жұмыс істейді. Nomad Life философиясы - бұл біздің клиенттеріміздің жайлылығы, сенімділігі», - дейді әңгімелесуші.
Пандемия кезінде өмірді сақтандыру полисін сатып алу
Енгізілген карантин кезеңінде коронавирустық инфекцияны таратпау мақсатында Nomad Life өз клиенттерінен компанияның барлық кеңселеріне аса қажеттіліксіз жеке барудан уақытша бас тартуды, мүмкіндігінше өзара іс-қимылдың қашықтықтан жасалған тәсілдерін пайдалануды сұрайды (Компанияның info@nomadlife.kz электронды поштасы, Компаниияның 3260 колл-орталығы арқылы).
«Біз клиенттерге жаңа талаптар енгізген жоқпыз. Алдын ала жазылғаннан кейін біз әлеуетті клиентке медициналық сауалнама жібереміз. Барлық рәсімділікті орындағаннан кейін шарт жасаймыз», - деп іс-әрекеттердің алгоритмі туралы «Nomad Life» басқарма төрағасының орынбасары баяндады.
Сұхбаттасушының айтуынша, сақтандыру полистері әртүрлі әлеуметтік мәртебесі бар адамдарға қажет, сондықтан түрлі өнімдер, соның ішінде қолжетімді бағамен де бар.
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды